О проведении весеннего двухмесячника по санитарной очистке и благоустройству населенных пунктов, смотру готовности объектов водоснабжения и канализации к летнему сезону 2003 года Қолданыста
Басқа 0
Елді мекендерді санитарлық тазалау, көріктендіру, ауыз сумен қамту және канализация объектілерінің 2003 жылғы жазғы маусымға дайындығын байқау жөнінде көктемгі екі айлығын өткізу туралы
Облыс елдi мекендерiнiң санитарлық жағдайын жақсарту халық арасында жұқпал аурулардың алдын алу мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару" туралы Заңының 27 бабын басшылыққа ала отырып облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылдың 15 наурызынан 15 мамырға дейiн облыс елдi мекендерiнде көктемгi санитарлық тазалау, көрiктендiру жөнiнде, ауыз сумен қамту және канализация объектiлерiнiң 2003 жылдың жазғы маусымына дайындығы байқауының екi айлығы жариялансын.
Тармақ 2
2. Екі айлықты дайындау және өткiзу кезiнде қала және аудан әкiмдерiнiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiне басшылық ету және үйлестiру жөнiндегi облыстық штабтың құрамы бекiтiлсiн (тiркеледi).
Тармақ 3
3. Атырау қаласы мен аудан әкiмдерi:
Тармақша 1
1) тиiстi штабтар құрып, кәсiпорын, ұйымдар және мекемелермен бiрлесе отырып, облыстың қала, елдi мекендерiнде санитарлық тазалау мен көрiктендiру жөнiнде нақты шаралар әзiрлеп, жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындарға, мекемелерге аумақтар, көшелер, алаңдар бекітілсін;
Бөлiнген бюджеттiк қаражат шегiнде:
Тармақша 3
3) тiркелген тұрмыстық және басқа беталды пайда болған қоқыс үйiндiлерi түрлерiн, металл сынықтарын, құрылыс қалдықтарын елдi мекендер аумағынан шығаруды және құлаған ғимараттар орындарын тегiстеудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 4
4) қоқыс жинайтын контейнерлер сатылып алынуын, қосымша контейнерлiк алаңдардың жабдықталуын және бұрынғыларын жөндеудi жүргізсін;
Тармақша 5
5) үйлердiң, аулалардың қоршауын, дәлiздерi мен қас беттерiн тәртiпке келтiрсiн;
Тармақша 6
6) көп қабатты үйлердің төбелерін тазалау және кептіру жөнінде, инженерлiк жүйелеріндегі апаттарды жоюға шара қабылдасын;
Тармақша 7
7) бұралқы иттер мен мысықтардың аулануын ұйымдастырсын;
Тармақша 8
8) барлық елдi мекендерде көшелер жарығын, жарнамалық маңдайша жазуларын, билбордтарды тексерiп, жөндеу жүргiзсiн;
Тармақша 9
9) жасыл желек егу және күту жұмыстарын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Сумен қамту және канализация объектiлерiнiң басшылары су құбыры және канализация жүйелерiн, байқау құдықтарын, су тарату қондырғыларын тексеріп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қалпына келтіріп, қажетті залалсыздандыру құралдары мен реагенттер қорын 3 айға жетерліктей мөлшерде қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасы, Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) елді мекендердегі санитарлық тазалау және көріктендіру жұмыстарына үнемі бақылау жүргізсін.
Тармақ 6
6. "Атырау-Ақпарат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Атырау облыстық телерадиокомпаниясы (келісім бойынша) санитарлық тазалау және көріктендіру жөніндегі екі айлықтың барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялап отырсын.
Тармақ 7
7. қала, аудан әкiмдерi, облыстық iшкi iстер басқармасы, қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасы облыстық штабқа жұмыстың жүру барысы мен қорытындылары жөнінде әр он күндікте мәліметтер беріп отырсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Нокинге жүктелсін.
Басқа 18
Облыс әкiмиятының
2003 жылғы 8 наурыздағы
№ 66 қаулысына қосымша
Екi айлықты дайындау және өткізу күндерінде қала және аудан
әкімдерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне басшылық
ету және үйлестіру жөнiндегi облыстық штабтың құрамы
Нокин Серiк Кеңесұлы - облыс әкiмiнiң орынбасары, штаб төрағасы.
Штаб мүшелері:
Әбдірахманов Марат Ғинаятұлы - облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы;
Жұмағалиев Ғибадолла Ғалиәскерұлы - төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма бастығы;
Дошаев Ерген Николаевич - "Атырау-Ақпарат" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын төрағасы;
Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы - мемлекеттiк құқықтық және әскери жұмылдыру жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Зинуллин Өмiрзақ Зиноллаұлы - облыстық бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгер;
Нұрғалиев Айтқали Құмарғалиұлы - облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы (келісім бойынша);
Нұрлықожиев Әділбек Исағалиұлы - Атырау қаласының әкімінің орынбасары;
Сәлiмбаев Ермек Қайсаұлы - құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментiнiң директоры;
Нұриденов Кеңес Сәлімұлы - Атырау облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша).