Об утверждении Правил назначения и выплаты материальной помощи на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому, на 2003 год Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиелетін және оқитын мүгедек балаларға 2003 жылы материалдық көмек тағайындау және төлеу Қағидаларын бекіту туралы. 📌 Ескерту. Күші жойылды - Теміртау қаласы әкімиятының 2004.04.15. № 4/91 қаулысымен. Қазақстан Республикасынның 1999 жылдың 7 сәуіріндегі №374 «Қазақстан Республикасынның азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселесі бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабы 2-тармағы, Қазақстан Республикасынның 1991 жылдың 21 маусымындағы «Қазақстан Республикасы мүгедектердің әлеуметтік жағынан қорғалуы туралы» Заңының 23-бабына сәйкес және үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдарға материалдық көмек көрсету мақсатында, әкімдік қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға 2003 жылы әр тоқсанға 5198 (бес мың бір жүз тоқсан сегіз) теңге көлемінде материалдық көмек тағайындау және төлеу Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау және төлеу Қақидалары бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 3
3. Қалалық қаржы бөлімі (Бақыт Бәшімқызы Қоңақаева) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін материалдық көмекті уақытымен қаржыландырсын.
Тармақ 4
4. Еңбек және тұрғындарғы әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (Юрий Николаевич Ким) жоғарында көрсетілген көлемдегі үстеме қаржының уақытында төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалцын бақылау әкімінің орынбасары татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
Басқа 6. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға 2003 жылы материалдық көмек тағайындау және төлеу Қағидалары
Әкімдіктің жылдың 27.03 № 3/36 «Үйде тәрбиеленетін және мүгедек балалрға 2003 жылы материалдық көмек тағайындау және төлеу Қағидаларын бекіті туралы» қауласымен бекітілген. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға 2003 жылы материалдық көмек тағайындау және төлеу Қағидалары
Тармақ 1
1. Жалпы ереже.
Тармақша 1
1) Қағидалар Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 7 сәуіріндегі № 374 «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің әлеуметтік жағынан қорғау туралы» Заңдары негізінде әзірленеді
Тармақша 2
2) материалдық көмекті жалпы білім беру мекемелерінде оқи алмайтын, үйде тәрбиеленетін және оқитвн мүгедек балалары бар отбасылар алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Материалдық көмек беру тәртібі.
Тармақша 1
1) үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларына матариалдық көмек алуға құқығы бар азаматтар еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бөліміне өтініш беруді және келесі құжаттарды өткізеді: көмек алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік); ұлттық банк филиалында тұрғылықты жері бойынша ашылған есепшоттың нөмірі көрсетілген өтініш; мүгедектің тобын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы (берілген үлгідегі); баланың тууы туралы куәлігі; көші-қон полишиясы растаған тұрғындарды есепке алу кітабы.
Тармақша 2
2) Өтініш берген азаматтар берілген ақпараттың дұрыстығына жауап береді. Егер тәртіп бұзылған болса (табысты жасырып қалу, отбасы құрамы туралы мәліметтің дұрыс болмауы) кінәлі адамнан төленген сомалар қазіргі заңдарда белгіленген тәртіппен қайтарылып алынады.
Тармақша 3
3) Материалдық көмек өтініш түрінде болады және көмекті алу құқығы берілгеннен бастап тағайындалады, бірақ көмек 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр тоқсан сайын 5198 (бес мың жүз тоқсан сегіз) теңге көлемінде ақша түрінде төленеді және өтініш иелерінің халық банктерінің филиалдарында ашылған жеке шоттарына аударылады (Қазақстан Республикасы Халық банкі облыстық филиалының 2000 жылдың 15 маусымдағы № 22-28-28 және облыстық еңбек, еңбекпен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасынының 2000 жылдың 14 маусымындағы № 8-13/2164 бірлескен хаттарына сәйкес).
Тармақша 4
4) Тағайындау (қарсы болу) туралы шешімді өтініш берілгеннен кейін 10 күн ішінде еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі шығарады.
Тармақ 3
3. Қаржыландыру көздері. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек қалалық бюджеттен беріледі.
Тармақ 4
4. Есепке алу, бақылау, есеп беру.
Тармақша 1
1) Үйде тәрбтеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмекті тағайындау және төлеу бойынша шараларды жүзеге асыру, есепке алу, бақылау жасау, есеп беру еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бөліміне жүктеледі.
Тармақ 2
2. Еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрмету бөлімі ай сайын қалалық қаржы бөліміне үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау және төлеу жөнндегі мәліметтерді тапсырады.