О проведении конкурса по закреплению рыбохозяйственных водоемов (участков) и распределению лимитов (квот) вылова в 2003 году Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылы балық шаруашылығы суқоймаларын (учаскелерін) бекіту және балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі конкурс өткізу туралы "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы № 3300 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережесіне және "Балық шаруашылығы су айдындарында балық аулаудың және теңіз аңын (итбалықты) аулаудың 2003 жылға арналған лимиттері мен квоталарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 172 қаулысына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 27-бабы 1 тармағының 9-тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылы Бұқтырма, Шульба бөгендеріндегі балық шаруашылығы суқоймаларын (учаскелерін) бекіту және балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі № 1 қосымшаға сәйкес көрсетілген құрамда облыстық конкурстық комиссия құрылсын (бұдан әрі - конкурстық комиссия).
Тармақ 2
2. 2003 жылы Бұқтырма, Шульба бөгендеріндегі Балық шаруашылығы суқоймаларын (учаскелерін) бекіту және балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі конкурс өткізудің тәртібі бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. 2003 жылы Бұқтырма және Шульба бөгендеріндегі әуесқой-спорттық балық аулауға бөлінген учаскелердің тізбесі бекітілсін (№ 3 қосымша).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Балық қорларын қорғау мен балық аулауды реттеу жөніндегі Зайсан-Ертіс бассейндік басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Н. Билимбаев) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21-қазандағы  № 3300 Заңын табиғатты пайдаланушылармен орындауын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. "Облыстың табиғат пайдаланушыларына балық кәсіпшілік учаскелерін бекіту, Бұқтырма, Шульба суқоймалары бойынша балық аулаудың 2002 жылға арналған лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендерлік комиссия құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 139 тіркеу № 814 және "Әкімияттың 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 139 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" 2002 жылғы 12 қыркүйектегі № 250 тіркеу № 929 қаулылары күштерін жойды деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Д.И.Селихановқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ: Балық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығының Алтай филиалының директоры Е. Куликов "Балық қорларын қорғау мен балық аулауды реттеу жөніндегі Зайсан-Ертіс бассейндік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Билимбаев "Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Д. Бейсембаев
Басқа 8. 2003 жылғы балық шаруашылығы суқоймаларын (учаскелерін) бекіту және балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның құрамы
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 21 мамыр № 71 қаулысына № 1 қосымша 2003 жылғы балық шаруашылығы суқоймаларын (учаскелерін) бекіту және балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның құрамы 1. Селиханов Дюсумбай Макзумович облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы 2. Кундызбаев Жанымхан Каюевич Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Комиссия мүшелері: 1. Нарушин Иван Николаевич Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп басқарма бастығының міндетін атқарушы 2. Куликов Евгений Вячеславович балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Алтай филиалының директоры (келісім бойынша) 3. Билимбаев Асылбек Нагимбекович "Балық қорларын қорғау мен балық аулауды реттеу жөніндегі Зайсан-Ертіс бассейндік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) 4. Бейсембаев Даурен Каирлыевич "Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) 5. Китапбаев Санакбек Канапянович Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының балық шаруашылығы жөніндегі бас маманның міндетін атқарушы (келісім бойынша) Комиссия хатшысы: Егорова Татьяна Валерьевна "Балық қорларын қорғау мен балық аулауды реттеу жөніндегі Зайсан-Ертіс бассейндік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің балық аулауды реттеу бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Облыс әкімінің аппарат басшысы Т. Ибраев
Басқа 9. 2003 жылы Бұқтырма, Шульба бөгендеріндегі балық шаруашылығы суқоймаларын (учаскелерін) бекіту және балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі конкурс өткізудің тәртібі
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 21 мамырдағы № 71 қаулысына № 2 қосымша 2003 жылы Бұқтырма, Шульба бөгендеріндегі балық шаруашылығы суқоймаларын (учаскелерін) бекіту және балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі конкурс өткізудің тәртібі
Тармақ 1. 1. Кіріспе
1. Кіріспе
Тармақ 1
1. 2003 жылы Бұқтырма, Шульба су қоймаларындағы балық шаруашылығы суқоймаларын (учаскелерін) бекіту және балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу конкурсын өткізу жөніндегі Тәртіп (бұдан әрі Тәртіп) Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма, Шульба бөгендеріндегі балық қорларын игергісі келген табиғатты пайдаланушыларға (заңды және жеке тұлғаларға) кәсіптік балық аулауға рұқсат алуда тең мүмкіндіктер беру мәселесін шешу үшін әзірленген.
