Об организации проведения государственного технического осмотра автомототранспортных средств и прицепов к ним в 2003 году Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылы автомотокөлік құралдарына және олардың тіркемелеріне мемлекеттік техникалық тексеру өткізуді ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 13.02.2004 № 50/2 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 1996 жылңы 15 шілдедегі "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 тамыздағы "Қазақстан Республикасында көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау жүргізуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" № 1206 қаулысын, Қазақстан, Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы "Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы" № 587 бұйрығын орындау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникациялар департаменті мемлекеттік техникалық тексеру алдындағы көлік құралдарының техникалық жағдайың анықтау үшін тартылатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің өндірістік-техникалық мүмкіншіліктерін қарастыру жөнінде комиссия құрсын.
Тармақ 2
2. Облыстың ішкі істер басқармасы келісім бойынша: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы "Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы" № 587 бұйрығына сәйкес автомотокөлік құралдарына және олардың тіркемелеріне жыл сайын мемлекеттік техникалық тексеру өткізуді қамтамасыз етсін. 2003 жылдың 20 қарашасында техникалық тексеру қорытындылары бойынша облыс қаржы мекемелеріне белгіленген нысанды жиынтық есепті ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф. Вербнякқа жүктелсін.