О программе занятости населения Алматинской област на 2003 год Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысы халқын жұмыспен қамтудың 2003 жылға арналған Бағдарламасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 21.12.2004 № 13-89 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" № 149-ІІ Заңын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы "Қазақстан Республикасының Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" № 836 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облысының халқын жұмыспен қамтудың 2003 жылға арналған Бағдарламасы бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсін.
Басқа 3
Алматы облыстық Мәслихатының
2003 ж. 20 наурыздағы
№ 33-187 шешіміне
қосымша
Алматы облысының халқын жұмыспен
қамтудың 2003 жылға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Облыс халқын 2003 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы«"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 836 Қаулысын орындау мақсатында және Алматы облысын дамытудың 1999-2003 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық кешендi бағдарламасына сәйкес жасалды.
Бұл Бағдарлама еңбек рыногындағы жағдайларды саралап, оны болжап, жұмыспен қамту деңгейiн тұрақтандыруды, жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың теңдестiруiн, сондай-ақ жұмыссыз қалған азаматтарды әлеуметтiк жағынан қорғау шараларын көздейдi.
Тарау 1. 1. 2003 жылға арналған жұмыспен
қамту болжамы
1. 2003 жылға арналған жұмыспен
қамту болжамы
Еңбек рыногындағы жағдай кейiнгi жылдары жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуiмен, жұмыс күшiнiң экономиканың салалары арасындағы алмасуының әсерiнен, әсiресе, мемлекеттен тыс жүйелерiне, өз бетiмен жұмыс iстеушiлердiң санының молаюымен қатар, жалданып жұмыс iстеушiлердiң санының азаюымен анықталады. Бұл жағдайларға экономиканың басты салаларының тұрақты дамуы әсер етуде. 2002 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында бұл базалық салаларда өндiрiлетiн өнiмдердiң яғни: өнеркәсiп өндiрiсiнде 13,2 пайызға, ауыл шаруашылығында 12,1 пайызға өсуiмен анықталды. Шаруашылық субъектiлерiнiң меңгерген құрылыстық инвестицияларының көлемi 27,7млрд. теңгенi құрады, немесе өткен жылғы деңгейден 48,1 пайызға жоғары.
2003 жылдың 1 қаңтарына облыста 10435 шаруашылық субъектiлерi (заңды тұлғалар) тiркелген, оның 8591-i жұмыс iстеуде, оның iшiнде 7533-i шағын заңды тұлғалар.
Сонымен қатар, мекемелер мен ұйымдардың әртүрлi экономикалық себептермен тұрақты жұмыс iстемеуiне байланысты iшiнара жұмыссыздық сақталуда. 2003 жылдың 1 қаңтарына облыста 38 кәсiпорын толығымен жұмысын тоқтатты, 31 кәсiпорын жартылай, 6-уы толық емес жұмыс уақыты режимiнде жұмыс iстедi. Мәжбүрлi ерiксiз демалысқа шыққандардың саны 2585 адамды құрады, оның iшiнде ақысыз демалысқа шыққандары 98,8%.
Алматы облысында соңғы жылдары көшiп-қону үдерiсiнiң ұлғаюы және табиғи өсiмiнiң төмендеп кетуi халық санының азаюына әсер етуде, 1992-2001 жылдарда 104,0 мың адамға кемiдi, 10 жыл iшiнде бiрiншi рет халық санының кемуi тоқталды. 2001 жылдың 1 қазанына жылдың басымен салыстырғанда 4,2 мың адамға көбейiп, 1562,4 мың адамды құрады. Осы кезеңде халықтың табиғи өсiмi 7,0 мың адамды құрады, көшiп-қону әсерiнен 2,8 мың адамға азайды. Көшiп келгендердiң негiзгi құрамы жұмыс жасындағы азаматтар болғандықтан еңбек рыногының жағдайын төмендетуде.
2002 жылғы IV-тоқсанында халықтың экономикалық белсендi тобының 15 жастан жоғарғысы 757,1 мың адамды құрады. Экономикалық белсендiлiк деңгейi - 70 пайыз. Облыс экономикасында 687,7 мың адам жұмыспен қамтылған, жылдың басымен салыстырғанда 8,3 пайызға немесе 52,7 мың адамға артық. Жұмыспен қамту деңгейi экономикалық белсендi тобынан 90,8 пайызға жеттi.
Жұмыспен қамтылғандардың iшiнде жалдамалы қызметкерлердiң саны 370,5 мың адамды, немесе 53,8 пайызды құрады, өз бетiнше жұмыс тауып, күнiн көрiп жүргендер 317,2 мың адам немесе 46,2 пайыз.
Осы жылдың төртiншi тоқсанында жұмыссыздар саны 69,5 мың адамды құрады, халықтың экономикалық белсендi тобынан жалпы жұмыссыздар деңгейi жылдың басынан 11,3 пайыздан 9,2 пайызға дейiн төмендедi. Осының өзiнде бұл көрсеткiш аудандар арасында ауытқып тұрады: Еңбекшiқазақ ауданында 7,0 пайызға дейiн, ұйғыр ауданында 16,7 пайызға дейiн.
Шағын бизнеспен айналысушылар санының өсуi байқалады. Соңғы 1,5 жылда жұмыспен қамтылғандар саны көбейуде - өнеркәсiп өндiрiсiнде 2,0 мың адамға, құрылыста 1,1 мың адамға өстi.
