Об организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в 2003 году Қолданыста
Басқа 0
2003 жылы балалар мен жасөспірімдердің жазғы дем алуын және сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылға арналған негізгі бағыттары туралы» Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2003-2005 жылдарға арналған «Ауыл мектебі» Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2003 жылғы 4 ақпандағы № 124 қаулысын орындау үшін, 2003 жылдың жазғы кезенінде балалар мен жасөспірімдердің демалуын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, сондай ақ, кәмелеттік жасқа толмағандардын құқық бұзушылығының, қылмысының және қараусыздығының алдын-алу, олардын творчествалық дамуы үшін кажетті жағдайлар жасау мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласы мен аудан әкімдері, білім департаменті 2003 жылы балалар мен жасөспірімдердің дем алуы мен сауықтырылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. Барлық лагерлер мен демалу зоналарының есебі жүргізілсін.
Сауықтыру лагерлері бар мемлекеттік мекемелердің басшылары 2003 жылдың 31 мамырына дейін оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, жан-жақты бұқаралық мәдени, спорттық және сауықтыру жұмыстары үшін қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінде қажетті жағдайдар жасап, материалды-техникалық базасын дайындасын. Лагерлерді қабылдау 2003 жылдың 9 маусымына дейін аудандық, қалалық комиссияларға тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Сауықтыру лагерлерін, мектеп жанындағы сауықтыру лагерлерін, мектептен тыс ұйымдардын жанындағы лагерлерді, мектеп жанындағы стационарлық спорттық лагерлердің демалыс және еңбек лагерлерін қаржыландыру балалар үшін мәдени іс-шараларлы өткізуге жергілікті бюджетте көзделген қаражаттар есебінен жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Қала мен аудан әкімдері, білім департаменті балалар мен жасөспірімдерді ұйымшылдықпен сауықтыру мақсатында;
аймақтардың ерекшелігін, экономикалық жағдайларын, ата-аналар мен балалардың, ұйымшылдықпен демалу қажеттілігін ескере отырып 2003 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жеткіншектердің демалу, сауықтырылу, жұмыспен қамтылу бағдарламасы әзірленіп бекітілсін;
жетім балалар мен аға-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған балалардың, адресті әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларың, мүгедек балалардың демалысын, сауығуын бірінші кезекте камтамасыз етсін;
күндізгі түзімде жұмыс істейтін балалар мен жеткіншектердің сауықтыру лагерлерінің желісін дамытуға жәрдемдессін;
жалпы білім беретін мектептердің, мектептен тыс ұйымдардың, еңбек және демалыс лагерлерінің жаңдарында лагерлер және мектептердін орман шаруашылығы ұйымдастырылсын;
балалар мен жеткіншектерді жұмыспен қамтамасыз етуге, олар үшін каникул кезеңінде еңбек заңнамасына сәйкес жеңіл еңбек бойынша уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыруға шаралар қабылдасын;
балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуын, олардың судағы қауіпсіздігін, сонымен қатар, балалардың сауықтыру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің директоры, білім және денсаулық сақтау департаменттері 2003 жылдың 1 маусымына дейін лагерлердін барлық типтерін педагогикалық, медициналық, музыкалық және спорттық қызметкерлермен жинақтасын.
Тармақ 5
5. Білім, денсаулық сақтау, департаменттері, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (келісім бойынша) лагерлердің мезгіл басына дайындығына бақылау орнатсын және балалардың демалуы кезінде өз құзыретіне сәйкес әдістемелік көмек жасасын.
Тармақ 6
6. Туризм және спорт басқармасы туған өлке бойынша туристік экологиялық маршруттарды әзірлесін.
Тармақ 7
7. Мәдениет басқармасы жазғы демалысты откізуге мәдениет мекемелерінің қатысуын қамтамасыз етсін, ішкі саясат департаменті, акпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша) бұқаралық ақпарат құралдарында жазғы кезенде балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және жұмыспен қамтуға дайындау және өткізу барысы жариялансын.
Тармақ 8
8. Денсаулық сақтау департаменті балалардың сауықтыру лагерлерін дәрі-дәрмекпен, дезинфекциялау құралдарымен және қажетті медициналық жабдықпен жарақтандыруға көмек көрсетсін. Қолданыста жүрген санитарлық нормаларға сәйкес балалардың денсаулығын сақтауды және сауығын ұйымдастыруды қатаң бақылауға алсын.
Тармақ 9
9. Ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (келісім бойынша), демалу аумағында қоғамдық тәртіпті, балаларды тасымалдау қауіпсіздігін сақтауды, балалардың су айдынындағы қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын қадағалауды қамтамасыз етсін. Балалардың сауықтыру лагеріне келіп кетуін жол полициясының ілесуімен жүзеге асырсын.
Тармақ 10
10. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы сауығын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның қоса берілетін құрамы бекітілсін.
Тармақ 11
11. Қаулының орындалу барысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Е. Есімхановқа жүктелсін.
Келісілді:
Облыстық ІІБ бастығы
Е. Тұрғымбаев
Келісілді:
ТЖ жөніндегі басқарма бастығы
М.Мұсабаев
Басқа 12. Комиссия мүшелері:
Облыс әкімдігінің
2003 жылғы «14» сәуірдегі № 84
«2003 жылы балалар мен жасөспірімдердің
жазғы дем алуын және сауықтырылуын,
жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру
туралы» қаулысына қосымша
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Есімханов Қуат Есімханұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Денкенова Сайран Әбілқайырқызы - білім департаментінің бастығы, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері:
Беньковский Леонид Борисович - мемлекеттік эпидимиологиялық қадағалау басқармасының бас дәрігері
Каргополов Юрий Васильевич - облыстық қәсіподақтар комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Күтербеков Дулат Қазистайұлы - Петропавл қаласы әкімінің орынбасары
Мұхамедиева Қазиза Теңдікқызы - қаржы департаменті бастығының орынбасары
Нұкышев Сейітжан Ғалымжанұлы - мемлекеттік өрт қауіпсіздігі қызметінің бастығы
Нұржанова Жамал Рақымбекқызы - Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның әкімі
Шагимарданов Олег Гиреевич - мемлекеттік судан құтқару қызмет бастығы
Яковенко Сергей Иванович – еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті бастығының орынбасары