О ходе подготовки к проведению весенне-полевых работ в 2003 году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылғы көктемгі дала жұмыстарын өткізуге дайындық барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қарағанды облысы әкімшілігінің аппарат Басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен. Әкімият егіс науқаның ұйымдастқан түрде өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар жұмыстардың атқарылғанын атап көрседеті. 2003 жылға арналған агроазық-түлік бағдарламасына сәйкес астық себу аумаған 830 мың гектарға, көкөнес және картоп - 2,6 мың га, май шығыратын дақылдар - 0,5 дейін жеткізу жоспарланған. Жалпы облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер астық, картоп, көкөніс тұқымдарымен қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде астық тұқымдарының шығымдылығын тексеру, оларды тазарту, техникаларды даярлау, ауыл шаруашылығы құрылымдарын жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар аудандардың жекелеген ауыл шаруашылығы құрылымдарында техника, дәнді дақылдар тұқымдарын дайындау артта қалушылықпен атқарылуда. Көктемгі дала жұмыстарын уақытында жүргізу мақсатында облыстық әкімият қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) 2003 жылға арналған агроазық-түлік бағдарламасының және көктемгі дала жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу жөніндегі жоспардың іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) көктемгі дала жұмыстарына дайындалудың келесі мерзімдерін белгілесін: 2003 жылғы 10 сәуірге дейін астықтың тұқымдық материалдарын әзірлеуді аяқтау; 2003 жылғы 10 сәуірге дейін барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасының жұмысқа жайындығын камтамасыз ету; 2003 жылғы 20 сәуірге дейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағар материалдарымен толық қамтамасыз ету мәселесін шешу.
Тармақ 2
2. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Т.Б.Даутов):
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қысқа мерзімде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуде іс жүзінде көмек көрсетсін;
Тармақша 2
2) республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттік қаржылырдың мақсатты бағытында пайдаланылуын және оның уақытында қайтарылуын қамтамасыз етсі;
Тармақша 3
3) коммерциялық фирмалармен және зауыттар басшыларымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өзара тиімді жағдайда жанар-жағар май материалдары мен қосалқы бөлшектер жеткізу жөнінде жұмыс істесін.
Тармақ 3
3. Облыстық мәдениет басқармасы (Р.К.Омарбекова) концерттік бригадалар мен театрлардың алыстағы шаруашылық қожалықтарын қамти отырып, аудандарға шығуын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Қарағанды телерадио хабарларын таратушы компаниясы (Ә.Ә.Әбдәкімов), “Индустриальная Караганда”, “Орталық Қазақстан” газеттерінің редакторлары (С.М.Кемелбаев, М.С.Сембаев) бұқаралық ақпарат құралдарында көктемгі дала жұмыстарының өткізілу барысын тұрақты жарияласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімнің орынбасары С.Т.Тұңғышбековке жүктелсін.