Тармақ 2
2. Конкурс табиғатты пайдаланушылардың қайсысына кәсіптік балық аулау үшін балық кәсіпшілігі суқоймаларының (учаскерлерінің) бекітетіндігін және оларға балық аулау лимиттері мен квоталарының бөлінетіндігін анықтау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 3
3. Бұқтырма бөгені бойынша № 1 қосымшада көрсетілген балық аулау лимиттерімен белгіленген бөліктер конкурстық негізде табиғатты пайдаланушылар арасында алынған рейтінгілік көрсеткіштерді есепке алып учаскелермен бөлінеді. Шульба бөгеніндегі балық аулау лимиттері конкурс (тендер) арқылы бөлініп соған сәйкес балық аулау учаскелері табиғатты пайдаланушыларға алынған рейтингілік (балл) коэффициентіне қарай № 1 қосымша бойынша бекітіледі.
Тармақ 2. 2. Табиғатты пайдаланушылардың құқықтары мен біліктілігі
2. Табиғатты пайдаланушылардың құқықтары мен біліктілігі
Тармақ 4
4. Кәсіптік балық аулаумен айналысатын табиғатты пайдаланушылардың тілек білдіргендерінің барлығы белгіленген тәртіпте балық аулау лимиттерін бөлу және балық кәсіпшілігі суқоймаларын (учаскерлерін) бекіту жөніндегі конкурсқа қатыса алады.
Тармақ 5
5. Конкурсқа қатысу үшін табиғатты пайдаланушылар төмендегі талаптарға сай болу керек:
Тармақша 1
1) белгіленген балық аулаудың ережелеріне сәйкес кәсіптік балық аулауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бекітілген тәртіпте тіркеуден өткізілген техникалық жағынан түзетілген экипажы, білікті адамдардан іріктелген жүзу жабдықтарының (қайықтар, катерлер) және басқа, кәсіптік механизмдердің, аулау құралдарының, өндірістік қуаттардың (өндірістік үй-жайлардың цехтардың, тоңазытқыш қондырғылардың, технологиялық жабдықтардың және басқалардың) болуы;
Тармақша 2
2) қаржылық жағынан дәулеттілік;
Тармақша 3
3) суқоймаларының экологиялық ахуалын, балықтардың және басқа су жәндіктерінің тіршілігі мен молаюын жақсартуға бағытталған балық өсіру мен мелиоративтік жұмыстарды (балықтың молаюына мүмкіндік туғызу, балықтар жіберу, оның індеттерімен күресу, су өсімдіктерін отау, кәсіптік балықтың ұсақ шабақтарын қорғау, өлген балықтарды жинау және жерлеу мен басқаны) жүргізуге мүмкіндігінің болуы;
Тармақша 4
4) шаруашылықты және басқа жұмыстарды жүргізуге рұқсат ететін экологиялық талаптардың орындалуы;
Тармақша 5
5) белгіленген төлеу ставкасына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны (балық аулау және басқа су жәндіктерін ұстау) үшін төлем төлеу;
Тармақша 6
6) өзіне бекітілген суқоймасын (учаскесін) басқа табиғатты пайдаланушыларға бермеу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасында қолданыстағы балық аулау мен басқа да су жәндіктерін ұстаудағы нормативтік құқықтық актілерде баяндалған табиғатты пайдаланушылардың барлық міндеттерін орындау;
Тармақша 8
8) балық қорларын қорғау жөніндегі талаптарды орындау;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның ведомстволық қарасты ұйымдардың өкілдері талап еткен қажетті ақпараттарды заңнамаға сәйкес беру.
