Об открытии весенней охоты в 2003 году Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылы көктемгі құс аулау маусымын ашу туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін көбейту және пайдалану туралы" Заңдарына сәйкес, жабайы аталық үйректердің санын реттеу, тұрғындардың спорттық-әуесқойлық қажетін қанағаттандыру мақсатында және облыстық аумақтық орман және аңшылық басқармасының көктемгі құс аулау науқанын өткізу туралы ұсынысын ескере келіп, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында жабайы аталық үйректерді (Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген түрлерінен басқа) еліктіруші үйректер мен қарақшы қою арқылы спорттық-әуесқойлық аулауға 2003 жылғы 5-15 сәуір аралығында 10 күнге рұқсат етілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы аңшылықпен пайдаланушыларға қолданыстағы заңнамалық тәртіп бойынша рұқсат қағаздары мен жолдамалар берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы, облыстық орман мен жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту басқармасы, БҚО ішкі істер басқармасы аңшылардың аң аулау тәртібі мен Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамаларын сақтауына бақылау мен браконьерлікке қарсы күресті күшейтсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Есенғалиевке жүктелсін.