2003 жылға арналған облыстық бюджетте қаралған аудандар мен Қызылорда қаласындағы құрылыстарға тиесілі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаражаттарды бөлу Тәртібін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
2003 жылға арналған облыстық бюджетте қаралған аудандар мен Қызылорда қаласындағы құрылыстарға тиесілі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаражаттарды бөлу
Тәртібін бекіту туралы
«Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1 Заңына сәйкес, сондай-ак «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоксандағы XVII сессиясының №139 шешімін басшылықка ала отырып, облыс әкіміияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. ««2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы XVII сессиясының №139 шешімін іске асыру туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы №407 қаулысының 6 тармағын және 9 тармақтың 1 тармақшасын орындау мақсатында қоса беріліп отырған 2003 жылға арналған облыстық бюджетте қаралған аудандар мен Қызылорда қаласындағы құрылыстарға тиесілі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаражаттарды бөлу Тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Қуандықовқа жүктелсін.
Басқа 3
Облыс ӘКІМИЯТЫНЫҢ
2003 жылғы 28 қаңтардағы
№422 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
2003 жылга арналған облыстық бюджетте қаралған аудандар мен
Қызылорда қаласындағы құрылыстарға тиесілі инвестициялық
жобаларды іске асыру үшін қаражаттарды бөлу
ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Осы Тәртіп «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 25 шілдедегі №832 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Тәртіп 2003 жылға арналған облыстық бюджетте қаралған аудандар мен Қызылорда қаласындағы білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет объектілерінің құрылысына тиесілі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін облыстық бюджеттен қаражаттарды бөлу ережесі мен мерзімдерін анықтайды.
Тармақ 3
3. Инвестициялық жобалар - белгіленген тәртіппен рәсімделген құжаттарға сәйкес белгілі бір мерзімде жүзеге асырылатын және материалдык объектілерді жасау немесе жетілдіру жолымен мемлекеттің активтерін көбейтуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Тармақ 4
4. Білім беру, денсаулык сақтау және мәдениет объектілерінің құрылыстарымен байланысты бағдарламаларды уакытылы және сапалы орындау мақсатында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын келесі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы анықталсын:
Тармақ 263.80.00
«263.80.00. Ауыл мектептерінің құрылысы» 120000 мың теңге;
Тармақ 254.64.00
«254.64.00. Туберкулез ұйымдары мен аудандық ауруханалардың құрылысы» 350000 мың теңге;
Тармақ 254.52.00
«254.52.00. Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау объектілерін салу» 10000 мың теңге;
«263.54.00 Мәдениет объектілерін салу» 35000 мың теңге.
Тармақ 5
5. Облыстык энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы:
Тармақша 1
1) жоғарыда аталған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын дайындайды және облыстық жергілікті атқарушы органның бекітуіне ұсынады;
Тармақша 2
2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың бекітілген жиынтық жоспары негізінде облыстық Қазынашылык басқармасына міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын тапсырады;
Тармақша 3
3) белгіленген тәртіппен жобалар бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен жобалау-сметалық құжаттарды рәсімдейді;
Тармақша 4
4) бекітілген тәртіппен мемлекеттік сатып алу жөнінде тендер дайындайды және өткізеді, осының негізінде берілген рұқсаттар шегінде тиісті жеткізіп берушілермен келісім-шарт жасайды;
Тармақша 5
5) бөлінген қаражаттарды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. «Жергілікті деңгейде білім беру объектілерін салуға» облыстық бюджетте қаралған 103743 мың теңге көлеміндегі қаржы Қызылорда қаласының әкіміне мақсатты инвестициялық трансферттер түрінде Қызылорда каласындағы Астана даңғылында 864 оқу орындық жаңа мектеп құрылысына бөлінеді және нақты орындалған жұмысына (№2Н) қарай облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан артық емес көлемде қаржыландырылады.
Тармақ 7
7. Қызылорда қаласының әкімі жоғарыда аталған қаржыны қаржылық рәсімдердің бекітілген Ережесіне сәйкес бағыттайды және бөлінген қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы басқармасы облыстық энергетика, кұрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына және Қызылорда қаласы әкіміне міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың бекітілген жиынтық жоспарына сәйкес орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлеміне қарай қаржы бөледі.