Тармақ 3. 3. Табиғатты пайдаланушылардың құқығы мен біліктілігін растайтын конкурстық тапсырыстар мен құжаттардың мазмұны
3. Табиғатты пайдаланушылардың құқығы мен біліктілігін растайтын конкурстық тапсырыстар мен құжаттардың мазмұны
Тармақ 6
6. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген табиғатты пайдаланушының конкурстық тапсырысында мыналар болуға тиісті:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысу тапсырысында бекітпек балық кәсіпшілігінің суқоймасы (учаскесі) көрсетілген № 2 қосымшаға сәйкес аулайтын балығының лимиті мен квотасы;
Тармақша 2
2) бюджет алдында мерзімі өткен қарызы жоқтығы туралы салық органдарынан анықтама;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаларға Жарғы көшірмесі, жеке тұлғаларға патент (куәлік);
Тармақша 4
4) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеуден өткендігі жөніндегі куәліктің көшірмесі;
Тармақша 5
5) қызмет көрсететін банктен қаржылық жағдайы туралы анықтама;
Тармақша 6
6) аулау құралдарының, балық кәсіпшілігі қосының, өндірістік орынның санитарлық жағдайы туралы санитарлық-эпидемиялық қызмет органдарынан анықтама;
Тармақша 7
7) табиғатты пайдаланушының бұрынғы шартта көрсетілген міндеттерді орындағандығы туралы (егер оған бұрын балық кәсіпшілігінің суқоймасы (учаскесі) бекітілген болса) арнайы уәкілетті мемлекеттік органның қорытынды-анықтамасы;
Тармақша 8
8) сұрап отырған лимитті игеру үшін қажетті аулау жабдықтарының, кәсіптік механизмдерінің, жүзу құралдарының және материалдық-техникалық ресурстарының бар екендігін және оның жайын көрсетіп бекітетін арнайы уәкілетті мемлекеттік органның анықтамасы;
Тармақша 9
9) балық кәсіпшілігі суқоймасының (учаскесінің) экологиялық ахуалы мен гидробионттар тіршілік ететін ортасын жақсарту жөніндегі және балық қорын молайту мен атқарылатын балық өсіру-мелиоративтік жұмыстардың көлемі көрсетілген 2003 жылға арналған басшы бекіткен табиғат қорғау шараларының жоспары;
Тармақша 10
10) заңды тұлғалар үшін бухгалтерлік балансын, жеке тұлғалар үшін салық комитеті куәландырған негізгі қаржылары толық көрсетілген декларациясын ұсыну;
Тармақша 11
11) балық кәсіпшілігі учаскесінің карта-сызбасы.
Тармақ 4. 4. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық тапсырыс беру
4. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық тапсырыс беру
Тармақ 7
7. Табиғатты пайдаланушы конкурстық тапсырысты (осы конкурстық құжатының 5-тармағында көрсетілген барлық құжаттардың тізбесін) жабық түрінде бір конвертке салып конкурстық комиссияға ұсынады. Тендерді өткізу мерзімі туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ("Дидар", "Рудный Алтай" газеттері) оны өткізгенге дейін бір ай бұрын жеткізіледі.
Тармақ 8
8. Конкурстық тапсырыс бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде ¤скемен қаласы, Головков көшесі, 52 үйдегі конкурстық комиссияға қолма-қол немесе поштамен табыс ету арқылы ұсынылады.
Тармақ 5. 5. Конкурстық тапсырыстарды ашу және қарау
5. Конкурстық тапсырыстарды ашу және қарау
Тармақ 9
9. Конкурстық тапсырысты конкурстық комиссия ашады.
Тармақ 10
10. Құжаттар тізбесі толық болмаған жағдайда немесе ол дұрыс рәсімделмегенде ондай конкурстық тапсырыс қабылданбайды және қаралмайды.
Тармақ 6. 6. Конкурстық тапсырыстарды бағалау және конкурс жеңімпаздарын анықтау
6. Конкурстық тапсырыстарды бағалау және конкурс жеңімпаздарын анықтау
Тармақ 11
11. Осы Тәртіптің 3-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына толық сәйкес келетін конкурсты жеңіп алған табиғатты пайдаланушылар балық кәсіпшілігі суқоймаларын (учаскелерін) бекіту құқына, соған сәйкес балық аулау лимиттері мен квоталарына ие болады. Конкурстық комиссия конкурс қорытындысын шығарғанда конкурстық коэффициентті есептеудің баллдық жүйесін (№ 3 қосымша) басшылыққа алады; артықшылық құқыққа мынадай табиғатты пайдаланушылар ие болады: - сұранысқа ие болған балық кәсіпшілігі суқоймаларында (учаскелерінде) балық қорын сақтау мен молайтудың ең тиімді және нақты шараларын ұсынғандар; - сұраған лимит пен квотаны игеруге қажетті ең қуатты және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасы барлар; - баллдары тең болғанда кәсіби балықшылар мен жағалаудағы аудандардың жергілікті тұрғындарына артықшылық беріледі.
Тармақ 12
12. Егер жарияланған учаскені иеленгісі келген табиғатты пайдаланушы конкурсқа қатысушы ретінде жалғыз болса және ол бекітілген біліктілік талаптарына сай келсе, конкурстық комиссия оны конкурс жеңімпазы болды деген шешім қабылдай алады.