Бiлiм беру саласындағы қызметкерлер 28,6%, өнеркәсiпте 18,2% ауыл және орман шаруашылығында 15,0%, құрылыс, көлiк және байланыс салаларында - 10,2%.
2002 жылы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Заңының қабылдануына байланысты соңғы жылдармен салыстырғанда жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға жұмыссыз ретiнде тiркелгендер саны көбейуде. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелушiлер саны 1997-1998 жылдардың деңгейiне жеттi, сол жылдарда жұмыссыз ретiнде тiркелген көрсеткiштер 44,4 мың және 40,8 мың адамға сай.
2002 жылы жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда жұмыссыз ретiнде 40484 адам тiркелген, немесе, былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,6 есеге артық.
2002 жылдың аяғында жұмыссыз ретiнде есепте тұрғандар саны 16896 адамды құрады. Олардың ең көбi Талдықорған (2655 адам, немесе облыс бойынша жұмыссыздардың 15,7 пайызы), Панфилов (2791 адам, немесе 16,5 пайыз), Райымбек (1853 адам, немесе 11,0 пайыз), Еңбекшiқаза(1387 адам, немесе 8,2 пайыз), Алакөл (1099 адам, немесе 6,5 пайыз) аудандарында тiркелген.
Облыс бойынша жұмыссыздық деңгейi өткен жылы 1,7 пайыз болса, биыл 2,1 пайыз болды. Жұмыссыздық деңгейiнiң ең жоғарысы Текелi қаласында - 6,3 пайыз, Талдықорған қаласында - 4,3 пайыз, Қапшағай қаласында - 4,2 пайыз, Панфилов ауданында 5,0 пайыз, жұмыссыздық деңгейiнiң ең төменгiсi Алакөл және Iле аудандарында 0,61 пайыз, Ескелдi және Қарасай аудандарында 0,7 пайыз болғандығы байқалды.
Жыл бойы жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғаудың белсендi түрi - оларды жұмысқа орналастыру болды. Бiр жыл iшiнде жұмыс iздеп келгендердiң 13036 адамы жұмысқа орналастырылды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1887 жұмыссызға артық. Ауылдық жерлерде 6596 жұмыссызға жұмыс берiлдi. Жұмысқа орналастырудың деңгейi бағдарламалық көрсеткiштегi 24,7 пайыздың орнына 32,2 пайызды құрады.
Ең көп жұмысқа орналасқандардың үлесi Қарасай, Жамбыл, Еңбекшiқазақ аудандары мен Қапшағай, Текелi қалаларында, ең азы Райымбек, Балқаш, Кербұлақ, Сарқан аудандарында болды.
Еңбек рыногiндегi жағдайға жұмысшы күшiнiң кәсiби-бiлiктiлiк құрылымының сұранымға және ұсыныстарға сәйкес келмеуi ықпал етуде. Бiлiктiлiгi жоғары жұмысшы күшiнiң кетiп қалуы және ұзақ мерзiмдiк жұмыссыздықтың салдарынан кәсiптiк шеберлiктiң нашарлауы еңбек рыногындағы бәсекеге қабілетсiз адамдар санын көбейтуде. Соның өзiнде, инженерлiк кадрлерге, жоғары деңгейдегi көпшiлiк меңгерген мамандықтарға тұрақты сұраныс қалыптасуда. Еңбек рыногында жоғары және орта кәсiптiк бiлiмдi-заңгер, экономист, мектеп жасына дейiнгi балалар тәрбиешiсi, мұғалiмдер және т.б. сұраусыз болып қалуда.
Жұмысқа орналастыру деңгейiн көтерудiң резервтерiнiң бiрi - бос орын жәрмеңкесiн өткiзу болып табылады. Есептiк кезеңге дейiн облысымызда 22 бос орын жәрмеңкесi өткiзiлдi, 186 мекеме, ұйымдар 1386-дан артық бос орын ұсынды, сол бос орындарға бiр мыңнан астам адам жұмысқа орналасты.
Есепте тұрған жұмыссыздардың 5 пайызы, жоғарғы бiлiмдi, 60,8 пайызы - жалпы орта бiлiмдi, 34,2 пайызы - орта кәсiптiк бiлiмдi.
Әдеттегiдей, жұмысқа орналасу мәселесi қалаға қарағанда, ауылды жерде шешiлуi қиынға түсуде. Егер, 2002 жылы облыста әрбiр 3-шi жұмыссыз жұмысқа орналасса, ауыл тұрғындарынан әрбiр 4-шi жұмыссызы жұмысқа орналасты. Мамандықтары жоқ және тәжiрибесiз жастардың жұмысқа орналасу мүмкiндiгi өстi. Егер, 2001 жылы жастар арасынан әрбiр 4-шiсi жұмысқа орналасса, 2002 жылы әрбiр үшiншiсi жұмысқа орналасты.
Жұмыс орнының тапшылығынан еңбек рыногында бәсекеге қарсы тұра алмайтын, мүгедектердi жұмысқа орналастыру мәселесi қиындайды. Уәкiлеттi органдарда тiркелушi мүгедектер аса көп емес, бiрақ көбеюде, 2001 жылы 15 адамнан 2002 жылы 54 адамға дейiн жеттi.
Оралмандар бiлiктiлiгi төмен жұмыс күшi болғандықтан, оларды жұмысқа орналастыру деңгейi төмен болып қалуда; 2001 жылы 4,6 пайызды құраса, 2002 жылы 13,9 пайызды құрады.
