Об утверждении Программы по борьбе с овсюгом обыкновенным на посевах зерновых культур по Акмолинской области в 2003 году Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылы Ақмола облысы бойынша дәнді-дақылды егістіктерде кәдімгі қара сұлымен күрес жүргізу жөніндегі Бағдарламаны бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 10.12.2004 № 3С-9-19 шешімімен. Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағына, облыс әкімдігінің 2003 жылғы 15 ақпандағы № а-2/52 каулысына сәйкес және облыс әкімдігінің ұсынысымен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылы Ақмола облысының дәнді дақылды егістіктерінде кәдімгі кара сұлымен күрес жүргізу жөніндегі Бағдарлама бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық сұрақтары мен өнеркәсіпті, көлікті, байланысты, құрылысты, кәсіпкерлікті, азык-түлікті және экологияны дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Мазмұны
Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген 20.03.2003 жылғы № С-25-5 2003 жылы Ақмола облысы бойынша дәнді-дақылды егістіктерде кәдімгі қара сұлымен күрес жүргізу жөніндегі БАҒДАРЛАМА Көкшетау қаласы 2003 жыл Мазмұны
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты 1 бет
Тармақ 2
2. Кіріспе 1 бет
Тармақ 3
3. Жағдайды талдау, проблемалар 2 бет
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен мәселелері 2 бет
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен орындау механизмі 3 бет
Тармақ 6
6. Қажет қорлары мен қаржыландыру көздері 4 бет
Тармақ 7
7. Күтулі нәтижелер 5 бет
Тармақ 8
8. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспары 7 бет
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның аталуы 2003 жылы Ақмола облысы бойынша дәнді-дақылды егістіктерде кәдімгі қара сұлымен күрес жүргізу жөніндегі Бағдарлама Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2000 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 15 ақпандағы № а-2/52 "2003 жылда дәнді-дақылдардың егістіктерінде кәдімгі қара сұлымен күрес жүргізу жөніндегі бағдарлама туралы" қаулысы Бағдарламаның негізгі әзірлеушісі Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Бағдарламаның Орындаушылары Аудан әкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ҚР АШМ аумақтық басқармасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарма, жер қорлары жөніндегі комитет, облыстық санэпидемстансасы, ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары Қаржыландыру көздері Қаржы салушылардың, ауылшаруашылық тауар өндірушілердің, республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаттары
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы рыноктарда ауылшаруашылық өнімдері мен қайта өңдеу азықтарын сату көлемін ұлғайту негізгі бағыттары болып табылатын 2003 - 2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасымен белгіленген жоспарларды орындау үшін барлық материалдық-техникалық қорларды тиімді пайдалануға және ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатардағы тәжірибені кеңінен қолдануға негізделетін егіншілік мәдениетін жоғарылату ең басты мәселе болады. Аса қауіпті арам шөп - кәдімгі қара сұлыдан дәнді дақылдарды қорғау мәселесі қазіргі уақытта өте көкейтесті болып тұр.
Тарау 3. 3. Жағдайды талдау, проблемалар
3. Жағдайды талдау, проблемалар Танаптарды арам шөптерден тазалау дәнді дақылдар өнімін жоғарылатудың ең маңызды қорларының бірі болып табылады. Соңғы жылдары дәнді дақылдар егістіктерінің қара сұлымен басылуы байқалады. 2002 жылы ауа райдың жағдайы қара сұлының жаппай даму мен таратылуына қолайлы болды, тиімді температура мен жоғары ылғалдылықта арам шөп шығудың үш толқыны белгіленді. Қара сұлының өсіп-өну кезінде танаптарды басуын есептегенде 1 шаршы метр жерде арам шөптің 15-22 данасына дейін табылды, ал ошақтардағы ең көп саны егістіктерде 150, тыңайған жерлерде 300 данаға дейін барды. Тұқымдық материалды зерттегенде 1 кг астықта қара сұлының 11-15 тұқымына дейін табылды. 1 шаршы метр жерде қара сұлының 150-200 данасы табылса дәнді дақылдардың өнімі 30 пайызға дейін төмендейтіні ғылым және тәжірибемен дәлелденді, оның сыртында арам шөптің дәнегі азық-түлік астықтың сапасын бұзады. Қара сұлының бір өсімдігінің өнімділігі 600 дәнге дейін жетеді. Олардың өмірлілігі 15-20 жылға дейін барады әрі өмірге қабілеттігі топырақта 5-7 жылға дейін сақталады. Қара сұлының тұқымы ауаның температурасы 9-20 градус болса 12-25 см тереңдіктен өсе береді. Егістіктердің арам шөппен басылуын көпжылдық талдауы келесіні көрсетті: егер 1992 жылы зерттелген алқаптың (2857,2 мың га) 519,4 мың га немесе 22 пайызында қара сұлы белгіленсе, 2002 жылы ол зерттелген алқаптың (3614,1 мың га) 1794,1 мың га немесе 49,6 пайызында табылды. Аграрлық технологиялардың бұзылуы және химиялық қорғаныс шаралар көлемінің төмендігі осы қара сұлы бойынша қалыптасқан жағдайдың ең бірінші себебі болып табылады. Соңғы 10 жылда қара сұлымен күресу бойынша деректер кестеде көрсетілген (1 қосымша). Қара сұлы бойынша химиялық өңдеулерге жоспарланған алқаптың көлемі 2002 жылда 788,5 мың гектар болды.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен мәселелері
4. Бағдарламаның мақсаты мен мәселелері Қара сұлымен күресу, танаптардың арам шөппен басылу деңгейін төмендету, дәнді дақылдардың өнімділігін және оның сапасын жоғарылату бойынша шаралардың әзірлеуі мен іске асырылуы бағдарламаның мақсаты болып табылады.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен орындау механизмі
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен орындау механизмі
Тармақша 1
1) Негізгі бағыттар. Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелердің шешілуі қажет: меншік нысандарынан тәуелсіз әр ауылшаруашылық құрылымдарда танаптардың құжаттарын жүргізу (2 қосымша); арам шөппен ластану дәрежесін анықтау, картаны жасау және арам шөптің зияндылығы экономикалық табалдырықтан асса химиялық өңдеулерді жүргізу үшін дәнді дақылдар егістіктерінің арам шөппен басылуына көлемді зерттеу өткізу; қара сұлыға қарсы гербицидтардың және бүріккіш техника құралдарынын қажеттілігін анықтау; ғылыммен ұсынылған агротехникалық тәсілдерін жүргізу; қара сұлымен күресу бойынша ұсыныстарды әзірлеу; қара сұлымен күресу бойынша сақтандыру шаралар кешенін өткізу: дәнді дақылдардың тұқымдық материалын 100 пайыздық тазалау және іріктеу, тұқымдарды міндетті түрде қыздыру, кондициялы тұқымдарды дәрілеу, танаптарды даярлау; гербицидтік өңдеуді қолдану технологиясын сақтауын, қоршаған ортаны қорғауын, химиялық жұмыстарды өткізуге қамтитын адамдардың еңбек қауіпсіздігін және медициналық-санитариялық қамсыздандыруын бақылау; жер пайдалануды, жерді арам шөппен ластанудан және оның жағдайы нашарлауының басқа да түрлерінен қорғауды бақылау; қорғаныс шаралар бойынша уақытында шұғыл есеп беруді қамтамасыз ету: шаруашылық - ауылдық аймақ - аудан - облыс - АШМ ҚР - ҚР Үкіметі.
Тармақша 2
2) Мамандармен қамсыздандыру Осы мәселенің шешілуі экономиканың басқа салаларындағындай кадрларға, олардың біліктілігіне байланысты, сонымен қатар қызметтің техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуіне тәуелді. Дәнді дақылдар егістіктерінің арам шөппен ластану жөнінде негізгі зерттеушісі болып табылатын ауылшаруашылық құрылымдары мамандарының дайындық деңгейі соңғы жылдары біршама төмендеді. Осы мәселенің шешілуі және егістіктерді арам шөптерден қорғау сұрақтары жөніндегі білімді жоғарылату үшін қажет: фитосанитариялық қызметінің кадрлық құрамының біліктілік дайындығын арнайы ғылыми-зерттеу мекемелері, жоғары білім орындары мен ҚР АШМ аумақтық басқармаларында оқыту арқылы өткізу; барлық нысанды ауылшаруашылық құрылымдары басшыларының және мамандарының өсімдіктерді қорғау бойынша білім деңгейін жоғарылату үшін кеңес қызметін құру; өңдеу бойынша қызмет көрсету (бүріккіш техника) және пестицидтар рыногы жөнінде материалдарды әзірлеу мен ақпараттық қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) Материалдық - техникалық қамсыздандыру Химиялық қорғаныс шараларын өткізудің экономикалық, биологиялық, санитариялық, фитосанитариялық және экологиялық қауіпсіздігі бірінші кезектен өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану технологиясын сақтаудан тәуелді. Бұл талаптарды орындау үшін келесі мәселелерді шешу қажет: нақты бар бүріккіш техника паркін түгендеу және оның дайындығын тексеру; ауылшаруашылык тауар өндірушілерді жетілдірілген аппаратурамен жабдықтау; ауылшаруашылық тауар өндірушілерге бүріккіш техника мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға көмек көрсету, өңдеу қызметтерін көрсету үшін жабдықтаушыларды тарту бойынша жұмыстарды жүргізу және олармен шартқа отыру; дән тазартқыш машиналарын сатып алу (ажыратқыш жиынтығы); агротехникалык және химиялық шараларды жанар маймен толық қамтамасыз ету; облыстық пен аудандық бюджет қаражаттарының есебінен өсімдіктерді қорғау құралдарын, өңдеу жұмыстары жөнінде қызмет көрсетушілерді және жанар майды мемлекеттік сатып алу бойынша байқау өткізу; еңбектің зиянды жағдайларымен байланысты ауылшаруашылық құрылымдардың кәсіпорындарында кешенді санитарлық-гигиеналық тексеру өткізу; пестицидтармен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін жұмыс орындаушылардың медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету; улы химикаттардан сақтану үшін жұмыс орындаушыларға дербес қорғаныс кұралдарын сатып алу (тұмылдырықтар, арнайы киім және т.б.); республикалық, облыстық және аудандык бюджет есептерінен алынған өсімдіктерді қорғау құралдарын сақтау үшін қоймаларды дайындау, олардың қарулы күзетін қамтамасыз ету.
Тарау 6. 6. Қажет қорлары мен қаржыландыру көздері
6. Қажет қорлары мен қаржыландыру көздері Көктемгі-жазғы жұмыстардың басталу мерзіміне республикалық облыстық және аудандық бюджет есептерінен бөлінген қаражаттар арқылы жасалатын гербицидтардың қоры пайдалынады. қара сұлымен күресу үшін қаржы салушылар мен шаруашылық субъектілердің қаражаттары жұмылдырылады.
Тарау 7. 7. Күтілетін нәтижелер
7. Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндік береді: қара сұлымен ластанған алқаптар көлемін бұдан былай артуынан сақтап қалу; дәнді дақылдардың өніміне келетін зарарды төмендету; қолайлы фитосанитариялық жағдайды жасау; арам шөппен ластанған учаскелерді аныктау бойынша шараларды уақытында жүзеге асыру.
