О предупреждении и ликвидации чрезвычайных ситуаций в период паводка 2003 года Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылдың су тасқыны кезеңіндегі төтенше
жағдайларды алдын-алу мен жою туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.02.2004 № 46 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, тасқын суларды апатсыз өткізу, қолтабандарды сумен толтыру және негізгі су қоймаларда су қорын жинау мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан аумағындағы су тасқынына қарсы шаралар жөніндегі (қоса беріліп отырған) жоспары бекітілсін (қосымша 1).
Тармақ 2
2. (Қоса беріліп отырған) су тасқынына қарсы комиссияның құрамы бекітілсін (қосымша 2).
Тармақ 3
3. Меншік нысанына тәуелсіз шаруашылықтық субъектілердің басшыларына, Орал қаласының және аудан әкімшілеріне су тасқыны кезеңінде ведомствоға қарасты нысандардың, тұрғындардың тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне қамтамасыз ету ұсынылсын. Су тасқынына қарсы шаралардың орындалу мерзімі сақталынсын. Алынған шаралардың орындалу барысы туралы облыс әкімдігіне мерзімді хабарлап тұрсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасына (Хамитов), су тасқынына қарсы шараларды іске асыру үшін, тұрғындарды және аумақтарды қорғауға, көзделмеген шараларды орындауға байланысты 3 қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар қорынан 102572 мың теңге бөлінсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу облыс әкімнің орынбасары С.П. Качалоға жүктелсін.
Басқа 6. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен аумақтарын
су тасқынынан қорғауға байланысты 2003 жылдың
су тасқынына қарсы шаралар
ЖОСПАРЫ
Қосымша 1
Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің
2003 жылғы 27 ақпандағы N 59 қаулысымен
бекітілді
Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен аумақтарын
су тасқынынан қорғауға байланысты 2003 жылдың
су тасқынына қарсы шаралар
ЖОСПАРЫ
Шаралар
Орындалуына жауапты
Орындалу мерзімі
Ведомствоға қарасты аумақтағы су тасуының апатсыз өту шараларын әзірлеу және іске асыру, қысылтаяң жағдайларда тұрғындарды көшіру бағытын анықтау.
Су тасқынына қарсы комиссиялардың жеке құрамын бекіту. Су тасқыны өту кезеңінде тәулік бойы кезекшілік белгілеу. Қорғаныс ғимараттарын, бөгеттер мен бөгетшелерді бекітуге қажетті материалдық-техникалық және басқада қажетті қорларды құру.
Жергілікті маңызды бөгетшелерді өз уақытында қалпына келтіру, жиналған тасқын суларды ауылшаруашылық мақсатқа қолдануын қамтамасыз ету.
Шұғыл әрекет ету жасақтарын дайындық қалпына келтіру.
Қала және тұрғындар пункті аумағынан қар шығару, еріген суларды жедел айдау бригадаларын ұйымдастыру.
Ғимараттармен, ғимараттардан суды айдау жөнінде жұмыстар үшін инженерлік техникалар кезекшілігін қамтамасыз ету.
Орал қаласының және аудан әкімдері
10.03
Автокөлік жолдарын су тасқынына дайындау, судың құбырлар мен көпір ғимараттары арқылы өтуін қамтамасыз ету.
Шағылтас, құм, құрал жабдықтарды өз уақытында дайындап, инженерлік техникаларды дайындық қалыпқа келтіріп және оларды бағыттар бойынша бекіту.
Подстепное - Федоровка бағытындағы 51, 96 шақырымында, Чапай - Жалпақтал - Казталовка бағытындағы 187, 189 және 102 шақырымында, Орал - Талов автокөлік жолының 32 шақырымында мүмкін болатын су құйылуда қозғалысты өз уақытында
шектеуді және техникалық жабдықтауды ұйымдастыру.
Су тасқыны салдарынан бұзылған автокөлік жолдарының дереу қалпына келтірілуін қамтамасыз ету.