Әйелдердi жұмыспен қамту мәселесi өте өткiр болып саналады, әсiресе ауылды жер мен кiшi қала тұрғындары үшiн. Жұмыссыздық ретiнде есепте тұрғандардың 55 пайызы әйелдер, оның жартысынан көбi ауыл тұрғындары. Жұмысқа жалданғанда еркек адамдарға сұраныс көп болғандықтан, әйелдер жұмысқа орналасу мәселесiмен жиi кездеседi. Жұмыссыз әйел, өзiнiң отбасы мүшелерiн күткеннен басқа, қосымша табыс жолын iздеуге мәжбүр болады.
Жұмысқа орналасқанда жасына, жынысына қарап құқығын шектеу, жасы ұлғайған адамдарды, әсiресе, әйелдердi қиын жағдайда қалдыруда.Еңбек рыногында жұмысқа орналасу үлесi төмен болғандықтан зейнеталды жасындағы адамдар уәкiлеттi органдарға есепке тұрудан бас тартады. Осы жылы 50 және одан жоғары жастағылардан 3464 адам, оның iшiнде 1021-i әйел жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi органдарға жүгiндi; 978-i жұмысқа орналасты.
2002 жылы жұмысқа орналастыру мақсатында мақсатты топтағы азаматтар ақылы қоғамдық жұмыстың 19 түрi бойынша жiберiлдi, барлығы 11879 жұмыссыздар қоғамдық жұмысқа қатысты, оның iшiнде 6207 адамы ауылдық жерден, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,3 есе артық. Бағдарламалық тапсырма 132 пайызға орындалды.
Жұмыссыздардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, кәсiпкерлiкке, өзiн-өзi жұмыспен қамтуға, жәрдем беру мақсатында 2002 жылы 3717 жұмыссыздарды 45 мамандық пен кәсiп бойынша кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлауға жiберiлдi. Жылдық бағдарлама бұл көрсеткiш бойынша 106,2% орындалды.
Болжам бойынша, 2003 жылы облыстың еңбек рыногы 160,85 мың адамды құрап, келесiдегiдей қалыптасады:
- ұзақ уақыттан берi жұмыссыз жүргендер қатарынан 115,0 мың адам, оның iшiне 67,1 мың жұмыссыз азаматтар кiредi; 23,4 мың адам экономикалық белсендi емес тұрғындар және өз ауласында жұмыспен қамтылғандар саны 24,5 мың адам;
- мекемелер мен ұйымдардан босатылғандар - 2,15 мың адам;
- алғашқы рет жұмыс iздеушiлер 15,2 мың адам, оның iшiнде, жоғары, орта, арнайы оқу орындарын және мектептердi бiтiргендер - 12,2 мың адам және 3,0 мың адам Қазақстан Республикасы Қарулы күштерi қатарынан босатылғандар;
- ағымдылық себептерiне байланысты жұмыстан босатылған уақытша жұмыссыздар және басқа да тұрғындар санаты үстiмiздегi жылы 2,5 мың адамды құрады;
- қоныс аударғандар - 26,0 мың адам.
Еңбек рыногы жөнiндегi мониторинг көрсеткендей, жұмыс iздеушi жұмыс күшiнiң 30 пайызына дейiн уәкiлеттi органдарға жүгiнедi, өзгесi өз беттерiмен жұмысқа орналасады.
Есеп бойынша, халықты жұмыспен қамту бағдарламасының болжамы негiзiнде, 2003 жылы жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдарда 40,0 мың адам жүгiнiп, нақты тiркеулi еңбек рыногын құрайды.
Тiркелген жұмыссыздар арасынан 12,0 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр, немесе жалпы жүгiнген жұмыссыздардың 30 пайызы, кәсiби даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлауға 3,6 мың адам және 12,0 мың адам ақылы қоғамдық жұмысқа жiберiледi.
Есепте тұрған аз қамтылған жанұядағы жұмыссыздар, егер олардың адам басына шаққандағы табысы кедейшiлiк деңгейiнен төмен болса, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Заңына сәйкес атаулы көмек алатын болады.
Тарау 2. 2. Жұмыспен қамтуда мемлекеттiк саясаттың әсерi
2. Жұмыспен қамтуда мемлекеттiк саясаттың әсерi
Жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатын iске асырудағы негiзгi шаралар 2003-2005 жылдарға арналған кедейшiлiктi төмендету бағдарламасында анықталған:
- облыста инвестициялық белсендiлiктi және экономикалық жағдайларды жандандыру және экономиканың мемлекеттiк және баламалық, мемлекеттiк емес салаларында жұмыспен қамтуды кеңейту және оларды қолдау үшiн жағдай туғызу;
- кедейшiлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күрестi белсендендiру;
- жұмысты белсендi iздеуге ынталандыру, қалыптасып қалған жұмыссыздықты азайту, мамандық пен қызмет түрлерiн еркiн таңдау және жұмыспен қамтуды тиiмдi қамтамасыз ету;
- жұмыссыз азаматтарды және жұмыспен қамтылмаған тұрғындарды оқытудың кәсiби тиiмдiлiгiн көтеру мен ауқымын кеңейту жолымен еңбек рыногiнің талаптарына сәйкес еңбекке қабiлеттi тұрғындардың кәсiби ұтқырлығына ықпал ету, жұмыстан босап қалғандарды қайта даярлау және жеделдете оқытуды ұйымдастыру;
- жұмыссыздардың әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
- әлеуметтiк қолдауды қажет ететiн тұрғындардың мақсатты топтарының жұмыспен қамтылуына қосымша ықпал ету;
- жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасын, халықты жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөнiндегi бағдарламалық шараларды дайындап, iске асыру.
