Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную военную службу весной и осенью 2003 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 29.05.2004 № 8-21 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 6-бабы 1 тармағының 15-тармақшасына, 29 бабы 1-тармағының II-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13-бабы 1,2 - тармақтарына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІЗ:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери комиссариат (Мұқатаев Г. Қ.) шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған жоғары жастағы ер азаматтарды Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті шақыру туралы Жарлығына сәйкес 2003 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақырсын және оларды белгіленген мерзімде әскерге жөнелтсін.
Тармақ 2
2. Облыстық шақыру комиссиясы бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Орал қаласының және аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) мынадай құрамда шақыру комиссияларын құрсын: комиссия төрағасы - қала (аудан) әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары - қалалық (аудандық) әскери комиссар, комиссия мүшелері - қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімінің өкілі, дәрігер қызметкерлеріне басшылық жасайтын дәрігер және комиссия хатшысы;
Тармақша 2
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде әскери комиссариатқа дәрігерлік тексеру жүргізу үшін жабдықталған ғимараттар, қажетті мөлшерде техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетуші қызметшілерді, сондай-ақ шақырылушыларды облыстық жинақтау пунктіне тасымалдайтын автокөліктер бөлсін;
Тармақша 3
3) азаматтардың әскери комиссариаттарға шақыру комиссиясынан дәрігерлік тексеруден өтуіне келуінің және оларды одан әрі әскери бөлімдерге жіберу үшін облыстық жинақтау пунктіне жөнелтудің барлық шараларын алсын;
Тармақша 4
4) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру (жинақтау) пункттеріндегі жұмыстарға бөлінген шақыру комиссиясы мүшелерінің, техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсететін қызметшілердің негізгі жұмыс орындарындағы орташа еңбек ақысы сақталсын.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдар, меншіктің нысаны мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен оқу орындарының басшылары азаматтардың шақыру пункттеріне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін, мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты жағдайға шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Мырзахметов Б. Т.):
Тармақша 1
1) шақыру кезеңіне арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті тәжірибелі дәрігер - мамандар, медбикелер бөлсін және облыстың әскери комиссариаттарының шақыру пункттерін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 135 қаулысына сәйкес шақыру комиссиялары емдеу мекемелеріне жіберген шақырылушыларды стационарлық және емханалық тексеруден өткізсін. Осы мақсатқа арнап аудандардың және облыстың емдеу мекемелерінде төсектік орындар бөлсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер басқармасы (Тыныбеков К. С.):
Тармақша 1
1) шақыру кезінде облыстық жинақтау пунктінде, қалалық және аудандық шақыру пункттерінде, шақырылушылар жөнелтілетін теміржол және автомобиль станцияларында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Орал қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға жеті күн мерзімде қылмыстық іс қозғалған шақырушылар туралы хабарласын;
Тармақша 3
3) шақырудан жалтаратын адамдарды іздестіру және тұратын орнын анықтау жөнінде шұғыл топ құрсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов А. Ш.) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, дәрігерлік тексеруден өткізу және оларды әскери бөлімшелерге жөнелту жөніндегі шараларды орындауға байланысты шығындарға облыстық бюджеттен қаралған ақша қаражатын бөлсін.
Тармақ 8
8. Облыстық әскери комиссар Г. Қ. Мұқатаев шақырудың барысы туралы облыс әкіміне дер кезінде мәлімдеп отырсын. Қорытынды ақпаратты 2003 жылдың 15 шілдесінде және 2004 жылдың 15 қаңтарында тапсырсын.
Басқа 18. Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2003 жылғы 19 сәуірдегі N 30-6 бірлескен шешіміне қосымша Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Табылғали Сатқалиұлы Сапаров - облыс әкімнің орынбасары, комиссия төрағасы Геннадий Қадырұлы Мұқатаев - облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Қашура Мұхтарқызы Әжіғұлова - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Қосаманұлы Орынбасаров - дәрігерлік комиссияның төрағасы, дәрігер-терапевт Мәлік Иманкұлұлы Құлшар - облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Бүркіт Елемесұлы Жауымбаев - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Данеяр Жақсылықұлы Ғалеев - облыстық әскери комиссариаттың 2-ші бөлімінің бастығы Валентин Мезәпұлы Каркушиев - облыстық, туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары Маржан Балжұманқызы Мергалиева - комиссия хатшысы Комиссияның резервтік құрамы: Комиссия төрағасы - облыс әкімінің орынбасары Төрағаның орынбасары - облыстық әскери комиссардың орынбасары Комиссия мүшелері: Орынғали Мүбәрәкұлы Биссалиев - қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Майра Төлешқызы Лұқпанова - дәрігерлік комиссия төрағасының орынбасары, дәрігер-терапевт Хохлачева Любовь Павловна - комиссия хатшысы