О кредитовании сельхозтоваропроизводителей области на проведение весенне-полевых и уборочных работ 2003 года за счет средств республиканского бюджета Күшін жойған
Басқа 0
Облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін
2003 жылғы көктемгі-далалық және егін
жинау жұмыстарын жүргізу үшін
республикалық бюджет қаржысы есебінен
несиелендіру туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2004 № 32 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің"2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" 2003 жылғы 21 қаңтардағы N70 қаулысына, "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 21 желтоқсандағы N28-1 шешіміне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 11 ақпандағы N 29-2 шешіміне (тіркеу N1892, 1964) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған:
Тармақша 1
1) Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 2003 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы есебінен қарыз алушы оператор арқылы несиелендіру Ережесі (N 1 қосымша);
Тармақша 2
2) Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 2003 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы есебінен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар арқылы несиелендіру Ережесі (N2 қосымша);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдарды таңдау жөніндегі Комиссия құрамы (бұдан әрі - Комиссия) N3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) 83 "Көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру" бағдарламасының әкімшісі болып, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті;
Тармақша 2
2) көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ұсақ тауарлы ауыл шаруашылығы құрылымдарын тауарлы несиемен одан әрі несиелендіру үшін несиелік қаржыны алу жөніндегі оператор болып, "Батыссервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны белгіленсін.
Тармақ 3
3. 2003 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер алуға және ауыл шаруашылығы техникаларын жалдауға немесе сатып алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру үшін республикалық бюджеттен қарызға алынған 190,0 млн. теңге сомасындағы қаржы Бағдарлама әкімшісіне бөлінсін.
Тармақ 4
4. Бағдарлама әкімшісі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруді N1, 2 қосымшадағы несиелендіру Ережелеріне сәйкес жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) егіс алаңының көлеміне және өтемді кепілді мүліктердің болуына қарай несие берілетін шаруашылықтардың тізбесін белгілесін;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алған несиені мақсатты жұмсауына қатаң бақылау орнатсын.
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алған несиені дер кезінде қайтаруы үшін жеке жауапкершілік аудан әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті республикалық бюджеттен қаржы алуға құжаттарды дер кезінде рәсімдеуді және оның белгіленген мерзімінде қайтарылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары А. К. Есенғалиевке және А. К. Нұрғалиевке жүктелсін.
Басқа 16. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілерін 2003 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау
жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы
есебінен қарыз алушы-оператор арқылы несиелендіру
ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімдігінің
2003 жылғы 17 ақпандағы
N 48 қаулысына N1 қосымша
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілерін 2003 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау
жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы
есебінен қарыз алушы-оператор арқылы несиелендіру
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы N362 Заңында қаралған "Көктемгі далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттерді несиелендіру" 84-ші бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 70 қаулысына сәйкес жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер алуға және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға немесе жалдауға несие берудің тәртібін және шарттарын белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1) Осы Ережеде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
несие беруші - жергілікті атқарушы орган;
бюджеттік несие - несие берушінің республикалық бюджеттен шұғылдылық, төлемдік және қайтарымдылық шарттарымен берген ақшасы;
қарыз алушы-оператор (бұдан әрі - қарыз алушы) - бюджеттік несиені алушы "Батыссервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
соңғы қарыз алушы - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер, тауарлы несиені алушылар;
бюджеттік несие жөніндегі берешек - қарыз алушының бюджеттік несиені белгіленген күнге өтемеген және кестеге сәйкес төлемеген төлемдер сомасы;
бағдарлама әкімшісі - облыстық ауыл шаруашылығы департаменті.
Тарау 2. 2. Несиелендіру тәртібі
2. Несиелендіру тәртібі
Тармақша 1
1) Соңғы қарыз алушыны товарлы несиелендіру үшін бюджеттік несие беру туралы қарыз алушымен шарт жасасуды Несие беруші атынан Бағдарлама әкімшісі жүзеге асырады.
