О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне 2003 года Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылдың сәуір-маусым айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы.
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 27 наурыздағы №1047 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке туралы» Жарлығына сәйкес облыс әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. Қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысына бақылау жасау және басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы және оның резервтік құрамы бірінші қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңының 14-бабына сәйкес шақыру комиссияларын құрсын, олардың қызметін қамсыз етсін және жоғарыда аталған Заңның 35-бабына сәйкес медициналық, техникалық және басқа қызметкерлерді қатыстырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әскери қызметке шақыру басталғанға дейін қалалық, облыстық медициналық комиссияларды жоғары білікті дәрігер мамандармен және орташа медицина қызметкерлерімен жабдықтасын, әскерге шақырылатын азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан және стационарлық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемелерінен қажетті төсек орын санын бөлсін.
Қазақстан Республикасы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 35-бабына сәйкес дәрігер мамандардың, орташа медициналық, техникалық қызметкерлердің шақыру комиссиясында жұмыс істеген кездегі жалақысы жұмыс орны бойынша сақталатынын ескерсін.
Тармақ 4
4. Облыстық медициналық комиссияның жұмысын тиісті ұйымдастыру мақсатында олардың аудандық, қалалық әскери комиссариаттарына тікелей шығуын жоспарласын:
Атбасар қалаласында (Атбасар ауданы) 2003 жылдың 10-13 сәуір аралығында.
Көктал кентіне (Целиноград ауданы) 2003 жылдың 15-18 сәуір аралығында.
Тармақ 5
5. «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Ақмола темір жолмен тасымалдау бөлімшесі әскерге шақырылушыларды тағайындалған пунктке уақытында жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер бас басқармасы облыстық жинақтау пунктінде, жөнелту станцияларында, әскерге шақыру пунктерінде тәртіпті қамтамасыз ету, әскери міндетін орындаудан қашушыларды іздестіру бойынша әскери комиссариаттармен бірлесе отырып іс қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы облыстық әскери комиссардың өтініші бойынша әскерге шақырудың облыстық бюджетте қарастырылған көлемде және белгіленген мерзімде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының әскери комиссары облыстық жинақтау пунктіне әскерге шақырылушыларды жинау, бөлімшелер құру және жөнелту жұмыстарын ұйымдастырсын және бақылауға алсын.
Тармақ 9
9. Ақмола облысы және Көкшетау қаласының әскери комиссары 2003 жылдың 15 шілдесіне дейін сәуір-маусым айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижелері туралы ақпарат тапсырсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы А.Сейітжановқа жүктелсін.