Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков летом 2003 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балалардың және жасөспірімдердің 2003 жылдың жазында демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 12.05.2004 № 120 қаулысымен. Балалардың және жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын, олардың шығармашылық дамуын ұйымдастыру, сондай-ақ 2003 жылдың жазғы кезеңінде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының, қылмысының және қараусыз қалуларының алдын алу үшін қажетті жағдайлар туғызу мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балалардың және жасөспірімдердің 2003 жылдың жазында демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссия құрылсын (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстың қалаларының және аудандарының әкімияттары:
Тармақша 1
1) облыстың қалаларында және аудандарында осы сияқты комиссиялар құрсын;
Тармақша 2
2) барлық үлгідегі лагерлердің олардың материалдық-техникалық базасының нығайтылуына ерекше назар аудара отырып уақытында даярлануы жөніндегі ұйымдастыру ісын жүргізсін;
Тармақша 3
3) жетім балалардың, біреудің бағып күтуіндегі және қамқорлығындағы балалардың, аз қамтылған отбасы балаларының (кіріс бір адамға 2 есептік көрсеткіштен аспайтын), көп балалы отбасы балаларының (3 баладан астам), жұмыссыздар отбасы балаларының, ата-анасының біреуі тәрбиелеп жатқан балалардың, денсаулығы нашар балалардың ( аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан созылмалы тәндік аурулармен ауыратын), дарынды балалардың (олимпиада резерві мектептерінің) демалысының жөне сауықтырылуының ұйымдастырылуына қаржы қаражаттарын қарастыруға және кәсіпорындар мен ұйымдардың жүмыс істеп түрған санаторий- профилакторийлерімен келісім бойынша олардың базасында жоғарыда атап өтілген санаттардагы балалардың сауықтырылуын ұйыдастыруға ұсыныс жасалсын;
Тармақша 4
4) жазғы сауықтыру кезеңін өткізуге даярлықтың барысы туралы 2003 жылғы 20 мамырға облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөліміне ақпарат берсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облысының білім департаменті (Қ.А. Қаткенов):
Тармақша 1
1) балалардың 2003 жылдың жазында демалысына және сауықтырылуына бөлінген трансферттерді бөлсін (2-қосымша);
Тармақша 2
2) Меңдіқара ауданының «Лесная сказка» сауықтыру лагерінің базасында «Ровесник» педагогикалық отрядының күшімен мектеп активін оқыту және әртүрлі санаттағы балаларды сауықтыру үшін қала сыртында облысаралық сауықтыру лагерінің жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) жоғарғы оқу орындарымен, қала сыртында сауықтыру лагерлері бар кәсіпорындар және ұйымдар басшыларымен келісім бойынша қолданылып жүрген еңбек заңнамаларына сәйкес лагерлерді тәрбиеші, вожатый кадрлармен және басқа қызметкерлермен толықтырсын;
Тармақша 4
4) облыстың жалпы білім беретін мектептерінің жанынан күндіз болатын және тамақтанатын балалардың сауықтыру лагерлерін құрсын;
Тармақша 5
5) балалар және жастар ұйымдары қауымдастығымен және кәсіподақтардың облыстық кеңесімен келісім бойынша балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде міндетті түрде нұсқаулық беретін сауықтру лагерлерінің басшыларының және аға вожатыйларының оқуын өткізсін;
Тармақша 6
6) балалар үйлері мен мектеп-интернаттарда тәрбиеленуші балалардың сауықтырылуы және демалуы үшін «Юный строитель», «Алау» сауықтыру лагерлерінің дайындығын және "Колос" лагерін ашуды.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (О.А. Киколенко) 16-дан 18 жасқа дейінгі жұмыссыз жастардың қоғамдық жұмыстармен барынша қамтылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов), облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (В.П. Пасечннк) барлық үлгідегі жазғы сауықтыру мекемелерінің даярлық барысына қатаң санитарлық-гигиеналық бақылау орнатсын.
Тармақ 6
6. Қостанай облыстық суда құтқару қызметінің орталығы (А.Х. Маманов) балалардың сауықтыру ұйымдарында балалардың суға түсу қауіпсіздігі үшін бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қостанай облыстық ішкі істер бас басқармасы (Н.М. Дейхин) балаларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етсін және сауықтыру лагерлерінде, еңбек және демалыс лагерлерінде қоғамдық тәртіптің сақталуына көмек көрсетсін.
Тармақ 8
8. Балалар мен жасөспірімдердің 2003 жылдың жазында демалуын, сауықтырылуын еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар 2003 жылғы 25 мамырдан 10 маусымға дейін мүдделі ведомстволардың мамандарын тарта отырып, балаларды сауықтыру мекемелерінің жұмысқа даярлығының байқауы мен қабылдауын өткізсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.
Басқа 20. Балалардың және жасөспірімдердің 2003 жылдың жазында демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 67 қаулысына 1-қосымша Балалардың және жасөспірімдердің 2003 жылдың жазында демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы Баймағамбетова Бағила Бірмағамбетқызы – Қостанай облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Ертаева Балбөпе Ғалымжанқызы - Қостанай облыстық кәсіподақтар одағы кеңесінің төрайымы, төрайымның орынбасары (келісім бойынша) Қаткенов Құсайын Амангелдіұлы - Қостанай облысы білім департаментінің директоры, төрайымның орынбасары Құдайқұлова Гүлвира Жәзитқызы - Қостанай облысы әкімі аппараты әлеуметтік бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Байменова Зәуре Әнуарбекқызы - Қостанай облысы білім департаментінің бас маманы Бақов Ерік Тұрсынбекұлы - Қостанай облысы өртке қарсы мемлекеттік қызмет басқармасы бастығының орынбасары Головко Владимир Иванович - Қостанай облысы ІІББ бастығының орынбасары Дудник Елена Владимировна - Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Колесник Василий Николаевич - білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Скарбовийчук Вера Пантелеевна - Қостанай облысы қаржы департаменті директорының орынбасары Суханова Хадиша Ақынтайқызы - Қостанай облыстық мемсанқадағалау басқармасы балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің меңгерушісі Шайкенов Амангелді Бидәулетұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)
Басқа 21. 2003 жылы балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруға бөлінетін трансферттер тізбесі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 67 қаулысына 2-қосымша 2003 жылы балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруға бөлінетін трансферттер тізбесі № Ұйымның атауы Демалыс түрі Балалар саны Қызмет көрсету құны (мың теңге) 1 «Құрдастар» педагогикалық отряды қоғамдық бірлестігі («Лесная сказка» сауықтыру лагері Меңдіқара ауданы) Мектеп активінің оқуы, түрлі санаттағы балалардың сауықтырылуы 200-ден кем емес 1900 2 «Ішкі істер бас басқармасының "Сұңқар" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Бәкіров атындағы демалыс базасы Жетім балалардың, ата- ана қарауынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған, толық емес және жұмыссыз отбасылары балаларының демалысы 150-ден кем емес 1350 3 «Сосновый бор» санаторийі» ашық акционерлік қоғамы Қалалық және селолық жерлердің денсаулығы нашарлаған оқушылары үшін медициналық қызмет көрсетулері бар демалыс 360-тан кем емес 3600 4 «Дружба» санаторийі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын Дарынды балаларды, олимпиадаларға қатысушыларды медициналық қызмет көрсете отырып демалдыру және оқыту 124-тен кем емес 1240 5 «Затобол медицина орталығы» жабық акционерлік қоғамы Селолық жерлердегі мектеп оқушыларын медициналық қызмет көрсете отырып демалдыру 100-ден кем емес 1000 6 Арқалық қаласы сыртындағы "Строитель" лагері Коп балалы, аз қамтылған отбастарындағы балалар демалысы 140-тан кем емес 910 Жиынтығы: 10 000