Тармақша 2
2) Республикалық бюджеттен түскен 190,0 млн. теңге сомасындағы несие ресурсын Бағдарлама әкімшісі жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер алу және ауыл шаруашылығы техникаларын жалдау және сатып алу үшін қарыз алушы арқылы соңғы қарыз алушыларды тауарлы несиелендіру үшін қайтарымдылық, шұғылдық және төлемдік шарттарымен сыйақының нөлдік мөлшерлемесі бойынша бөледі.
Тармақша 3
3) Соңғы қарыз алушыны республикалық бюджеттен қарызға алынған қаржы есебінен несиелендіруге Бағдарлама әкімшісі, аудан әкімдері және қарыз алушы қатысады.
Тармақша 4
4) Бағдарлама әкімшісі:
соңғы қарыз алушыны кейіннен тауарлы несиелендіру үшін несие ресурстарын аударуға қарыз алушымен шарт жасасады;
қарыз алушының жану жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектердің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларын жалдауға немесе сатып алуға арналған қаржының бөлуіне бақылау жасайды, алынған несиенің облыстық бюджетке қайтарылуына мониторингті қамтамасыз етеді;
несие ресурстары уақытында қайтарылмаған жағдайда қарыз алушыға қатысты наразылық-талап ету жұмыстарын жүргізеді;
қарыз алушыға бөлінген қаржы толық қайтарылғанға дейін қарыз алушының соңғы қарыз алушыдан жинаған астығын тауарлы несиені өтеу есебіне иеленеді. қарыз алушыға астықты келісілген баға бойынша сатуға рұқсат береді.
Тармақша 5
5) Аудандардың әкімдері:
Бағдарлама әкімшісіне және қарыз алушыға тауарлық несие бөлуді келісу үшін соңғы қарыз алушының тізбесін береді;
жану - жағар май материалдарының, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектердің түсуіне және мақсатты жұмсалуына, соңғы қарыз алушының ауыл шаруашылығы техникасын жалдауына немесе сатып алуына және олардың тауарлы несиені 2003 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде ақшалай немесе астық өнімдерімен (егер бұл келісім-шартта көрсетілген болса) уақытында қайтаруына бақылау жасайды;
соңғы қарыз алушының несие ресурстарын қайтаруы туралы Бағдарлама әкімшісіне ақпарат береді.
Тармақша 6
6) Қарыз алушы:
өтемді кепілді мүліктерді немесе басқалай қамтамасыз етуді көрсете отырып, соңғы қарыз алушыны тауарлы несиелендіруге арналған несие қаржысын алуға Бағдарлама әкімшісімен, сондай-ақ жану - жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер алуды немесе ауыл шаруашылығы техникасын жалдауды немесе сатып алуды тауарлы несиелендіру үшін соңғы қарыз алушымен шарттар жасасады;
соңғы қарыз алушыны тауарлы несиелендіруге бөлінген несиелік және материалдық ресурстардың мақсатты жұмсалуын және көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникаларын жалдауды және сатып алуды қамтамасыз етеді;
тауарлар сатып алуға конкурс өткізеді, тендерде ұтып алған әлеуетті жабдықтаушымен шарт жасасады және тауарлы материалдық ресурстардың түсуін қамтамасыз етеді;
аудан әкімдері ұсынған және өтемді кепілді мүліктерді немесе басқалай қамтамасыз етуді көрсеткен соңғы қарыз алушыға жану жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жалдауға немесе сатып алуға нөлдік мөлшерлеме бойынша тауарлы несиелеу есебінен қаржы босатуды қамтамасыз етеді;
есеп айырысу сәтіндегі рыноктық баға бойынша тауарлы несиені өтеу есебіне астық қабылдауды жүзеге асырады;
бағдарлама әкімшісінен алған несие қаржысын шартта қаралған мерзімде қайтаруды қамтамасыз етеді, жасалған шартқа сәйкес бөлінген қаржыны уақытында қайтармағаны үшін қаржылай жауап береді;
тауарлы несиені уақытында қайтармаған соңғы қарыз алушыға қатысты наразылық-талап ету жұмыстарын жүргізеді;
тауарлы несиелендіруге байланысты пайда болған өзінің шығындарын Бағдарлама әкімшісінің рұқсатымен астықты келісілген баға бойынша сату (егер несие астықпен қайтарылатын жағдайда) есебімен жабады;
соңғы қарыз алушы несиені уақытында қайтармаған жағдайда қарыз алушы жергілікті бюджетке қаржыны ұз көздері есебінен қайтаруды қамтамасыз етеді. Аталған қаржыны қайтару мерзімі Бағдарлама әкімшісі мен қарыз алушы арасында жасалған шартта көрсетіледі.
Тармақша 7
7) Соңғы қарыз алушы:
тауарлы несие алу үшін қарыз алушымен шарт жасасады және оны ақшалай немесе астық өнімдерімен (егер бұл шартта көрсетілген болса) дер кезінде қайтаруды қамтамасыз етеді;
тауарлы кредиттің мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді;
тауарлы несиені мақсатсыз пайдаланған жағдайда жасалған шарт талаптарына сәйкес заңнамаларда белгіленген ретте жауап береді;
алынған несие сомасын өтемді кепілдік мүліктермен немесе басқалай жолдармен қамтамасыз етеді.
Қарыз алушы өтемді кепілді мүліктің құнын бағалайды және белгілейді.
Басқа 27. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілерін 2003 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау
жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы
есебінен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы
бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар арқылы несиелендіру
ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімдігінің
2003 жылғы 17 ақпандағы
N48 қаулысына
N2 қосымша
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілерін 2003 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау
жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы
есебінен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы
бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар арқылы несиелендіру
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы N362 Заңында қаралған "Көктемгі далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттерді несиелендіру" 84-ші бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 70 қаулысына сәйкес жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер алуға және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға немесе жалдауға несие берудің тәртібін және шарттарын белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1) Осы Ережеде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
несие беруші - жергілікті атқарушы орган;
бюджеттік несие - несие берушінің республикалық бюджеттен шұғылдылық, төлемдік және қайтарымдылық шарттарымен берген ақшасы; қарыз алушы - қарыз алушы-банк;
қарыз алушы-банк - соңғы қарыз алушыларды одан әрі несиелендіру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік несие алатын банктік операциялардың жекеленген түрлерін жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар;
соңғы қарыз алушы - қарыз алушы-банк арқылы бюджеттік несие алушы заңды немесе жеке тұлға;
бюджеттік несие жөніндегі берешек - қарыз алушының бюджеттік несиені белгіленген күнге өтемеген және кестеге сәйкес төлемеген төлемдер сомасы;
комиссия - қарыз алушы-банкті таңдау жөніндегі комиссия;
бағдарлама әкімшісі - ауыл шаруашылығы департаменті.
Тарау 2. 2. Несиелендіру тәртібі
2. Несиелендіру тәртібі
Тармақ 1
1. Республикалық бюджеттен түскен 190,0 млн. теңге сомасындағы несие ресурстары жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер алу және ауыл шаруашылығы техникаларын жалдау немесе сатып алу үшін сыйақының нөлдік мөлшерлемесі бойынша қайтарымдылық, шұғылдылық және төлемдік шарттарымен қарыз алушы-банк арқылы соңғы қарыз алушыны несиелендіру үшін Бағдарлама әкімшісіне бөлінеді.