Тармақ 13
13. Конкурстық комиссия мәжілісіне оның мүшелерінің ең аз дегенде 2/3-сі қатысқанда көпшілік дауыс арқылы шешім қабылданады және ол хаттама түрінде рәсімділеді. Дауыстар тең екіге бөлінгенде конкурстық комиссияның төрағасына шешуші дауысқа ие болу құқы беріледі.
Тармақ 14
14. Конкурстық комиссия конкурстың қорытындысын 5 күн ішінде әр балық аулау учаскесі бойынша жеңімпаздарды атай отырып конкурсқа  қатысушылардың барлығына хабарлайды.
Тармақ 15
15. Конкурстық комиссияның шешімі негізінде облыс әкімі балық кәсіпшілігі суқоймасын (учаскесін) конкурс жеңімпазына 5 жылға дейінгі мерзімге бекіту жөнінде шешім шығарады.
Тармақ 16
16. Балық кәсіпшілігінің суқоймасы (учаскесі) конкурс жеңімпазына бекітілгеннен кейін облыс әкімінің шешімімен арнайы уәкілетті орган "Балық қорларын қорғау мен балық аулауды реттеу жөніндегі Зайсан-Ертіс бассейндік басқармасы" мемлекеттік мекемесі табиғатты пайдаланушылармен белгіленген тәртіпте бір күнтізбектік жылға балық қорларын және су жәндіктерін пайдалануға шарт жасасады. Табиғатты пайдаланушылар шарттағы міндеттерін орындамаған жағдайда, арнайы уәкілетті органдардың ұсынысымен шарттың бұзылуы мүмкін және конкурстық комиссияның шешімімен ол учаске жаңа күнтізбектік жылда конкурсқа қойылуы мүмкін, ал балық аулау лимиті басқа табиғатты пайдаланушылар арасында бөліске түседі. Шарттағы талаптарды бұзбаған табиғатты пайдаланушылармен табиғатты пайдалану жөніндегі шарт арнайы уәкілетті органдар арқылы келесі күнтізбелік жылға ұзартылуға тиіс. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығы Ж. Кундызбаев
Басқа 52. 2003 жылы Бұқтырма және Шульба бөгендері бойынша балық аулау лимитін (квотасын) бөлу
Конкурс өткізу тәртібіне № 1 қосымша 2003 жылы Бұқтырма және Шульба бөгендері бойынша балық аулау лимитін (квотасын) бөлу Атауы Бұқтырма  бөгені бойынша, тонна Шульба бөгені  бойынша, тонна Үкіметтік лимит 9065 491 Әуесқой-спорттық балық аулау 150 50 Балық өсіру жұмыстары 20 - Ғылыми-зерттеу мақсаттары 81 4,8 Бақылаулық аулау 80 5 Әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар үшін бөлінген лимит 100 7 2003 жылда қаңтар-ақпан  наурыз аралығында  ауланған балық 2810 53 Кәсіби балық аулауға бөлінетін қалдық 5824 371,2 2003 жылы Бұқтырма бөгенінде жалпы лимитті  бөлу Жалпы бекітілген лимит - 9065 тонна Кәсіби балық аулау (1 тоқсанды қосып есептегендегі лимит қалдығы) - 5824 тонна Бөліктердің түрі Бұқтырма бөгеніндегі негізгі бөліктерінің шекарасы Орналасқан ауданы Ауданы (шаршы км) Балық аулаудың ғылыми -лимиттік негізі (тонна) Көл жағы Қамысзауыт Аманат кентінен, ёлтарақ мүйісі - Ескі қарақас аралығы Тарбағатай- Күршім 3535 4111 ¤зен-көл жағы Ескі Қарақастан -Казнаковка өткеліне дейін, екі жағалауы Күршім  Көкпекті 670 866 Таулы  жазықтық жағы Казнаковка өткелінен  Свинчатка кентіне дейін, екі жағалауы Күршім  Көкпекті 345 501 Тау жағы Свинчатка кентінен  Братский мүйісіне дейін, екі жағалауы Катонқарағай Зырян, Көкпекті 350 246 Бөгет  маңайы Братский мүйісінен  Бұқтырма ГЭС-іне дейін екі жағалауы Көкпекті, Зырян, ёлан 270 100 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығы Ж. Кундызбаев
Басқа 53. Бұқтырма және Шульба бөгендеріндегі балық шаруашылығы суқоймаларын (учаскерлерін) бекіту мен балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу конкурсына қатысу үшін
Конкурс өткізу тәртібіне № 2 қосымша Бұқтырма және Шульба бөгендеріндегі балық шаруашылығы суқоймаларын (учаскерлерін) бекіту мен балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу конкурсына қатысу үшін №_____ТАПСЫРЫС Конкурсқа қатысушы табиғатты пайдаланушылардың құқықтылығы мен біліктілігін растайтын құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Сұраған балық кәсіпшілігінің учаскесі мен балық аулаудың  лимиті көрсетілген конкурсқа қатысу тапсырысы.