Облыстық автокөлік жол басқармасы, облыстық коммуналдық тұрғын үй, жол шаруашылық және көлік басқармасы, облыстық ішкі іштер басқармасы
10.03
Тұрғындар пункттерінде автокөлік жолының тоқтатылу мүмкіндігіне байланысты ауыл шаруашылық малына арналған азық қорын құру.
Ауданның ауылдың әкімдерімен ауыл шаруашылық департамент біріге отырып
1.03
Темір жолдағы жасанды ғимараттардың, жер төсемінің тар орындарының, кәріздеу құрылғысының және деформацияға қарсы құрылыстардың жағдайын тексеру.
Бекет аумағындағы шағын көпірлер мен құбырлардың, кюветтердің тесіктерін, өткел астындағы су өтетін ғимараттарды қар мен, мұздан тазартуды өткізу. Су тасқыны кезінде қауіпті бөлімдерде қосымша жолды шолуды және кезекшілікті тағайындау.
Талов - Семиглавый Мар, Вавилов - Шипов, Родник - Деркул, Шипов - Родник аралығындағы қатынас қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
"Қазақстан темір жолы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Орал тасымалдау бөлімшесі (келісім бойынша)
1.03
Шаған суқоймасының суұрма бөлігінде жөндеу-қалпына келтіру қауырт жұмыстарын жүргізу.
Бітік, Шаған суқоймалардың, Мамаев су торабының апатты нысандарына шақпақ тасты жеткізуге шаралар қолдану.
Суды өткізу мәселесінде Орал өзені бойынша Орынбор облысының үкіметімен, Үлкен және Кіші Өзендер бойынша Саратов облысының үкіметімен өзара қарым-қатынас ұйымдастыру.Орал - Көшім су жүйесінің барлық тораптарында техника және мамандардан кезекшілік ұйымдастыру.
"Западводхоз" Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (келісім бойынша)
Жұмыс кестесіне сәйкес
Су тасқыны өту уақытында электр берілісі желісінің, байланыстың, суқұбырлардың және газқұбырлардың сенімді жұмыс істеуін, сақталуын, қорғалуын қамтамасыз етуге нақты шараларды әзірлеу және іске асыру.
"Оралэнерго"АҚ, "Оралоблгаз" АҚ, "Орал" магистралды газқұбырлар басқармасы, облыстық
телекоммуникациялар дирекциясы, МҚК "Облыстық
суқұбыр және канализация басқармасы" (келісім бойынша)
01.03
Су тасқыны басталмай барлық гидрологиялық бақылау постыларын өзендегі су режимі әрекетіне енгізу.
Тұрғындар пункттерін су басу қаупі жөнінде ескерту жедел жеткізілсін.
Су тасқынына қарсы комиссияға қар жиналу, өзендердің және басқа су нысандардың гидрологиялық режимі жөніндегі жағдайы күнде хабарлансын.
Батыс Қазақстан облыстық гидрометеорология жөніндегі орталығы
10.03
Құтқару, апаттық және басқада көзделмеген жұмыстарды жүргізу үшін жану жағар май қорын құру және жағдайға байланысты жедел түрде пайдалану.
Су тасқынының қауырт шаралары үшін қажет болған жағдайда ауылдық аудандарға жану жағар май бөлу.
Шұғыл әрекет ету жасақтарының құтқару және қауырт жұмыстарға, тұрғындарды және материалдық құндылықтардың өз уақытында көшірілу жұмыстарының дайындығын тексеру. "Орал су жобасы" институтымен біріге отырып (келісім бойынша) Владимировка ауылындағы ағынша бағыттағыш бөгетшесі құрылысы ауданында тасқын су мониторингін өткізу.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы
20.03
Су басу қаупі бар тұрғындар пункттеріндегі емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмек, медициналық мүліктер және азық түлік қорын қамтамасыз ету, сонымен қатар тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың шығуының және таралуының алдын алу мақсатында санитариялық-гигиеналық жағдайына бақылауды күшейту.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
1.03
Су тасқыны кезеңінде ведомствоға қарасты оқу мекемелерін, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын қорғау жөнінде қажетті жұмыстар жүргізу.
