О первоочередных противопадковых мероприятиях 2003 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылғы су тасқынына қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 27.05.2004 № 64 қаулысымен. Күзгі маусымдағы ылғалдың көптігі және қыс мезгілінде жер қабатының 120 см дейін қатуы, ауданның өзеншелері мен су қоймаларындағы қар қорының көптігі қатты су тасқынына қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Тасқын су мен еріген қар суын апатсыз өткізуді қамтамасыз ету, шаруашылық кешенінің объектілерін, су қоймалары мен тоғандардағы гидротехникалық құрылыстарды, автокөлік жолдарын, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі №19-1 Заңының 13 бабына, "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы №100-1 Заңының 5 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімінің орынбасары Молдабек Мұрат Ақболатұлының төрағалық етуімен су тасқынына қарсы комиссия құрылсын (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан аумағында су тасқынына қарсы шаралар бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 3
3. Ауылдық округтердің әкімдері, шаруашылық субъектілерінің басшылары су қоймалары мен тоғандарды суға толтырып алуды бақылауға алсын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету және әлеуметтік сана объектілерінің тасқын су кезінде тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етсін. Тасқын су қарсы шаралардың белгіленген орындалу мерзімін сақтайтын болсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалу барысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Молдабек Мұрат Ақболатұлына жүктелсін.
Басқа 5. Су тасқынына қарсы аудандық комиссияның құрамы
Аудан әкімдігінің 2003 жылғы 02.27. N 22 қаулысына қосымша N 1 Су тасқынына қарсы аудандық комиссияның құрамы Молдабек Мұрат Ақболатұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ахмадиев Қайыржан Жүнісұлы - аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Ахметқалиев Хайрулла Теміршеұлы - Ақжайық жол пайдалану кәсіпорнының шебері (келісім бойынша) Байарыстанов Бақытжан Сагидоллаұлы - Теректі жол пайдалану кәсіпорнының шебері (келісім бойынша) Бахытов Сүлеймен Амандықұлы - N 2 Федоров жол пайдалану кәсіпорнының шебері (келісім бойынша) Бойко Александр Евгеньевич - ауданның санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі бас дәрігері (келісім бойынша) Жақсымбетов Жігер Сұлтанұлы - Теректі аудандық полиция бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Майранов Нұрболат Сапығалиұлы - Ақжайық аудандық электржелілері бастығы (келісім бойынша) Наурызғалиев Құспан Наурызғалиұлы - аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) Мурашкинцев Владимир Александрович - Теректі аудандық электржелілері бастығы (келісім бойынша) Покотило Иван Дмитриевич - Теректі телекоммуникация торабының бастығы (келісім бойынша) Қатабаев Ғұсман Құтыбайұлы - аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы Шапошников Василий Семенович - аудан әкімі аппаратының бас маманы
Басқа 6. Теректі ауданының халқын және аумағын су тасқынынан қорғау жөніндегі су тасқынына қарсы шаралар
Аудан әкімдігінің 2003 жылғы 02.27. N 22 қаулысына қосымша N 2 Теректі ауданының халқын және аумағын су тасқынынан қорғау жөніндегі су тасқынына қарсы шаралар № Шаралар Жауапты орындаушылар Орындалу мерзімдері 1. Ведомстволық қарасты аумақтарда және объектілерде тасқын суды апатсыз өткізу жөнінде шаралар әзірлеу Ауылдық округтердің әкімдері, шаруашылық объектілерінің басшылары Қардың күрт еруі басталғанға дейін 2. Аудандық шұғыл бағдарлау отрядының техникасын дайындыққа келтіру, құтқару, апаттық және басқа да болжанбаған жұмыстарды жүргізу үшін дизельдік майдың қажетті қорын жасақтау Аудан әкімі аппаратының бас маманы Ахмадиев К.Ж., аудандық қызмет орындарының бастықтары 10 наурызға дейін 3. Су қоймалары мен тоғандарда жауапты адамдардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз ету Ауылдық округтердің әкімдері, шаруашылық объектілерінің басшылары Тасқын су өту кезінде 4. Ғимараттар мен құрылыстардан суларды бұрып жіберу жөніндегі жұмыстар үшін инженерлік техникалардың кезекшілігін қамтамасыз ету Ауылдық округтердің әкімдері, шаруашылық объектілерінің басшылары Тасқын су өту кезінде 5. Суды бұрып жіберетін арықтарды судан тазарту, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін тасқын суды жинақтап алуды қамтамасыз ететін су қоймаларындағы түсіру механизмдерінің дер кезінде ашылып, жабылуын қамтамасыз ету Ауылдық округтердің әкімдері, шаруашылық объектілерінің басшылары Қардың күрт еруі басталғанға дейін, еріген қар суы кеткенге дейін 6. Республикалық және жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарында суды құбырлар мен су жібергіш құрылыстар арқылы өткізуге дайындау. Қиыршық тас, қапталған құм әзірлеу, техникаларды дайындыққа келтіру және оларды бағыттар бойынша бекіту, су тасқынынан бұзылған автожол өткелдерін тез қамтамасыз ету Ақжайық, Теректі, N2 Федоров жол пайдалану пункттері Тасқын су өту барысында 7. Тұрақты байланыстың болуын, электрқуатының үзіліссіз берілуін қорғауды, сақтауды қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар әзірлеу Ақжайық, Теректі электржелілері, Теректі аудандық телекоммуникация торабы Тасқын су өту барысында 8. Су басқан аумақтардан ауыл шаруашылығы малдарды айдау жолдарын қарастыру және олар тұрған жерлерде жем, шөп қорын жасақтау Аудандық округтердің әкімдерімен бірлесіп аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, шаруашылық объектілерінің басшылары 9. Оқу орындарын, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін су тасқыны кезінде су басып кетуден қорғау жөнінде қажетті жұмыстар жүргізу Аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет бөлімдерінің басшылары Су тасқыны басталғанға дейін және оның өтуі кезеңінде 10. Емдеу мекемелерін дәрі-дәрмектердің және азық- түліктің қорымен қамтамасыз ету, тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың шығуы мен су жолы арқылы таралуының алдын алу мақсатында енді мекендердің санитарлық- гигиеналық жағдайына бақылауды күшейту Аудандық денсаулық сақтау бөлімі, аудандық санитарлық- эпидемиологиялық станция Су тасқыны басталғанға дейін және оның өтуі кезеңінде 11. Су тасқынына қарсы шаралардың орындалу барысын үйлестіріп отыру және бақылауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығына сәйкес су тасқына кезіндегі төтенше жағдайларды жою барысында материалдық техникалық ресурстарды жұмылдыру Аудандық су тасқынына қарсы комиссия Су тасқыны кезеңінде және су тасқыны аяқталғанға дейін