О проведении призыва граждан на срочную военную службу в 2003 году Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылы азаматтарды мерзімді
әскери қызметке шақыруды
өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 10.04.2003 № 21 шешімімен.
«Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2003 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін:
Тармақ 1
1. Облыстық қалалары мен аудандарының әкімдері:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларын құрсын. Комиссиялардың төрағалары етіп тиісті қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларын тағайындасын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және 2003 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын 1976-1985 жылдары туған барлық азаматтардың әскерге шақыру пункттеріне ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) әскерге шақырылғандарды медициналық куәландыру және жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын: тұрғылықты жерлерінен қалалық/аудандық әскери комиссариаттардың шақыру комиссияларына дейін және кері қарай; тұрғылықты жерлерінен облыстық медициналық комиссиядан өту үшін Қарағанды қаласының облыстық жиналу пунктіне дейін және кері қарай және тұрғылықты жерлерінен әскерлерге аттандыру үшін Қарағанды қаласының облыстық жиналу пунктіне дейін.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық әскерге шақыру комиссияларының қызметін басқару және бақылау үшін облыстық әскерге шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Тоғжанов Ералы
Лұқпанұлы
- облыс әкімінің орынбасары - комиссия төрағасы
Түлекбаев Мейрамбек
Әбсатарұлы
- облыстық әскери комиссар - комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әуезов Әміржан
Таңатарұлы -облыстық әскери комиссариаттың 2-ші бөлім бастығының орынбасары – медициналық комиссия төрағасы
Кенжебаев Нұрбай
Жақсыбайұлы
- облыстық денсаулық сақтау басқармасы
бастығының орынбасары
Құсайынов Ерназар
Кеңесұлы
-
ішкі істер бас басқармасы бастығының орынбасары
Шинкорук Галина
Васильевна
- комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. Облыстық әскери комиссар (М.Ә.Түлекбаев) әскерге шақыру мәселелері бойынша белгіленген шараларды (медициналық комиссияларды қамтамасыз ету, шақырылғандарды жеткізу және оларды тамақтандыру, мекен-жайларды санитарлық тазалау, байланыстың үздіксіздігі, ғимараттар мен мекен-жайларды жөндеу және т.б.) орындау үшін “Мемлекеттік сатып алу туралы” ҚР Заңына сәйкес тиісті ұйымдармен және мекемелермен келәсәм шарттар жасасын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К.Ермекбаев) облыстық, аудандық және қалалық медициналық шақыру комиссияларын маман-дәрігерлермен және орта медициналық құраммен жасақтасын (барлық медициналық қызметтер – келісім шарттар негізінде).
Тармақ 5
5. Облыстық санэпидемстанциясы (С.Т.Сәтеков) облыстық жиын пункті мекен-жайларының күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Ішкі істер Бас басқармасы (Курбатов В.Н.) әскерге шақырылудан жалтарғандырдың іздестірілуін және ұсталуын, әскерге шақырылғандар командаларын аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (Б.Р.Аманов) облыстық жиын пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л.Громов) облыстық әскери комиссариаттарымен бірлесіп әскери-патриоттық және тәрбие шаралын өткізу ұшін әскерге шақырылатын жастармен әскери-спорттық жиындар өткізсін, соғыс, енбек және Қарулы Күштер ардагерлерімен, әскери қызметшілермен кездесулер ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Облыстық мәдениет департамент (Р.К.Омарбекова) әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салған күндері әскерге шақырылған жастар алдында көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың өнерін, әскери-патриоттық тақырыптарға көркем фильмдерді көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы (А.К.Молотовник) азматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырумен байланысты шараларды осы мақсатқа бөлінген қаржылар шектерінде қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.