Тарау 8. 8. 2003 жылда Ақмола облысы бойынша дәнді-дақылды егістіктерде қара сұлымен күрес жүргізу жөніндегі Бағдарламаны іске асыру шараларының ЖОСПАРЫ
8. 2003 жылда Ақмола облысы бойынша дәнді-дақылды егістіктерде қара сұлымен күрес жүргізу жөніндегі Бағдарламаны іске асыру шараларының ЖОСПАРЫ р/р № шаралардың аталуы Орындалу мерзімі аяқтау формасы орындаушы жоспарланған көлемдер (мың га), пестицидтердің қажеттілігі (мың л) қажет қорлар мен қаржыландыру көздері 1) Ұйымдастыру - дайындау шаралары 1. Қара сұлымен күресу бойынша Бағдарламаны және химиялық пен агротехникалық қорғаныс шаралардың жұмыс жоспарларын жасау, оларды аудандардан қабылдау 14-17 қаңтар қара сұлымен күресу жөніндегі Бағдарлама және аудандардың жұмыс жоспарлары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасы 2. Ақмола облысының дәнді дақылдары егістіктерінде қара сұлымен күресу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу ақпан-наурыз Ұсыныстарды шығару ҚАШҒЗИ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасы 3. Қара сұлымен күресу жөніндегі қорғаныс шаралары бойынша агрономиялық оқуларды өткізу ақпан-наурыз бағдарлама және ауылшаруашылық құрылым басшыларымен өткізітен оқудың кестесі ҚАШҒЗИ, облыстық ауылшаруашылық басқармасы, ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасы, пестицидтерді жеткізу фирмалары 4. Бүріккіш техниканы түгендеу: қажеттілігі және дайындылығы (жөндеу); жетіспейтін техниканы сатып алу, химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсету үшін шарт жасауды ұйымдастыру, ЖЖМ жинақтау. наурыз-сәуір техниканы құжаттау, техникаға жұмыс істеуге рұқсат беру облыстық және аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ҚР АШМ облыстық және аудандық аумақтық басқармалары, қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар 5. Республика бюджетінің демеу қаржысы, облыстық, аудандық бюджетінің және қаржы салушылар мен ауыл шаруашылық құрылымдары есебінен қара сұлыға қарсы гербицидтерді сатып алу мен жинақтау 2 тоқсан бойы гербицидтардың нақты барлығы және оларды сатып алу, байқауларды өткізу облыстық және аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ҚР АШМ облыстық және аудандық аумақтық басқармалары, қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар 964,2 мың га, 1314,4 мың литр Республикалық бюджеттен 3196661,7 мың теңге қаражаттандыру және облыстық бюджет 6. Тұрақты байланысты ұйымдастыру: шаруашылық - аймақ – аудан - облыс - ҚР АШМ ұдайы жедел есеп беру облыстық және аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ҚР АШМ облыстық және аудандық аумақтық басқармалары, қаржы салушылар, ауылшаруашылық қүрылымдар 2) Арнайы қорғаныс шаралары 1. Дәнді дақылдардың тұқымдық материалын 2003 жылда себуге даярлау: тұқымдарды қара сұлының дәнінен 100% тазалау және іріктеу; тұқымды дәрілеу. сәуір-мамыр жедел есеп беру, танап құжаты облыстық және аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ҚР АШМ облыстық және аудандық аумақтық басқармалары, қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар 335,2 мың тонна 419,0 мың литр Республикалық бюджеттен 701406,0 мың теңге қаражаттандыру және облыстық бюджет 2. Агротехникалық шаралар: тұқым егудің алдында топырақты өңдеу; ауыспалы егісті сақтау; дәнді дақылдарды егуден бұрын механикалық өңдеу тәсілімен арам шөптерді жою сәуірдің аяғы мамыр мерзімді есеп беру, танап құжаты облыстық және аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ҚР АШМ облыстық және аудандық аумақтық басқармалары, қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар 3. Тұқым егудің алдында қара сұлыға қарсы гербицидтерді топыраққа енгізу сәуірдің аяғы мамыр мерзімді есеп беру, танап құжаты облыстық және аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ҚР АШМ облыстық және аудандық аумақтық басқармалары, қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар 175,1 мың га 525,3 мың литр Республикалық бюджеттен 366396,8 мың теңге қаражаттандыру және облыстық бюджет 4. Ауыспалы егісті сақтап, тұқым егуді оңтайлы мерзімде өткізу