О проведении смотра готовности предприятий торговли, общественного питания, пищевой промышленности, рынков области к работе в весенне-летний период 2003 года Қолданыста
Басқа 0
Облыстың сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының, базарлардың 2003 жылдың көктемгі-жазғы кезеңге жұмысқа дайындығы байқауын өткізу туралы
Тамақ нысандарының санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту, олардың көктемгi-жазғы кезеңдегi жұмысқа сапалы дайындалуы, тамақпен жаппай уланудың алдын алу мақсатында және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңы негiзiнде, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарының, базарлардың 2003 жылдың көктемгi-жазғы кезеңге жұмысқа дайындығының облыстық байқауы 2003 жылдың 1 сәуiрiнен 30 сәуiрiне дейiнгi кезеңде өткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Айлықты өткiзу жөнiндегi облыстық комиссия құрамы бекiтiлсiн (тiркеледi).
Тармақ 3
3. Қала мен аудан әкiмдерi:
Тармақша 1
1) айлықты дайындау және өткiзу жөнiнде тиiстi комиссиялар құрсын;
Тармақша 2
2) нысандардың сыртқы келбетiн тиiстi санитарлық талапқа сәйкес келтiру жөнiнде шаралар алсын (сыртқы жөндеу, безендiру, аумақ айналасын көрiктендiру, маңдайша жазулары, контейнерлiк алаңдар, урналар);
Тармақша 3
3) iс жүзiндегi базарларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы №131 Қаулысымен бекiтiлген "Сауда базарларының жұмысын ұйымдастыру ережелерiнiң" талаптарына сәйкес келтiрсiн;
Тармақша 4
4) беталды ұйымдасқан сауда орындарын жоюды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсiбi объектiлерi, базарлар тағы да басқа коммерциялық құрылымдар басшыларына ұсынылады:
Тармақша 1
1) 2003 жылдың 25 наурызына дейiн нысандардың санитарлық-техникалық жағдайын, олар өндiретiн өнiмдердiң сапасын жақсарту жөнiндегi нақты iс-шаралар әзiрлесiн;
Тармақша 2
2) нысандарды тиісті санитарлы жағдайына жеткiзу жөнiнде шаралар алсын, ағымдағы жөндеу жүргiзiлсiн, су-канализация жүйелерiн тексерсін, өндiрiлетiн және сатылатын өнiмдердiң сұрыпталым тiзбесi келiсiлсiн және мемлекеттiк санитарлық қызмет органдарының олардың жұмыс жасауына ресми рұқсаттарын алсын.
Тармақ 5
5. Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, Атырау облысының iшкi iстер басқармасы көктемгi-жазғы маусымға дайындығы айлығын өткiзуге үнемi бақылау жүргiзiп отырсын.
Тармақ 6
6. "Атырау-Ақпарат" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны, облыстық телерадиокомпаниясы (келiсiм бойынша) байқаудың барысын жүйелi түрде жариялап отырсын.
Тармақ 7
7. Қала және аудан әкiмдерi, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, облыстық iшкi iстер басқармасы айлық өткiзу нәтижелерi туралы облыс әкiмiне 2003 жылдың 5 мамырына ақпарат берсiн.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсiн.
Басқа 15
Облыс әкiмиятының
2003 жылғы 17 наурыздағы
№ 69 қаулысына қосымша
Сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өндiру кәсiпорындарының, базарлардың 2003 жылдың жазғы мерзiмiне дайындығын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi облыстық комиссиясының құрамы
Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы - облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасы
Беккожиева Әлия Байжанқызы- Атырау облыстық кәсiпкерлер ассоциациясының төрайымы (келісім бойынша)
Дошаев Ерген Николайұлы - "Атырау-Ақпарат" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының төрағасы
Зинуллин Өмiрзақ Зинуллаұлы - облыстық бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгер
Нұрғалиев Айтқали Құмарғалиұлы - облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы (келiсiм бойынша)
Оспанов Валерий Мұқашұлы - облыстық экономика және кәсiпкерлiктi дамыту бас басқармасының бастығы
Хайдар Халмұрат Саламатұлы - облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы