Об открытии весеннего охотничьего сезона в 2003 году Қолданыста
Басқа 0
2003 жылы көктемгі аңшылық маусымды ашу туралы
"Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту жане пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңнын 20 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекетттік бажды төлеген аңшыларға, атаулы мемлекеттік рұксатнама, аңшылықты пайдаланушылар жолдамалары бойынша және қаруларын ішкі істер органдарында тіркегендігі туралы құжаттары болған жағдайда:
су жайылымдарында - тұлыпқұспен немесе тұзақталған үйректерді пайдалану арқылы шөрегей үйректерге 2003 жылғы 1 мамырдан тәңсәресінен 9 мамырға дейін;
егерьдің қатысуымен, еркек саңырау құрларға 2003 жылдың 21 сәуірден 30 сәуірге дейін көктемгі аңшылыкқа рұқсат берілсін.
Тармақ 2
2. Аңшылық күнде таңсәріден жасырын паналардан 16 сағатқа дейін жасалсын.
Дала құстарын атып алудың шектік нормасы белгіленсін:
Шүрегей үйректердін 1 күнде -3, аңшылык маусымда - 9, еркек саңырау құрларды атудын 1 күнде - 2, аңшылық маусымда - 6.
Аңшылық алқаптардан екі күндік нормадай ғана құс әкетуге рұқсат етіледі.
Тармақ 3
3. Мына жағдайларда аңшылық етуге тыйым салынсын: жүзіп және суға түсіп барып, подъезде тұрып атуға, топталған құстарды атуға;
қаздарға, қараша қаздарға, сондай-ак ұрғашы дала үйректері мен ұргашы саңырау құрларга;
айырықша қорғалатын табиғат аумақтарында.
қосымшаға сәйкес облыс аумақтарындағы аңшылық өрістерінің жабық участкелерінде.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.І. Сүлейменовке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің
2003 жылғы «17» сәуірдегі
№ 86 қаулысына қосымша
«2003 жылы көктемгі аңшылық
Маусымды ашу туралы»
Облыс аумағындағы аңшылық ету үшін жабық учаскелер
Әкімшілік аудан
Аңшылықты пайдаланушы
Шекара шегі
Айыртау
«Солтүстік орманы» КМК Борлық аңшылық шаруашылығы
Аңшылық шаруашылығы шекарасында
Ақжар
Көкшетау аудан аралық аңшылар және балықшылар қоғамы Ленин аңшылық шаруашылығы
Аңшылық шаруашылығы шекарасында
Аққайын
СҚ облыстық аңшылар және балықшылар қоғамы Смирнов аңшылық шаруашылығы
Қиялы стансасынан автокөлік жолдары бойымен Қаңтемір ауылына дейін, ары қарай Тайынша ауданының шеқарасы бойымен Көкшетау-Петропавл темір жолына дейін, одан әрі қарай Қиялы стансасынан темір жол бойымен
Ғабит Мүсірепов
Көкшетау ауданаралық аңшылар және балықшылар қоғамы Куйбышев аңшылық шаруашылығы
Дружба селолық округының шекарасында
«Солтүстік орманы» КМК «Источный» аңшылық шаруашылығы
Новосел, Бірлік, Возвышен, Гаршин, Шөптікөл, Тахтаброд, Сырымбет ауылдық округының шекарасында.
Есіл
«Солтүстік орманы» КМК Есіл аңшылық шаруашылығы
Амангелды, Петров, Ильин, Таранғұл, Корнеевка ауылдық округтар шекарасы.
«Солтүстік орманы» КМК «Красный бор» аңшылық шаруашылығы
Аңшылық шаруашылығы шекараларында
Жамбыл
Аңшылар мен балықшылардың Жамбыл аудандық қоғамы
Қайран көл темір жолының бойымен Бауман стансасына дейін, одан әрі алқап жолдары арқылы Қарақамыс ауылынан Октябрь селосына дейін,
Мағжан Жұмабаев
СҚ облыстық аңшылар және балықшылар қоғамы Булаев аңшылық шаруашылығы
Золотинов, Майбалық Совет, Таман, Ұзынкөл, Возвышен, Бастомар, Қарағанды, Писарев, Молодежный ауылдық округтар шекарасында.
«Солтүстік орманы» КМК Булаев аңшылық шаруашылығы
Аңшылық шаруашылығы шекарасында
Мағжан Жұмабаев, Аққайын
«Солтүстік орманы» КМК Совет аңшылық шаруашылығы
Петропавл – Булаев автокөлік жолдарының оң жақ бойының аумақтық аңшылық шаруашылығы
Тайынша
«Солтүстік орманы» КМК Орлиногор аңшылық шаруашылығы
Тайынша қаласынан автокөлік жолдары бойымен Қантемір селосына дейін, әрі қарай Аққайын ауданы шекарасының бойымен Петропавл-Көкшетау темір жолының қыйлысына дейін, одан әрі темір жол бойымен Тайынша қаласына дейін.
Тайынша және Аққайын
«Лама» ЖШС,» Гусиное» аңшылық шаруашылығы
6 разъезден (Амангелді ауылынан) темір жол бойымен Қиялы стансасына дейін, одан әрі автотрассалар бойымен Власовка, Рощинское селолары арқылы Макшевка селосына дейін, әрі қарай грейдер бойымен Октябрь селосы арқылы өтіп Дмитриевка селосына дейін және одан әрі Смирнов қорығы бойымен 6 разъездге (Аманкелді ауылына) дейін
Тимирязев
СҚ облыстық аңшылар және балықшылар қоғамы Тимирязев аңшылық шаруашылығы
Петропавл-Қостанай автокөлік жолының сол жақ бойымен аңшылық шаруашылығы аумағының оңтүстік бөлігі
Уәлиханов
Көкшетау ауданаралық аңшылар және балықшылар қоғамы Қызылту аңшылық шаруашылығы
Аңшылық шаруашылығы шекарасында
Шал ақын
«Солтүстік орманы» КМК Октябрь аңшылық шаруашылығы
Аңшылық шаруашылығы шекарасында