О квоте иммиграции оралманов на 2003 год Қолданыста
Басқа 0
Оралмандардың 2003 жылға арналған
көшіп келу квотасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің “Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы” 2003 жылғы 10 ақпандағы №1017 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Қазақстан Республикасы Президентінің “Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы” 2003 жылғы 10 ақпандағы №1017 Жарлығын іске асыру туралы” 2003 жылғы 14 наурыздағы №250 қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы Өзбекстаннан көшіп келетін 565 отбасы көлемінде қабылдансын және орналастыру схемасы бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру жөніндегі іс-шаралар бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қарағанды облыстық көші-қон және демография басқармасы, қалалар және аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) Осы мақсатқа арналған 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржылар шегінде көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар отбасын кабылдауды және орналыстыруды қамтамасыз етсін. Оларға орналасқан орындарда бейімделу үшін жағдайлар жасасын, сонымен қатар мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өзінің тарихи Отанына келуге мүмкіндігі жоқ қазақ ұлтты тұлгалардың ұйымдасқан түрде көшуін іске асырсын;
Тармақша 2
2) осыған ұқсас шешімдер қабылдасын және 2 апталық мерзімде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық ахуалық ескере отырып, оралмандар отбасыларын жинақы орналастыруға арналған елді-мекендер тізбесін әзірлесін және белгіленген тәртіп бойынша облыстық әкімиятқа ұсынсын.
Тармақ 4
4. Қарағанды облыстық көші-қон және демография басқармасы 2003 жылғы 25 желтоқсанға дейін осы шешімнің орындалуы туралы ақпарат тапсырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімнің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.
Басқа 1. 2003 жылы көшіп келу квотасынан тыс Қарағанды облысына
келетін оралмандар отбасыларын орналастыру
СЫЗБАСЫ
«Облыс әкімінің 2003 жылғы
25 сәурдегі «Оралмандардың
2003 жылға арналған көшіп келу
квотасы туралы» № 22 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы» облыс
әкімінің 2003 жылғы 13 тамыздағы
№28 шешіміне 1 қосымша
2003 жылы көшіп келу квотасынан тыс Қарағанды облысына
келетін оралмандар отбасыларын орналастыру
СЫЗБАСЫ
№
Қалалар мен аудандар атауы
Отбасылар саны
1.
Қарағанды
85
2.
Теміртау
85
3.
Жезказған
25
4.
Балқаш
20
5.
Сәтпаев
20
6.
Саран
30
7.
Шахтинск
30
8.
Абай ауданы
70
9.
Осакаров ауданы
70
10.
Нұра ауданы
60
11.
Бұқар жырау ауданы
70
ЖИЫНЫ
565
Басқа 2. 2003 жылы көшіп келу квотасы бойынша Өзбекстаннан көшіп келген
565 оралмандар отбасын қабылдау және орналастыру жөніндегі
ІС ШАРАЛАР
Облыс әкімнің
2003 жылғы 25 сәуір
“Оралмандардың 2003 жылғы арналған
көшіп келу квотасы туралы”
№ 22 шешіміне № 2 қосымша
2003 жылы көшіп келу квотасы бойынша Өзбекстаннан көшіп келген
565 оралмандар отбасын қабылдау және орналастыру жөніндегі
ІС ШАРАЛАР
№
Іс - шаралар атауы
Орындалу
мерзімі
Жауаптылар
1.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Президентінің “Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы” 2003 жылғы 10 ақпандағы №1017 Жарлығын іске асыру туралы» 2003 жылғы 14 наурыздағы №250 Осы мақсатқа арналған 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржылар шегінде көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар отбасын қабылдауды және орналастыруды қамтамасыз ету.
Сәуір-қараша
Республикалық
бюджеттен
қаржыландыруға
байланысты
Қарағанды облыстық көші-қон және демография басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері
2.
Қазақстан Республикасы көші-қон және демография Агенттігінен келіп түскен оралмандардың өтініштері мен құжаттарына жан-жақты талдау жасау және 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізу және оралман статусын беру туралы шешім қабылдау
Сәуір-мамыр
Қарағанды облыстық көші-қон және демография басқармасы
3.
2003 жылға араналған көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар отбасыларына біржолғы жәрдемақылар, көлік және жүк тасымалдау шығыстарын төлеу шығындарын қаржыландыруды қамтамасыз ету
Көшіп келу іс-шараларына арналған шығыс сметасына сәйкес
Қарағанды облыстық көші-қон және демография басқармасы
4.
Келген оралмандар отбасыларын тіркеу және облыс аумағында тұру және жүріп-тұруына арналған тиісті құжаттарын ресімдеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Келгеннен кейін бір ай ішінде
Қарағанды облыстық ІІББ көші-қон басқармасы
5.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы “Оралмандардың отбасылары үшін тұрғын үй сатып алу ережесін бекіту туралы” №605 қаулысына сәйкес келген оралмандар отбасыларын қамтамасыз ету үшін тұрғын үйде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
Жыл бойына, Республикалық бюджеттен қаржы түсуіне байланысты
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы
6.
Оралмандар отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін олардың біліктілігі мен мамамдығына сәйкес жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар қабылдау, сондай-ақ еңбек рыногында қажетті мамандықтарға даярлау және қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Келуіне қарай
Облыстық еңбек, халықты жұмыс пен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Қарағанды облыстық көші-қон және демография басқармасы, қалалар әкімдері
7.
Облысқа тұрғылықты тұруға келген оралмандарға зейнетақы және жәрдемақылар төлеу бөлігіндегі әлеуметтік мәселелерді шешу
өтініштері бойынша
Облыстық еңбек, халықты жұмыс пен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы
8.
Тұрғын үй құрылысы және шаруашылық қызметін дамыту үшін жер телімдерін бөлуді қамтамасыз ету
өтініштері бойынша
Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитет, көші-қон және демография басқармасы
9.
Қарағанды облыстық көші-қон және демография басқармасы отбасыларын қабылдау және орналастыру үшін қажетті көлікпен камтамасыз ету
Келуі бойынша
Жолаушылар көлігін басқару қызметі
10.
Облыс аумағанда және орналасу орындарына барар жолда оралмандардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қабылдау кезеңінде
Облыстық ішкі істер бас басқармасы
11.
Облысқа келген оралмандарға ақысыз медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Көрсетілетін медициналық қызмет көрсету тізімін анықтау.
Келуі бойынша
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
12.
Білім беру мекемелерінде оралмандар балаларын оқыту және тәрбиелеуді, сондай-ақ қажетіне қарай қосымша сыныптар аша отырып, жасы үлкен бөлігін қазақ әліпбиіне оқытуды ұйымдастыру
үнемі
Облыстық білім департаменті
13.
Оралмандарға кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (ұлттық кәсіпті жаңғырту, фермерлік және шаруашылық қожалықтарын ұйымдыстыруға көмек көрсету
Оралмандар өтініштері бойынша
Қалалар және аудандар әкімдерінің аппараттары
14.
Бұқаралық ақпарат құралдарында оралмандар отбасыларын қабылдау және орналстыру мәселелерін жариялау
үнемі
Телерадиокомпания,облыстық «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» газетінің редакциясы