Об открытии весенней охоты на селезней диких уток и петухов тетерева на территорий Акмолинской области в 2003 год» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылы Ақмола облысының аумағында жабайы үйректердің кежектерін және құрлардың әтештерін көктемгі аулау кезеңін ашу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 31.12.2004 № А-1/332 қаулысымен. Қазақстан Республикасының «Жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Министлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қыркүйектегі №1282 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында аң аулау құқығын беру тәртібі туралы ережеге» сәйкес және аңшылықпен айналысушылардың өтінімдері негізінде облыс әкімдігі қаулы етті:
Тармақ 1
1. Су айрықтарында тасадан үйрек қуыршағы мен тұлыбын, алдамшы жем пайдалану арқылы жабайы үйректер кежектерін, құр әтештерін аулаудың көктемге кезені ашылсын:
Тармақша 1
1) облыстың оңтүстік аймағы үшін 2003 жылғы 19 сәуірден 28 сәуірге дейн;
Тармақша 2
2) облыстың солтүстік аймағы 2003 жылғы 26 сәуірден 4 мамырға дейн (1 қосымша); Құрлардың әтештерін құсойнақта 2003 жылдың 19 сәуірден 28 сәуіріне дейн күркеден атуға ғана рұқсат етілсін.
Тармақ 2
2. Жабайы үйректердің кежектерін және құрлардың әтештерін аулап пайдаланушыларға лимит белгілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының «Жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы» Заңына сәйкес аң шаруашылығын жүргізу құқығын алған аң аулаушыларға рұқсат беру, белгіленген тәртіп бойынша республикалық бюджетке тәлем аударуды қамтамасыз ету, сондай-ақ атылған құстардың түрлері бойынша есеп жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Атуға тыйым салынсын: құрларды жақыннан көлікпен қуып ойықты ұңғылы аңшылық қарудан; Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жабайы үйрек кежектерін; тоғандарда құстардың үйірлеріне жақындап; қаздарды, сарыалаүйректерді (италаүйректер), сондай-ақ жабайы үйрек пен құрлардың ұрғашыларын атуға тыйым салынсын.
Тармақ 5
5. Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы көктемгі аң аулауды жүргізу тәртібін белгілесін.
Тармақ 6
6. Облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасына, облыстық ішкі істер бас басқармасына, аңшыларға аң аулайтын жерлерді және табиғатты қорғау заңнамаларын сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Басқа 10
Қосымша 1 Облыс әкімдігінің 2003 ж. 14.04. № а-4/122 «2003 жылы Ақмола облысының аумағында жабайы үйректердің кежектерін және құрлардың әтештерін атудың көктемгі кезеңін ашу туралы» қаулысы ОБЛЫС АЙМАҚТАРЫ Оңтүстік Солтүстік Ақкөл Енбекшілдер Астрахан Зеренді Атбасар Щучье Аршалы Бұланды Егіндікөл Ерейментау Есіл Жарқайың Жақсы Қорғалжын Сандықтау Шортанды Целиноград
Басқа 11
Қосымша 2 Облыс әкімдігінің 2003 ж. 14.04. № а-4/122 «2003 жылы Ақмола облысының аумағында жабайы үйректердің кежектерін және құрлардың әтештерін атудың көктемгі кезеңін ашу туралы» қаулысы 2003 жылғы көктемгі құс ату кезеңіндегі үйректердің ұрғашысын аулау лимиті № Аң аулаушылар атауы Үйректердің ұрғашысын ату лимиті Құр әтештерін ату лимиті 1. Ақмола облыстық аңшылар және балықшылар қоғамы 2000 180 2. Көкшетау ауданаралық аңшылар және балықшылар қоғамы 1000 330 3. «Грань» ЖШС 300 200 4. «Жасыл аймақ» РМК 300 – 5. «Нива» ЖШС 200 –