мамыр танап құжаты облыстық және аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ҚР АШМ облыстық және аудандық аумақтық басқармалары, қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар 5. Қара сұлымен ластануын анықтау үшін мониторингтік тексерулерді өткізу және арам шөптің зияндылығы экономикалық табалдырықтан асса химиялық өңдеулерді жүргізу маусым дәнді дақылдар егістіктерінің ластану бойынша жиынтық ведомосы, ластану картасы облыстық және аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ҚР АШМ облыстық және аудандық аумақтық басқармалары, қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар 6. Өсіп-өну кезінде дәнді дақылдарды қара сұлыға қарсы химиялық өңдеу (арам шөптің 2-3 жапырағы кезінде). Гербицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау. Кешенді тексеру маусым мерзімді есеп беру, танап құжаты облыстық және аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ҚР АШМ облыстық және аудандық аумақтық басқармалары, қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар 789,1 мың га 789,1 мың литр Республикалық бюджеттен 366396,8 мың теңге қаражаттандыру және облыстық бюджет 7. 2004 жылда қара сұлымен күресу бойынша қорғаныс шараларының көлемін жоспарлау үшін егін ору алдында қара сұлымен ластануына мониторингтік тексерулерді жүргізу тамыз дәнді дақылдар егістіктерінің ластану бойынша жиынтық ведомосы, 2004 жылға күресті алдын ала жоспарлау облыстық және аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ҚР АШМ облыстық және аудандық аумақтық басқармалары, қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар 8. Қара сұлымен күресу бойынша күзгі агротехникалық шараларды өткізу қыркүйек - қазан танап құжаты, жедел есеп беру облыстық және аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ҚР АШМ облыстық және аудандық аумақтық басқармалары, қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар 9. Қара сұлымен күресу жөнінде есеп беру және қалыптасқан фитосанитариялық жағдайды еске ала отырып, 2004 жылға ұсыныстар жасау қараша семинарлар, мәжілістер облыстық және аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ҚР АШМ облыстық және аудандық аумақтық басқармалары, қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар Ескерту: - қара сұлыға қарсы гербицидтер мен дәрілеуіштерді алу үшін республикалық бюджеттен қаражаттар Ақмола облысы бойынша жеткізілмеген. 153,2 мың га жерге 279,2 мың литр дәрілеуішті және 504,1 мың га жерге 693,4 мың литр қара сұлыға қарсы гербицидтерді алу үшін ҚР АШМ өтінім жіберілді.
Басқа 24
2003 жылы Ақмола облысы бойынша дәнді-дақылды егістіктерде кәдімгі қара сұлымен күрес жүргізу жөніндегі Бағдарламаға 1 қосымша Ақмола облысы бойынша 1992-2002 жылдарындағы мониторингтік және қорғаныс шараларды ТАЛДАУ р/р № Жұмыстың аталуы Жылдар 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 Астық тұқымдастарының арам шөптерімен күресу, мың га 1 Дәнді дақылдардың алқабы 2656,7 2610,7 2444,7 2306,4 2375,3 3187,2 2712,5 2728,2 3184,9 3297,3 3579,4 2 Өндеудің жоспары 254,7 285,0 160,0 280,0 250,0 350,0 320,0 114,5 100,0 140,0 3 Нақты өңделгені 146,9 134,0 119,5 33,6 8,1 1,6 0,4 5,4 6,8 56,4 93,4 4 Ластану көлемінен % 18,2 16,3 4,9 1,3 0,3 0,1 1,1 1,2 10,8 15,3 5 Жоспар көлемінен % 57,7 4,7 74,7 12,0 3,2 0,5 1,7 5,9 56,4 66,7 Ауылшаруашылық дақылдардыц ластануы, мың га 1 Тексерілген егістік жер 2857,2 3092,0 2652,5 2147,3 2538,8 2964,0 2899,5 3052,5 3129,4 2788,7 3614,1 2 Ластанган егістік жер 2360,5 2485,4 2204,3 2147,3 1884,0 2620,0 2377,7 2442,0 2423,2 2228,2 3208,6 3 Оның ішінде тамыр атпалы 1555,8 1537,0 1260,2 1244,2 1157,6 1789,0 1596,4 1594,8 1439,1 1229,0 1606,2 4 Ластану көлемінен % 65,9 61,8 57,2 57,9 61,4 68,3 67,1 65,3 59,4 55,2 50,0 5 О/і астық арам шөптерімен 519,4 734,8 688,6 645,0 513,2 516,0 492,2 594,6 522,2 611,6 1794,1 6 Ластану көлемінен % 22,0 29,6 31,2 30,0 27,2 19,7 20,7 24,3 21,6 27,4 55,9
Басқа 25
2003 жылы Ақмола облысы бойынша дәнді-дақылды егістіктерде кәдімгі қара сұлымен күрес жүргізу жөніндегі Бағдарламаға 2 қосымша