- қоғамдық жұмыстарды дамытудың бағдарламаларын дайындап iске асыру, қоғамдық жұмыстардың ұйымдастыруын дамытып, жетiлдiру;
- кәсiпорындарды өзгерту нәтижесiнде жұмыссыздықтың өсуiне мүмкiндiк туғызатын факторларды жою, сонымен қатар жұмыстан шығып қалғандарды кәсiби оқыту және қайта даярлау, кәсiп таңдау бағытын жан- жақты дамыту;
- жұмыссыздар санатынан кәсiпкерлер кадрларын оқыту және қайта даярлауын ұйымдастыру, қосымша жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсетiп, несие және шағын несие беру жолдарымен шағын және орта бизнестiң дамуына жәрдем беру;
- шетелдiк жұмысшылар мен мамандардың еңбегiн пайдалануын реттеу және iшкi еңбек нарқын қорғау.
Тарау 3. 3. Жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңдестiру
жөнiндегi шаралар
3. Жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңдестiру
жөнiндегi шаралар
Iске асырудың негiзгi бағыттары мен механизмi
Еңбек рыногындағы жағдай 2002 жылғыдай жұмыс күшiнiң оған деген сұранысынан артық болатынын айқындайды. Есеп бойынша 2003 жылғы жұмыс күшiнiң ұсыныстары 160,85 мың адамды құрайды, оның iшiнде 67,1 мыңы 2003 жылдың басында болғандар.
Жұмыс күштерiне сұраным келесi факторлардан құралады:
- табиғи себептер бойынша жұмыстан шығып кеткендердiң орнын толтыруға байланысты жұмысшыларға қосымша сұранымнан (жұмысқа жарамды жасында қайтыс болғандар, зейнеткерлiкке кеткендердiң орнына, Қарулы күштер қатарына шақырылғандардың орнына) - 10,2 мың адам;
- жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың қуатын арттыру, тұрғындарының жұмыспен жандандыру, жаңа өндiрiс орындарын, учаскелердi, цехтарды iске қосу есебiнен жұмыс орнының санын көбейту. Осы шаралардың есебiнен 10,0 мыңға жуық жұмыссызды жұмысқа орналастыру, кәсiпкерлiк қызметi және өзiн-өзi жұмыспен қамту есебiнен 5,0 мың адамды жұмысқа орналастыру көзделуде.
Қоныс аудару қалдығының терiс қалдық салдарынан еңбек рыногiндегi салмақтың төмендеуi болжанып, ол 2,3 мың адамды құрады (облыстан тысқары жаққа кеткендер - 28,3 мың адам, қоныс аударып келгендер 26,0 мың).
Облыстың нақты еңбек рыногының көлемi 40,0 мың адамды құрайды. 2003 жылы жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған халықты әлеуметтiк қолдау басымдылық белсендi түрде алдын алу және реттеу жолдарымен өткiзiлетiн болады. Оларға жататындар: жұмысқа орналасуға жәрдем беру, кәсiби даярлықтан өткiзiп, бiлiктiлiгiн жетiлдiру, қоғамдық жұмыстарды және басқа да әлеуметтiк шараларды ұйымдастыру.
Жұмысқа орналасуға ықпал ету. Еңбек рыногіндағы ең негiзгi шара: үзбей, белсендi жұмыс iздеп жүрген азаматтарға жұмысқа тұруына жәрдемдесу, бос жұмыс орындарының жинағын қалыптастыру және кеңейту.
- жұмыс берушiлермен бос жұмыс орындарының барлығы туралы толық мәлiметтердi берулерi жөнiнде жұмысты күшейту, жұмыс iздеушi азаматтардың кәсiпкерлiк және бiлiктiлiк деңгейi, рыноктағы жұмыс күштерiнiң жағдайы туралы ақпаратты жұмыс берушiлерге хабарлап жеткiзу;
- қажеттi жұмысшыларды таңдауда жұмыс берушiлерге жәрдем беру және лайықты жұмыс орындарын таңдау;
- жұмыспен қамтудың әртүрлi түрлерiн таңдауды ұсыну (жартылай жұмыспен қамтылу, үйде отырып жұмыс iстеу, өзiн-өзi жұмыспен қамту);
- азаматтарға жұмысқа орналасуға мүмкiндiк туғызатын әртүрлi көпшiлiк шараларды, бос жұмыс орындар жәрмеңкесiн өткiзу;
- жұмыс күштерiн шетелге шығару, еңбек ресурстарын аймақаралық бойынша қайта бөлу жұмыстарын ұйымдастыру;
- жаңа компьютерлiк бағдарламаны енгiзу есебiнен жұмыс iздеушi азаматтарға сапалы қызмет көрсетудi жақсарту;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бос жұмыс орындары туралы азаматтарды хабардар ету, облыс бойынша бос жұмыс орындары банкiсiн құру және оны басқа аймақтармен алмастыру;
- жұмыс iздеуде қиыншылық көрiп отырған азаматтарға ақыл-кеңес беру;
Осы көрсетiлген шаралардың iске асуын ескере отырып, 2003 жылы 12,0 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр, оның жартысына жуығы ауыл тұрғындары.