Облыстық білім, денсаулық, мәдениет басқармасы
1.03
Басқа 7. Облыстық су тасқынына қарсы комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қосымша 2
Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің
2003 жылғы 27 ақпандағы N 59 қаулысымен
бекітілді
Облыстық су тасқынына қарсы комиссияның
ҚҰРАМЫ
Станислав Павлович
КАЧАЛО - облыс әкімнің орынбасары,
комиссияның төрағасы
Александр Федорович
МАЮЧИЙ - облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі
басқармасының бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары
Талғат Сарыұлы
ҚАРАСАЕВ - отын-қуаттық кешен мәселелері
жөніндегі облыс әкімі аппаратының
бас инспекторы, комиссияның хатшысы
Комиссияның мүшелері:
Олег Ибатұлы
АМАНҒАЛИЕВ - "Ақжол" ашық акционерлік қоғамының
президент (келісім бойынша)
Алексей Иванович
БИРЮКОВ - облыстық мемлекеттік санэпидтік
бақылау жөніндегі басқармасының
бастығы
Қайреден Есенғалиұлы
ЖАҚИЕВ - облыстық ауыл шаруашылығы
департаменттің бастығы
Қайырғали Есенғалиұлы
ИМАШЕВ - облыстық тұрғын-үй коммуналдық жол
шаруашылық және көлік басқармасының
бастығы
Марат Сәлімұлы
ИСПОЛОВ - "Флот" жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің директоры (келісім
бойынша)
Құрманғазы Сидқанұлы
ҚАЖИДЕНОВ
- "Қазақстан темір жолы"
Республикалық мемлекеттік
кәсіпорынының Орал тасымалдау
бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)
Ғайса Хамидоллаұлы
ҚАПАКОВ - Орал қала әкімінің орынбасары
Казбек Уразайұлы
КЕНЖЕҒАЛИЕВ - "Западводхоз" Республикалық
мемлекеттік кәсіпорынының төрағасы
(келісім бойынша)
Руслан Хамитұлы
МАМЫШЕВ - Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест
қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
Геннадий Қадырұлы
МҰҚАТАЕВ - Орал әскери гарнизонның бастығы
Бекет Тельманұлы
МЫРЗАҚМЕТОВ - облыстық денсаулық сақтау
басқармасының бастығы
Роберт Хамитұлы
СУЕРБАЕВ - облыстық аумақтық қоршаған ортаны
қорғау басқармасының бастығы
Қайсар Әбілекұлы
СҰЛТАНБАЕВ - облыстық жол полициясы
басқармасының бастығы
Самиғолла Хамзаұлы
ОРАЗОВ - облыстық автокөлік жол басқармасының
бастығы
Асқар Шангерейұлы
ХАМИТОВ - облыстық қаржы басқармасының
бастығы
Яхия Киндашұлы
ЧУДРОВ - "Батыс Қазақстан РЭК" акционерлік
Қоғамының президенті (келісім бойынша)
Валерий Жұманұлы
ШӘМПИЕВ - облыстық телекоммуникациялар
дирекцияның бас директоры (келісім
бойынша)
Басқа 8. 2003 жылдың су тасқынына қарсы
шараларды қамтамасыз етуге қаржы бөлуге
ЕСЕБІ
Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің
2003 жылғы 27 ақпандағы N 59 қаулысына
3 қосымша
2003 жылдың су тасқынына қарсы
шараларды қамтамасыз етуге қаржы бөлуге
ЕСЕБІ
1.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына, соның ішінде:
50 761 мың. теңге
Өзен арналарын ұшып барлау үшін тік ұшақты пайдалануға тарту және тамақ өнімдерін, дәрідәрмекті, материалдарды, жарғыштарды, қажеттілік жағдайда апарып тастау, сонымен су басу аймақтардан адамдарды жедел көшіруге;
