Об утверждении Правил назначения и выплаты и об определении размеров материальной помощи участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и малообеспеченным гражданам в 2003 году Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы және тағайындау мен төлеу Ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 26.12.2003 № 287 қаулысымен. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына және «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2003 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмекті тағайындау мен төлеу ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ай сайын 230 теңге сомасында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және біржолғы, құжаттама үшін фотосуретке 200 теңге сомасында және куәлікке 174 теңге сомасында аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек мөлшері белгіленсін.
Басқа 3. 2003 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмектi тағайындау және төлеу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 68 қаулысына қосымша 2003 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмектi тағайындау және төлеу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы жағдайлар
1. Жалпы жағдайлар Осы ережелер құжаттама үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсету тәртібін реттейді.
Тарау 2. 2. Материалдық көмектi тағайындау тәртiбi
2. Материалдық көмектi тағайындау тәртiбi Материалдық көмек өтiнiш беру нысанын алып жүреді. Материалдық көмекті тағайындау туралы арызды, оны алуға құқығы бар тұлға мекен-жай орны бойынша аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына бередi. Материалдық көмекті өтінген тұлға белгіленген нысан бойынша материалдық көмекті тағайындау туралы арызды тапсырады. Материалдық көмекті тағайындау үшін арызды қарау материалдық көмекті тағайындау жөнiндегi комиссия мен 10 күндiк мерзiмде іске асырылады. Материалдық көмектi тағайындауда дәлелді бас тарту жағдайында өтiнiш берушiге бұл туралы жазбаша хабарланады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерді үшін материалдық көмекті есептеу 2003 1 қаңтардан жүргізіледі, төлеу-арыз берген күннен. Аз қамтылған азаматтар үшін материалдық көмектi тағайындау және төлеу арыз берген күннен мезгілді жүргізіледі. Тапсырылған ақпараттың нақтылығын растайтын толық жауапкершілікті арызды қабылдар алған тұлғалар алып жүреді. Жасалған төлемдерден кейін қандай да бұзушылықтарды немесе нақты емес мәліметтерді анықтау жағдайында, заңсыз төленген сомалар қолданыстағы заңнамадағы белгіленген тәртіпте кінәлілерден алынады.
Тарау 3. 3. Материалдық көмектiң төлеу
3. Материалдық көмектiң төлеу Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмектi төлеу аудан бюджетінің қаражат есебiнен іске асырылады. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы комиссия шешімінің негізінде есептеуді жүргiзедi және материалдық көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн құрастырады және аудандық қаржы басқармасына қаржыландыру ай сайын тапсырыстарды береді. Материалдық көмекті төлеу банкілік операциялардың түрлері бар, заңнамамен белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Материалдық көмекті төлеу өткен айға жүргізіледі. Материалдық көмекті төлеу алушының қайтқан күнінен тоқтатылады.
Тарау 4. 4. Атаулы материалдық көмектiң төленуiне бақылау жасау
4. Атаулы материалдық көмектiң төленуiне бақылау жасау Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы АХАЖ (азаматтық хал актiлерiн жазу) органдарынан материалдық көмек тағайындаған тұлғалардың қайту жағдайлардың тiркеу туралы мәлiметтерді сұратады. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы Зейнетақыны төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың аудандық бөлiмшесiнен Қазақстан Республикасы аумағының шегінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi жөнiндегi туралы мәлiметтерге сұрастырады. Материалдық көмек заңсыз төленген бойынша құжаттарды дұрыс ресімдегені үшін, лауазымды тұлғалар, олардың кінәләрі бойынша бұл болғанда заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілікті алады. Төленген сомаларға бақылау жасау материалдық көмекті төлеуді жүзеге асыратын конкурс жеңімпаздары мен аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы арасында салыстыру-актілер негізінде ай сайын жүзеге асырылады. Аудандық қаржы басқармасы материалдық көмекті төлеуге бюджет қаражатын дұрыс жұмсауға келесі тексерістерді жүзеге асырады.