О мерах по обеспечению безопасности населения и снижению возможного ущерба от паводков, наводнений и селевых выбросов в 2003 году Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылы су тасқындарынан, су басуларынан және сел жүрулерiнен халық пен аумақты қорғау және болуы мүмкiн шығынды азайту шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімиятының 23.02.2004 № 22 қаулысымен.
2002 ж. күзде және 2002-2003 ж. қыста орын алған гидрометеорологиялық үрдістер облыс өзендері бассейндерінде ылғал қорының едәуір жиналуына ықпал жасады. Жауын-шашындардың одан әpi жалғасу және қар қалындығының артуы, сондай-ақ қар ери бастағанды күтіліп отырған ауа температурасының күрт және тұрақты көтерілуі судың жоғары деңгейде молаюы мен облыстық өзендерінде және су қоймаларында мүмкін болатын апатты су тасқындары мен сел жүрулері қауіпін туғызуы ықтимал.
Халыктың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және су тасқындары мен сел жүрулерінің мүмкін болатын шығындарын азайтуға бағытталтан су тасқындарына және сел жүрудеріне қарсы алдын алу шараларын даярлау мен жүргізу мақсатында:
Тармақ 1
1. Аудандар мен Талдықорған, Қапшағай және Teкелі қалаларының әкімдері, облыстық ауылшаруашылығы департаменті (Т.Ұ.Ұзақов), «Алматысушаруашылығының ҚММ (М.М.Насыров), Балқаш-Алакөл АСШБ (Э.К. Мұхамедов), «Қазселденқорғауң, ММ-нің филиалдары- Алматы (Т.А. Баймолдаев), Eciк (С.С. Спатаев), Талдықорған (С.М. Қожахметов), аймақтық пайдалану бас қармалары, облыстық автомобиль жолдары басқармасы (В.П. Меренков), «Қазақавтожол РМК-ның облыстық филиалы (С.И. Қарымсақов), «Облыстық жол және қоммуналдық шаруашылық басқармасын MM-ci (Э.Д. Изенбаев), «Қазақстан темір жолын ҰКн, ЖАҚ-нын тасымалдау бөлімшесі (С.А. Ағментаев), облыстық телекоммуникация дирекциясы (Ж.А.Мейрембаев), «Алматы Пауэр Қонсолидэйтедң ЖАҚ-ы (Д.Б. Ищанов), «Орман және биоресурстар жөніндегі облыстық басқармасын MM-ci (Ж. Досқараев), Алтынемел (С.Құрманәлиев) және Іле-Алатау (А.Ә.Бегімбетов) мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Алакөл (С.Толғанбаев) және Алматы (О.Н. Хомуло) қорықтары ішкі бас басқармасы (А.Ж.Шпекбаев), облыстық судан құтқару қызметі (Қ.Қ. Тұрашев) басқа да мүдделі ұйымдардың басшыларымен өзара ic-қимыл жасай отырып:
халықты, шаруашылық жүргізуші объектілерін, жер байлықтарын, коммуникациялар мен электр беру желілерін, автомобиль және темір жолдарын су тасқындарынан, су басулары мен селдерден сенімді бағытталған шаралар кешеніне әзірлесін және орындасын;
барлық, гидротехникалық, құрылыстарды epiгeн қабылдауына зерттеу жүргізсін және дайыдасын, тазартып, түзетсін, бөгеттерді, көпірлер мен жол жиегі үйінділерін нығайтсын, қорғау жұмыстарының басқа да түрлерін орындасын;
су басуларына неғұрлым көп ұшырайтын елді мекендер мен шаруашылық объектілерін қорғауға, олармен берік байланысты қамтамасыз етуге ерекше назар аударсын;
қорғану және қалпына келтіру жұмыстарын жүргіу үшін, меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орындар мен ұйымдардың қажеттті инженерлік техникасын дайындыққа келтірсін, қаржы, керекті материалдар мен ЖЖМ қорын жасасын;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мүмкін болатын қауіп пен осы кезендегі ic-қимыл тәртібі туралы хабарласын.
Тармақ 2
2. Облыстық судан құтқару кызметі (Қ.Қ.Тұрашев) «Тянь-Шаньн компаниясымен бірлесіп табиғи апаттар болуы мүмкін аймақтардағы жағдайды анықтауға және халықтқы көшіруге арналған 2 тікұшақ пен 15 жүзу құралдарын тұрақты дайындықта ұстасын.
Тармақ 3
3. Ішкі icтep басқармасы, «Қазселденқорғауң ММ-нің филиалдары - Алматы, Есік, Талдықорған аймақтық пайдалану басқармалары, «Орман және биоресурстар жөніндегі облыстық басқармасы MM-ci, Алтынемсл және Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Алакөл және Алматы қорықтары жағдайдың күрделіленген кезенінде тәуліктік күзеттер қойсын, рұқсатпен жіберу тәртібін енгізсін, адамдарды сақтандыру және оларды қауіпті аймақтардан шығару үшін дауыстап сөйлейтін байланыс жүйесі бар машиналарды тұрақты дайындықта ұстасын.
Тармақ 4
4. Аудандардың, Қапшағай, Талдықорған және Текелі қалаларының әкімдері, жоғарыда аталған ұйымдардың басшылары осы қаулының орындалу барысы туралы ақпаратты 2003 жылғы 20 наурызда, 20 сәуірде және 20 тамызда бepciн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға (В.Н. Работягов) жүктелсін.