Тармақ 2
2. Бюджет алдында қарызы жоқтығы туралы салық органдарынан анықтама.
Тармақ 3
3. Заңды тұлғалар үшін Жарғының көшірмесі, жеке тұлғалар үшін патент немесе куәлік.
Тармақ 4
4. Куәліктің және мемлекеттік тіркеудің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін).
Тармақ 5
5. Қаржылық жағдайы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама.
Тармақ 6
6. Аулау құралдарының, балық кәсіпшілігі қосының, өндірістік ғимараттың санитарлық жағдайы туралы санитарлық-эпидемиялық қызмет органдарынан анықтама.
Тармақ 7
7. Табиғатты пайдаланушының бұрынғы шартта көрсетілген міндеттерді орындағандығы туралы (егер ол бұрын балық кәсіпшілігі учаскесін алған болса) арнайы уәкілетті мемлекеттік орган берген қорытынды анықтамасы.
Тармақ 8
8. Аулау құралдары (сүзгі аулар, құрма аулар), кәсіпшілік механизмдері барын растайтын "Балық қорларын қорғау мен балық аулауды реттеу жөніндегі Зайсан-Ертіс бассейндік басқармасы" мемлекеттік мекемесі және жүзу құралдары (қайықтар, катерлер, кемелер) бар екендігі туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлікті бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінен анықтама.
Тармақ 9
9. Салық комитеті куәландырған қолда бар технологиялық жабдықтардың, кәсіпорынның негізгі құралдары толық көрсетілген бухгалтерлік баланс.
Тармақ 10
10. 2003 жылға арналған  басшылар бекіткен, балық кәсіпшілігі суқоймасының (учаскесінің) экологиялық ахуалын, су жәндіктерінің тіршілік ету ортасын және балық қорының өсімін молайтуын жақсартуға бағытталған балық өсіру мелиоративтік жұмыстар көлемі көрсетілген табиғат қорғау шараларының жоспары.
Тармақ 11
11. Балық кәсіпшілігі учаскесінің карта сызбасы. Берілген күні                  _________________________________ Табиғатты пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты-жөні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығы Ж. Кундызбаев
Басқа 65. 2003 жылы балық шаруашылығы учаскелерін бекіту және балық аулау лимиттерін бөлу жөніндегі конкурстың қорытындысын шығарудағы конкурстық коэффициентті есептеу
Конкурс өткізу тәртібіне № 3 қосымша 2003 жылы балық шаруашылығы учаскелерін бекіту және балық аулау лимиттерін бөлу жөніндегі конкурстың қорытындысын шығарудағы конкурстық коэффициентті есептеу № Көрсеткіштер атауы Ең жоғарғы бағалан- ған көрсет- кіштер % Тапсырысбойынша көрсет- кіштер саны 10 баллдық жүйе бойынша баға Табиғат пайдала- нушылар- дың рейтинг- тік коэффи- циент Р=гр3* гр5:100 1 2 3 4 5 6 1. Балық өсіру - мелиоративтік шаралардың орындалуы (суқоймаларының экологиялық жағдайын су жәндіктерінің тіршілік ету ортасын және балық қорының өсімін молайтуды жақсартуға арналған) жоспарының орындалуы, мың теңге, жоспардың, келісім шарттың орындалу пайызына сәйкес балл саны 20 2. Балық қорын қорғау, өсімін молайту және пайдалану талаптарының орындалуы: а)балық аулау лимитін - тонна игеру, игерген пайызы балл санына сәйкес келеді; б)балық қорын сақтау заңнамасын бұзу: Тәртіп бұзушылық жоқ болғанда + 10 балл; 10 тәртіп бұзушылыққа - минус 2 балл; 10 тәртіп бұзушылықтан жоғары - минус 10 балл. Жаңа табиғатты пайдаланушы 0 балл 5 5 