Жұмыс орындарын құру және сақтау, шағын кәсiпкерлiкке және халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтуына ықпал ету.
Еңбек рыногындағы жағдай экономикадағы жағдайдың тiкелей көрiнiсi болып табылады, осыған байланысты инвестициялық белсендiлiктiң төмендеуi жұмыс күштерiнiң ұсынысы мен оған деген сұраныстың арасындағы алшақтықтың ұлғаюы сан жағынан да, сапа жағынан да көрiнедi. 2003 жылы жұмыс күштерiнiң ұсынысы оның сұранымынан 2-3 есе артық болады деп болжануда.
Облыста өндiрiстi дамыту және жаңа жұмыс орнын құру ұйымдардың жеке қаражаты, отандық және шетелдiк инвестициялар, банктердiң кредиттерi, бюджеттiк қаржылар мен құрылтайшылар жарналары есебiнен жүзеге асырылады.
Жалпы облыс бойынша үстiмiздегi жылы 2003 жылға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың кешендiк бағдарламасына сәйкес iске асырылатын жоспарланған шаралар кешенiнiң нәтижесiнде 2003 жылы 11777 жұмыс орнын iске қосу жоспарлануда.
Қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта, жекеменшiк кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру және қолдау халықтың жұмыстылығын арттырады. 2002 жылғы 1 қазанға шағын кәсiпкерлiкте жұмыс iстейтiн жалпы жұмысшылардың саны 168,3 мың адамды құрады, немесе барлық қамтылғандардың төрттен бiр бөлiгi.
Облыстық жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның 2003 жылы шағын бизнестi, өзiн-өзi жұмыспен қамтудың белсендi бағыттары мыналар:
- жұмыссыздарды кәсiпкерлiктiң негiзiн бiлуге оқытуды ұйымдастыру, меншiктiк iс ашу мүмкiндiгiн беретiн кәсiби даярлықтан өткiзу;
- жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттiк органдармен, фермерлермен, кәсiпкерлiк одақтармен, шағын және орта бизнестiң өкiлдерiмен өзара шарт бойынша жұмыссыздар мен жұмысы жоқ халықтың бiлiктiлiгiн көтерiп, даярлау, қайта даярлау;
- жұмыссыздардың кәсiпкер болу мүмкiндiктерiн анықтау үшiн, оларға кәсiптiк бағдар және кеңестер беру;
- жаңа жұмыс орындарын ашуды қолдап, мемлекеттiк бюджеттен несие, шағын несиелер бөлу, жекелiк iстерiн ашуына бастапқы жағдайлар жасау;
- жұмыспен қамтылмаған көпшiлiк тұрғындарды, әсiресе жұмыссыздарды кәсiпкерлiк қызметке тартуға ықпал ету.
Iшкi еңбек рыногiн қорғау
Iшкi еңбек рыногiн қорғау жөнiндегi қызмет аймақтық атқарушы және құқық қорғау органдарының тiкелей қатысуымен iске асырылады, олар аймақтың болашақ дамуы мен еңбек рыногындағы бiлiктi мамандардың болуына сүйенедi.
Ұйымдардың шетелдiк мамандарды тартудың тиiмдiлiгiн анықтаудың басты көрсеткiшi олардың қосымша жұмыс орындарын ашуы және Қазақстан Республикасының азаматтары бiрте-бiрте шетелдiктердi алмастыратындай етiп, жергiлiктi адамдарға қазiргi заманғы технологияларды оқыту болып табылады.
Тарау 4. 4. Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтiк қолдау
4. Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтiк қолдау
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Ақылы қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс түрi ретiнде халықтың әлеуметтiк топтарын қолдауға мүмкiндiк туғызатын маңызды мәнге ие болып отыр.
2003 жылы жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган, жергiлiктi атқарушы органдардың ұсынуымен 12,0 мың жұмыссыз азаматты ақылы қоғамдық жұмыстарға жiбередi, олардың 50 пайызға жуығын ауылдық жердегiлер құрайды.
Бұл қоғамдық жұмыстар әлеуметтiк маңызы бар бағыттарда ұйымдастырылады: ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына көмек, аумақтарды көгалдандыру, көркейту, тазалық жүргiзу, ауыз су көздерiн ашу және қайта жаңарту, жолдар салу және жөндеу, мәдени-әлеуметтiк объектiлерiнде, мерзiмдiк ауыл шаруашылығы жұмыстарында қарт және мүгедек адамдарға әлеуметтiк көмек көрсету және т.б. түрлерiнде болады.
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру облыс бюджет қаражаты есебiнен және берген сұранысына байланысты жұмыс берушiлер есебiнен төленедi.
Кәсiптiк оқыту, қайта даярлау,бiлiктiлiгiн
жетiлдiру
Кәсiптiк даярлық жұмыссыздар санын азайтуға әсер етедi. Жұмыс iстемей жүргендердiң өндiрiстiк еңбекке араласуына, әсiресе шешiмiн таба алмай жүрген топтарға пайдалы.
2003 жылы "Алматы облысы бойынша 2003-2005 жылдары кедейшiлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күрес Бағдарламасына" сәйкес кәсiптiк оқуға 3600 адам жiберiледi деп көзделген. Осы кәсiптiк оқуға, қайта даярлыққа, бiлiмiн жетiлдiруге жiберiлген жұмыссыздардың 90 пайызы әлеуметтiк нашар қамтамасыз етiлген топтардан. Белгiлi кәсiп иесi болған жас адам, ол өз бетiмен дұрыс өмiр сүруге мүмкiндiк алады, оқитындардың iшiнде осы топтағылар 60 пайыздан кем емес. Жартысына жуығы әйелдер болады.
