О квоте иммиграции оралманов на 2003 год Қолданыста
Басқа 0
Оралмандардың 2003 жылға арналған кқшіп келу квотасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 "Оралмандардың 2003 жылға арналған кқшіп келу квотасы туралы"» Жарлығын және Қазақстан Республикасы қкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы № 250«"Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 "Оралмандардың 2003 жылға арналған кқшіп келу квотасы туралы"»Жарлығын іске асыру туралы"» қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Алыс және жақын шетелдерден отандастарымызды қабылдау квотасы бекітілсін (тіркелді).
Тармақ 2
2. Оралмандардың отбасыларын қабылдау мен жайғастыруға арналған шығындар (біржолғы жәрдемақылар, кқлік шығындарын қтеу, тұрғын үй сатып алу, бейімделу орындарын ұстау және оралмандар отбасыларын ұйымдастыру шығындары) республика бюджетінен қаржыландыратыны қатерге алынсын.
Тармақ 3
3. Атырау қаласы және аудан әкімдері, Атырау облысы бойынша кқші қон және демография басқрмасы (келісіммен) оралмандардың отбасыларын қабылдап, жайластыруды және олар үшін қажетті әлеуметтік тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы оралмандар отбасыларына медициналық кқмек кқрсетуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Атырау облысы бойынша ішкі істер басқармасы (келісіммен) белгіленген орындарға дейін жүру кезінде және қоныстанатын жерлерінде оралмандардың жеке басының және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оралмандардың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуына жәрдемдессін.
Тармақ 6
6. Атырау облысы бойынша жер ресурстарын басқару жқніндегі комитеті (келісіммен) заңнамада белгіленген тәртіппен оралмандарға жер телімдерін беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Атырау облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы оралмандардың оңтайлы жұмысқа орналастыру жүйесін, қажет болған жағдайда оқыту және қайта мамандандыру мүмкіндігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Атырау облыстық білім беру басқармасы оралмандардың білім және мамандық алуына, балаларының білім алуына жәрдемдессін.
Тармақ 9
9. Атырау облыстық телерадиокомпаниясы (келісіммен) оралмандардың келуі мен жайғастыру мәселелерін кеңінен жарияласын.
Тармақ 10
10. Атырау облыстық мәдениет басқармасы жергілікті ақсақалдар, жастар, облыс, қала және аудандағы еңбегі сіңген адамдардың оралмандармен салтанатты кездесу кештерін өткізсін.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Басқа 12
Облыс әкімінің
2003 жылғы 9 сәуірдегі
№ 28 шешіміне қосымша
Атырау облысы бойынша қоныстанушы оралмандардың 2003 жылға бөлінген көші-қон квотасы
Рет саны
Оралмандар орналасу аудандары
Өзбекстан Республикасы
Барлығы
1
Атырау қаласы
16
16
2
Исатай
3
Жылыой
58
58
4
құрманғазы
5
Мақат
6
Индер
7
Қызылқоға
8
Махамбет
2
2
Барлығы
76
76