3. Табиғатты қорғау шаралары, мың теңге 15 4. Балық аулау  кемелерінің бар болуы: 5 кемеге дейін - 1 баллдан әрбір кемеге; 5 және одан да көп кемелерге - 7 балл (бұл кемелердің күші 50 ат күшіне дейін). Арнайы кемелер (күші 50 ат күшінен жоғары) ярославлдық, қабылдау - тасымалдау, жүзгіш базалы кемелер 1 және 1 ден жоғары кеме - 2 балл қайық үшін санына қарамай - 1 балл беріледі 10 5. Ау-құралдар: сүзгі ау, құрма аудың бар болуы: әрбір балық аулайтын учаскеге, лимитті игеруге қажетті құралдардың бар болуы. Жеткілікті ау құралдар саны болғанда - 10 балл 10 6. ¤ндірістік үй-жайлар шаршы метр 100-ге дейін  2 балл, 100-ден жоғары шаршы метр  3 балл 5 7. Тоңазытқыш қоймалар саны 50 тоннаға дейінгі қоймалар - 5 балл, 50 тоннадан жоғары қоймалар  10 балл 10 8. ¤ңдеуге қажетті технологиялық жабдықтар,  тонна/тәулік 1 тоннаға дейін - 5 балл, 1 ден-2 тонна/тәулікке дейін 10 балл 5 9. Балықшылар, адам саны. 1 сүзгі ауға 10 - адам, 50 құрма ауға 3 - адамнан. Осы тәртіппен ау құралға сәйкес келсе - 10 балл 10 10. Қаржылық жағдай, мың теңге 5 11. Барлығы 100 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығы Ж. Кундызбаев
Басқа 66. І. 2003 жылы Бұқтырма және Шульба бөгендеріндегі әуесқой - спорттық балық аулауға бөлінген учаскелердің тізбесі
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 21 мамырдағы № 71 қаулысына № 3 қосымша І. 2003 жылы Бұқтырма және Шульба бөгендеріндегі әуесқой - спорттық балық аулауға бөлінген учаскелердің тізбесі Бұқтырма бөгені әуесқой-спорттық балық аулау
Тармақ 1
1. Ұлтарақ мүйісінен, жағалаумен жоғары 1 км, тереңінен 2 км.
Тармақ 2
2. Тұғыл кентінен, жағалаумен жоғары 1 км, тереңінен 2 км.
Тармақ 3
3. Тораңғы шығанағындағы тыйым салынған аймақ шекарасынан, жағалаумен төмен 1 км, тереңінен 1 км.
Тармақ 4
4. Аманат кентінен, жағалаумен жоғары 1 км, тереңінен 2 км.
Тармақ 5
5. Қарақас қайраңынан (прк), екі жақ жағалаумен төмен 1 км, тереңінен 2 км (ҮМЗ базасын қоса).
Тармақ 6
6. Казнаковка өткелінен жағалаумен жоғары 1 км, қарсы жағалауға қарай бойына дейін 94 км.
Тармақ 7
7. Қайыңды өзенінің сағасынан 500 м шегініп, жағалаумен төмен 1 км, тереңінен 1,5 км.
Тармақ 8
8. Васильев өткелінен, жағалаумен жоғары 1 км, қарсы жағалауға қарай (2,5 км).
Тармақ 9
9. Октябрь өткелінен, жағалаумен төмен 1 км, қарсы жағалауға қарай (2,5 км).
Тармақ 10
10. Голубой шығанағынан, жағалаумен жоғары 2 км, тереңінен 1 км.
Тармақ 11. Шульба бөгені әуесқой-спорттық балық аулау
11. Бөкен өзенінің сағасынан 500 м шегініп жағалаумен жоғары 1 км, тереңінен 1 км. Шульба бөгені әуесқой-спорттық балық аулау
Тармақ 1
1. Тірек аймағынан 500 м шегініп сол жақ жағалаумен төмен 1 км, тереңінен 1 км.
Тармақ 2
2. Ковалевка өзенінің сағасынан 500 м шегінгеннен кейін, жағалаумен төмен 1 км, тереңінен 500 м.
Тармақ 3
3. Ковалевка өзенінің сағасынан 6 км шегініп жағалаумен төмен 1 км, тереңінен 1 км.
Тармақ 4
4. Қызылсу өзенінің сағасынан 500 м шегініп кейін жағалаумен төмен 1 км, тереңінен 1 км;
Тармақ 5
5. Уба өзенінің сағасынан 500 м шегініп жағалаумен төмен 1 км, тереңінен 500 м. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығы Ж. Кундызбаев