3 000 мың. теңге
өзендерде, Жайық өзенінде су тасқының болжау, өзендердің су деңгейінің көтерілу жөніндегі күнделікті деректер алып тұруға, облыстық гидрометеорология орталығымен шарт жасасуға;
900 мың. теңге
төтенше жағдайлар аймақтарына күштер мен қаражат апару, техниканы тарту, автокөліктермен қызмет ету, материалдарды, жабдықтарды, арнаулы киімдерді, ЖЖМ, басқа құралдарды сатып алуға шығындар төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының, аудан әкімдерінің «Западводхоз» АМК-ның есептеріне сәйкес болуға тиісті;
15 876 мың. теңге
жарғыштар бригадасының кезекшілігін және сең жинақталуын жоюға, жару жұмыстар өткізуін ұйымдастыруға;
800 мың. теңге
Владимировка аулының өзен жағасын бекіту жұмыстарын жүргізу ауданында Жайық өзеннің арнасын және жағаларын өзгертуде «Оралсужобасы» жобалық институтының күштерімен тәуліктік мониторингін
ұйымдастыруға;
922 мың. теңге
Бітік, Шаған суқоймалардың апатты нысандарына, Мамаев су торабына және Круглоозерное аулының бөгетсіз бас тоғанына шақпақ тастарды алу және апаруға;
1 499 мың. теңге
Шаған суқоймасының суұрма бөлігінде апаттық - қайта қалпына келтіру жұмыстарына;
7 764 мың. теңге
су тасқыны кезеңінде ҚР білім және ғылым Министрлігінің ғарыштық зерттеулер институтімен бірге, өзендер арнасына және қар жамылғысына ғарыштық мониторингін ұйымдастыруға;
5 000 мың. теңге
Владимировка аулында Жайық өзенінің жағаларын бекіту жұмыстарына
15 000 мың. теңге
2.
Ақжайық аудан әкіміне Чапаев ауылының Қарачаның жеткізуші каналының арнасын және шлюздерін қайта қалпына келтіруге.
1 800 мың. теңге
3.
Жаңақала аудан әкіміне су тасқынның ағындысын тоқтату мақсатында, өзендер мен каналдарда мойнақтарды салуға.
1 356 мың. теңге
4.
Зеленов аудан әкіміне Переметное ауылын Деркул өзенінің бөгетін бекітуге.
3 000 мың. теңге
5.
Қазталовка аудан әкіміне су тасқынның ағындысын тоқтату мақсатында, өзендер мен каналдарда мойнақтарды салуға.
5 700 мың. теңге
6.
Қаратөбе аудан әкіміне Қаратөбе ауылының қорғаныс бөгетшесін бекітуге.
1 800 мың. теңге
7.
Сырым аудан әкіміне Анқаты, Жымпиты, Тасемен, Коминтерн, Жырақұдық тұрғын пункттеріндегі қорғаныс бөгетшелерін бекітуге.
3 550 мың. теңге
8.
Тасқала аудан әкіміне Каменка ауылының Ермишкин тоғанының бөгетін, Логашкин ауылының тоғанының бөгетін, Ақтау ауылының тоғанының бөгетін бекітуге.
2 547 мың. теңге
9.
Теректі аудан әкіміне Федоровка ауылының Барбастау өзенінің саласындағы Үлекті сайында бөгеттерді бекітуге.
4 800 мың. теңге
10.
Шыңғырлау аудан әкіміне Шанды ауылының бөгетін бекітуге.
2 258 мың. теңге
11.
Орал қаласының әкіміне бірінші кезекті су тасқынына қарсы және өзен жағаларын бекіту шараларына, облыс орталығының және саяжай алаптарының қорғаныс бөгеттерін бекітуге
25 000 мың. теңге
ЖИЫНТЫҒЫ:
102 572 мың. теңге