Жұмыссыздарды кәсiптiк бағыт беруге оқыту екi бағытта жүргiзiледi:
- оқытудан өткендердi жұмысқа орналастыруға кепiлдiк беру арқылы жұмыс берушiлердiң тапсырысы бойынша жұмыссыздарды дайындау
- жеке жұмыс орнын ашу, өзiн-өзi жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды бизнестiң негiзiне оқыту және кәсiби даярлауды жүзеге асыру.
Өндiрiс орындары мен кәсiпорындардың жағдайының өзгеруiне, жұмыс берушiлердiң талаптарына сай бiлiм беру мекемелерiнiң оқу жоспарлары мен бағдарламалары қайта қаралады. Қысқа мерзiмдi оқытуға практикалық сабақтар санын көбейтiп, "Жеке iстi қалай ұйымдастыру керек" деген мiндеттi курс енгiзiледi.
Облыста жыл iшiнде жеке және топтық кеңесшiлермен 15,0 мың жұмыссыздарға және оқу орындарын бiтiрiп келгендерге, кәсiп таңдауға көмек көрсету мақсатында, аймақтық экономиканың қажетiн өтеуге, жұмыс күшi рыногымен танысуға, бiлiктiлiгiне сәйкестiгi кәсiбi бойынша (немесе мамандығы бойынша) мүмкiндiгiне, жағдайына, оқу мерзiмiне көмек көрсетiледi.
Көмектi барлық төмендегi жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдар және де Талдықорған аймақтық жұмыспен қамту жөнiндегi көмек көрсету қоры көрсетедi (пилоттық жоба көлемiнде).
Жұмыссыздардың кәсiптiк даярлығы, бiлiмдерiн жетiлдiру және қайта даярлау бiлiм беру саласының оқу мекемелерiнде, оқу комбинаттарында, бiлiм жетiлдiру курстарында мемлекеттiк бюджет қаржысы есебiнен өткiзiледi. Оқудың құнына оқу процесiне кететiн шығыннан басқа қаладан тыс жерден келгендерге оқу орнына дейiнгi және қайтатын жолға кететiн шығын, жатақханада тұрғаны үшiн кететiн шығын, тамаққа кететiн шығын кiредi.
Әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген халықтың мақсатты тобын жұмыспен қамтуды ұйымдастыру.
Халықтың әлеуметтiк қорғалмаған санатынан азаматтардың жұмыспен қамтылуына ықпал етудiң тиiмдi шараларын қамтамасыз ету мақсатында мақсатты топтар анықталды, оған енетiндер:
- аз қамтылғандар;
- 21 жасқа дейiнгi жастар;
- әйелдер;
- 23 жасқа дейiнгi қараушысы жоқ тастандылар, жетiмдер, балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi;
- кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналар, жалғыз бастылар;
- Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгiленген тұрақты күтiмдi қажет ететiн, көмек немесе қарауды керек ететiн азаматтары барлар;
- зейнеталды жасындағылар;
- мүгедектер;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қатарынан босатылғандар;
- бас еркiнен айыру, немесе мәжбүрлеп емдеу орнынан босатылғандар;
- оралмандар.
Осы мақсатты топтағы жұмыссыздардың алғашқы кезекпен жұмысқа орналасуға, оның iшiнде алдын ала оқуға, құқықтары бар.
2003 жылы осы мақсатты топ есебiнен 1600 адам жұмысқа орналастырылады. Түпкiлiктi жұмыс табылмаса оларға уақытша қоғамдық жұмысқа жолдамалар берiледi.
Аудандық (қалалық) атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттiң мүмкiндiгiне, еңбек рыногының жайына қарай отырып, мақсатты топқа қосымша жатқызатын адамдарды анықтап қоса алады және де әлеуметтiк қорғаудың қосымша шараларын белгiлей алады.
Әйелдер мен жастар мақсатты топтардың ең iрiсi болып отыр, осыған байланысты еңбек рыногында олардың бәсекеге қабілеттiлiгiн қамтамасыз етудiң арнайы шаралары қарастырылуда.
Әйелдердi жұмыспен қамтуға ықпал ету. 2003 жылы әйелдер еңбегiне деген сұраныстың төмендеу қалпы сақталады, жалпы жұмыссыздар қатарында әйелдер саны өсе түседi.
Болжам бойынша, жұмыспен қамтудың уәкiлеттi орындарына облыс бойынша 21,2 мың әйел келедi. Олардың 15,9 мыңы әр түрлi әлеуметтiк қорғау түрлерiмен қамтылады. Әйелдердiң жұмыспен қамтудағы жаңа талаптарға үйренуiне ықпал ету, олардың еңбек рыногында бәсекелестiкке сай болуы мына тұрғыда қамтамасыз етiледi:
- бос жұмыс орындары мен босаған қызмет орындарына бiрiншi кезекте орналастыру;
- ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы уақытша жұмыспен қамту;
- жекелiк iстерiн жүргiзуге үйрету, кәсiпкерлiкке бейiмдеу, жаңа кәсiптi игеруге оқыту;
- жұмыста үзiлiстерi болған әйелдердiң жұмысқа деген икемiн оңалту (қалпына келтiру) үшiн бiлiмiн жетiлдiрудi, қайта оқытуды ұйымдастыру;
- өзiне-өзi жұмыс табу бағытында әйелдердi қолөнерге, басқа кәсiпке бағдар берiп, тұрмыс қажетiн өтеу қызметiн көрсету саласындағы жұмысқа қайта даярлау;
- кәсiптiк бағдарын таңдауына кеңес беру;
- өз бетiнше жұмыс iздестiру тәсiлдерiн үйрету;
- жұмыс табуға әсер ететiн көпшiлiк шараларын өткiзу.
Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету. Есеп бойынша 2003 жылы жұмыс iздеп келгендердiң 8,0 мыңы жастар болады. Оның iшiнде 6,6 мыңы жұмыспен қамтудың белсендi түрiмен қамтамасыз етiледi. Жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтiк жағдайға қалыптасуына бейiмдеу мақсатында төмендегi шаралар қолданылады:
- бос және босаған жұмыс орындарына бiрiншi кезекте жастарды жұмысқа орналастыру;
- балалар үйлерiнде тәрбиеленгендердi, жетiм балаларды, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарды алдынала оқуына сәйкес лайықты жұмыс тауып берудiң есебiнен қоғамдық жұмыстарға жiберудiң пәрмендi шараларын қолдану;
- оқу орындарымен байланыстарды күшейтiп, ол жерлерде жұмыспен қамту қызметi күндерiн, "Ашық есiк" күндерiн өткiзу. Еңбек рыногындағы жағдайлармен жастарды таныстырып отыру, қажеттi кәсiптi, кәсiпкерлiкке үйрену мүмкiндiктерiн жасап, жұмысқа орналасуына, өз iстерiн ашуына көмек ету;
- жұмыссыз жастарды 2-3 түрлi аралас кәсiп түрлерiне оқытып, бiлiктiлiгiн арттырып отыру;
- әлеуметтiк көңiл-күйлерiн бақылап, кәсiптiк бағдарларының аумағын кеңейтiп отыруға көмектесу, оның iшiнде Талдықорған қаласындағы аймақтық жұмыспен қамту жөнiндегi көмек көрсету қорының базасында құрылған жастарға кеңес беру, оқыту және жұмысқа орналастыру орталығы арқылы;
- жұмыссыз жастар үшiн жұмыс iздестiру клубтарын ұйымдастыру;
- жастардың кәсiпкерлiктерiн дамытуға, соның iшiнде кәсiпорындар есебiнен арнайы оқыту курстарын ұйымдастыру, шағын несиелер мен жеңiлдiк несиелер бөлу есебiнен ықпал ету, жеке iстерiн ашуды ұйымдастыруға кеңес беру;
- жастар үшiн жұмыс табуға әсер ететiн көпшiлiк шараларын ұйымдастыру.
Ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға ықпал ету. Ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуына керiсiнше әсер ететiн жағдайлар еңбек сұранысының кемдiгi, ауыл аймақтарының шашырап орналасқандығы, жұмыс күшiне мезгiлдiк сұраныс, ауылшаруашылық және өнеркәсiп өндiрiстiк өнiмдерiнiң бағасының диспаритеттiгi (сайма-сай келмеуi).
Болжам бойынша 2003 жылы уәкiлеттi органдарға жұмысқа орналасуына ықпал ету үшiн 23,6 мың ауыл тұрғындары жүгiнедi. Әлеуметтiк қорғау және үш жылдық ауыл бағдарламасын орындау, жүзеге асыру жөнiнде келесi шаралар жоспарлануда;
- экономикалық жағдай туғызу есебiнен, ауылшаруашылық өндiрiсiн тұрақтандыру, ауылдық жерде жаңа жұмыс орнын ашу;
- жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру;
- ауыл тұрғындарына шағын несие бөлу, өз iсiн ашуға дайындау есебiнен кәсiпкерлiктi, өзiн-өзi жұмыспен қамтуды қолдау;
- қоғамдық жұмысты дамыту, оның түрлерiн кеңейту.
Селолық елдi мекендердi көрiктендiру жөнiндегi арнайы жобаларды, ауыз сумен қамтамасыз етудi, iшкi маңызы бар жолдарды салу мен жөндеудi, мәдениет үйлерiн, кiтапханаларды және т.б. қалпына келтiрудi қоғамдық жұмыстар есебiнен жүзеге асыру;
- жұмыссыздарды мамандықтар бойынша кәсiптiк оқыту, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн жетiлдiру, ауыл шаруашылығына қажет - тракторшыларды, комбайншыларды, фермерлердi, халық қол өнерi бұйымдарын жасаушыларды, тұрмыстық қызметiн көрсету саласындағы кәсiпке қайта даярлау;
- мерзiмдiк бос орын жәрмеңкесiн, бос жұмыс орнының шағын жәрменкесiн өткiзу, шаруашылық жетекшiлерiмен кездесу, жұмысшыларды iрiктеуге ықпал ету,
- ауылда тұратын аз қамтылған азаматтарға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету.
Аз қамтылған азаматтар санынан жұмыссыздарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету . 2003 жылы есепте тұрған 13,5 мың аз қамтылған отбасыларындағы жұмыссыздарға, егер олардың адам басына шаққандағы табысы кедейшiлiк деңгейiнен төмен болса, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Заңына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек алатын болады.