Тармақ 2
2. Бағдарлама әкімшісі:
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру жөніндегі қаржы агенті міндетін орындауға банк операцияларының жекеленген түрлерін орындауға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар (бұдан әрі - қатысушы банктер) бойынша олардың арасында конкурс өткізу үшін ұлттық банкке сұрау салады;
Ұлттық банк ұсынған қатысушы-банктер тізімін комиссияның қарауына енгізеді;
мақсатты несие алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізбесін келіседі және оны қарыз алушы-банкке несие беру үшін жібереді;
комиссиямен анықтаған қарыз алушы-банкпен несиелік келісім жасасады, онда бюджеттік несиені алудың, берудің және өтеудің барлық шарттары көрсетіледі;
несиелік ресурстарды уақытында қайтармаған қарыз алушыға қатысты наразылық-талап ету жұмыстарын жүргізеді;
Алынған несиенің облыстық бюджетке 2003 жылдың 1 қарашасына дейін қайтарылуын қарыз алушы-банк жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруге қаржы агентінің функциясын орындайтын және бөлінген несиенің мақсатты пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын бақылайтын қарыз алушы-банкті таңдап алуды банктерді таңдау жөніндегі комиссия қатысушы-банктер арасында конкурс өткізу арқылы, төмендегі талаптарға сай жүзеге асырады:
Тармақша а
а) бюджеттік несиелендіруге байланысты шығындар деңгейінің неғұрлым аз болуы;
Тармақша б
б) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру саласында жұмыс тәжірибесінің болуы.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдері дәнді дақылдар егісінің жобаланған алқаптарына, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық жағдайына, несиені кепілдік қамтамасыз етудің қолда бар мүліктеріне қарай 2003 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстары үшін жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер және ауыл шаруашылығы техникаларын жалдау немесе сатып алу үшін мақсатты несие алатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізбесін Бағдарлама әкімшісіне береді;
несие қаржысының түсуіне, мақсатты пайдаланылуына және уақытында қайтарылуына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Қарыз алушы:
соңғы қарыз алушылармен несиелік шарттар жасасқаннан және оларға байланысты құжаттар ресімделіп болғаннан кейін, қарыз алушы-банк олардың атына бөлінген бюджеттік несиенің сомасы есептелетін несие есепшоттарын ашады. Несиені беру көрсетілген есепшоттан соңғы қарыз алушының есеп айырысу шотына ақша аудару немесе төлем құжаттарына төлеу жолымен іске асырылады.
Тармақ 6
6. Соңғы қарыз алушылар:
ақшалай несиені мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді;
мақсатсыз пайдаланған жағдайда жасалған шарттарға сәйкес заңнамаларда белгіленген ретте жауап береді.
Тармақ 7
7. Алынған несиелердің мақсатты пайдаланылуына және уақытында қайтарылуына бақылауды қарыз алушы-банк, аудан әкімдері және Бағдарлама әкімшісі қамтамасыз етеді.
Басқа 40. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар екінші
деңгейдегі банктер мен ұйымдарды таңдау жөніндегі
комиссия құрамы
Облыс әкімдігінің
2003 жылғы 17 ақпандағы
N48 қаулысына
N 3 қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар екінші
деңгейдегі банктер мен ұйымдарды таңдау жөніндегі
комиссия құрамы
Есенғалиев Абат
Қадимұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия
Төрағасы
Жәкиев Қайриден
Есенғалиұлы - облыстық ауыл шаруашылығы
департаментінің бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары
Әділәлиев Серік
Рахымғалиұлы - облыс әкімі аппаратының бас
инспекторы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Аманғалиев
Ақылбек Теміржанұлы - облыстық экономика басқармасының
бастығы
Ізбасаров
Борис Ізбасарұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі
филиалының директоры (келісім
бойынша)
Исқақов
Әділ Дүйсенұлы - облыстық қазынашылық басқармасының
бастығы
Құрманова
Әсима Ғазисқызы - облыстық ауыл шаруашылығы
департаменті бастығының орынбасары
Сағатов
Досым Сағатұлы - облыстық мәслихаттың депутаты,
облыстық мәслихат тексеру
комиссиясының төрағасы (келісім
бойынша)
Хамитов
Асқар Шәңгерейұлы - облыстық қаржы басқармасының
бастығы
Шатинов
Ерсайын Қабизұлы - облыстық коммуналдық меншіктер
басқармасының бастығы