Тарау 5. 5. Еңбек рыногындағы әлеуметтiк әрiптестiк
5. Еңбек рыногындағы әлеуметтiк әрiптестiк
Аймақтағы әлеуметтiк еңбек шиеленiстерiн төмендетуге әлеуметтiк әрiптестiк жүйесi мүмкiндiк жасайды. Облыс Әкiмi мен Кәсiподақтар Одағы, облыс өндiрiсшiлерi мен кәсiпкерлерi Одағы арасында "Қазақстан Республикасындағы Әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Заңына сәйкес жыл сайын келiсiм-шарт қабылданады. Ол жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға, халықты әлеуметтiк қорғауға және әлеуметтiк әрiптестiктiң қызметiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi. Келiсiм шарт жұмыссыздарды жұмыспен қамту, " Халықты жұмыспен қамту" және " Қазақстан Республикасының еңбек туралы" заңдарының iске асырылуын бақылау шараларымен бiрге, халықты еңбекпен қамту бағдарламасының орындалуын қадағалайды. Осы үш жақты шартты iске асыру үшiн мынандай жұмыс шаралары жоспарланды:
- заңмен нақтыланған әр тараптың өкiлеттiлiгi шеңберiнде еңбек заңнамасының сақталуына бiрлескен бақылауды қамтамасыз ету;
- жұмысшылардың жаппай тегiс жұмыстан босатылып қалуына апарып соқтыратын, жұмыссыздықты өсiретiн шараларды болдырмау;
- жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруды көздейтiн және соның негiзiнде жұмыссыздықтың деңгейiн төмендететiн нормативтiк базаны жетiлдiру;
- мақсатты топтағы халықты жұмысқа орналастыруға ықпал ету. Жұмыс берушiлердiң осы адамдарды бiрiншi кезекте жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етушi шараларды қолдану;
- әлеуметтiк, экологиялық, экономикалық маңызды бағыттар бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлерiн кеңейтiп, дамытуға ықпал жасап отыру;
- бос орындар туралы берiлген ақпараттарды талдау, оны жұмыспен қамтылмаған халыққа тез жеткiзiп отыру;
- iшкi еңбек рыногын қорғауды қамтамасыз етiп, аймақтарға шетелдiк мамандардың қажеттiгiне сай мақсатты тартылуын бақылап отыру;
- мемлекеттiк кәсiпорындарды шетелдiк инвесторлардың қарамағына бергенде, мiндеттемелерiнде жұмыс орындарының сақталуын қарастыру.
Тарау 6. 6. Жұмыспен қамтудың ақпараттық базасы
6. Жұмыспен қамтудың ақпараттық базасы
Бүгiнгi таңда жұмыспен қамтылудың компьютерлiк жабдықталуы және ақпараттық базасы өз мiндеттерiне толық жауап бере алмауда, моральдық жағынан ескiрген және ол одан әрi жетiлдiрудi қажет етедi. Сол себептi жұмыссыздарды есепке алып, тiркеу, әлеуметтiк төлем есептеу, статистикалық есеп берудi құру, жұмыспен қамту iсi жөнiндегi бөлiмнiң әртүрлi бағыттардағы автоматтандырылған мәлiметтер банкiсiн даярлау үлкен қиындыққа ұшырауда.
Еңбек рыногын қалыптастыру жүйесiн басқаруды, жұмыс берушi мен жұмыссыз азаматтардың өзара әрекетiн қамтамасыз ететiн жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн материалдық базаны нығайтып, кең ауқымды ақпараттық технология мен ортаны құру керек.
Уәкiлеттi органның барлық бөлiмдерiнiң жұмысының ара қатынас байланыстарын арттыру үшiн, олардың арасында электрондық байланыс орнату үшiн, корпоративтiк байланысқа кiрiп, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң сайтына шығу үшiн, модем, телефондық жаңа жүйелер және компьютерлiк жаңа техника қажет.
Тарау 7. 7. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнiндегi
шараларды жүзеге асыруға жергiлiктi атқарушы
орындардың қатысуы
7. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнiндегi
шараларды жүзеге асыруға жергiлiктi атқарушы
орындардың қатысуы
Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi аймақтық уәкiлеттiк органдар Үкiметтiң жергiлiктi атқарушы органдарының басқаруында болып, жұмыспен қамтудағы шараларды солардың тiкелей қатысуымен мына негiзгi бағыттарда жүргiзедi:
- жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасының жобасын әзiрлеп, оларды бағыныстағы аумақтар арқылы iске асырады;
- аймақтағы еңбек рыногының жағдайын талдау;
- жұмыспен қамту iсi жөнiндегi Заңның аймақтық ұйымдарында орындалуын бақылау;
- жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қосымша жұмыс орындарын құруды қолдау;
- ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Тарау 8. 8. Қаржыландыру көздерi
8. Қаржыландыру көздерi
2003 жылғы халықты жұмыспен қамту бағдарламасы жұмысқа орналасуға ықпал ету, жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн жоғарылатуды ұйымдастыру, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шараларын облыстық бюджет қаржысының есебiнен қаржыландыруды қарастырады.
Жұмыспен қамту бағдарламасын орындауды қамтамасыз ету шығындары мына көлемде болады:
- жұмыссыздарды оқытуға және қайта даярлауға 103,2 млн. теңге;
- ақылы қоғамдық жұмыста iстегендердiң еңбек ақысына төлем - 210,11 млн. теңге.