Қолданыстағы ред. 06.04.2003

Об утверждении правил расходования средств для оказания гарантированного объема бесплатной медицинской помощи населению Аральского и Казалинского районов на 2003год от 06.04.2003 г. № 475 (2003 жылы Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарына ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге арналған қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы)

0

2003 жылы Арал және Қазалы аудандарының
тұрғындарына ақысыз медициналық көмектің
кепілді көлемін көрсетуге арналған қаражатты
жұмсау ережесін бекіту туралы
«2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоксандағы №362 - II Заңының негізінде және «2002 жылғы 20 желтоқсандағы облыстық мәслихаттың XVII сессиясының «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» №139 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 наурыздағы XIX сессиясының шешіміне сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарына ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге арналған қаражатты жұмсау ережесі» бекітілсін.

2

2. Облыстық денсаулык сақтау басқармасына, Арал, Қазалы аудандары мен Қызылорда қаласы әкімдеріне бөлінген қаржыны өз мақсатына жұмсау тапсырылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.

4

Облыс әкімиятының
2003 жылғы 7 сәуірдегі № 475
каулысымен Бекітілген
Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарына ақысыз
медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге
арналған қаражатты жұмсау
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы қағидалар

1

1. Ереже Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарына ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге арналған қаражатты жұмсау тәртібін айқындайды.
Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарына ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге арналған шығыстар «Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарына ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету» 66 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаралған.

2

2. Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарына ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге арналған қаражатты жұмсау тәртібі
Экологиялық апат аймағында тұратын тұрғындарға ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін Арал және Қазалы аудандарындағы медициналық ұйымдарға ереженің 2-тармағына сәйкес бөлінген қаражатты:

1

1)қолданылып жүрген штаттық нормативке және аудандық қаржы бөлімдерімен келісе отырып, қызметкерлерге жалақы төлеу, соның ішінде сыйақы, материалдық көмек (еңбекақы төлеу қорынан үнем болған жағдайда), қалыптан тыс жұмыстарға, мейрам және демалыс күндердегі жұмыстарға ақы төлеу;

2

2)жұмыс берушілер жарнасы (әлеуметтік салық, автокөліктерді міндетті сақтандыру жарнасы);

3

3)«Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы №128 Қаулысына сәйкес азық-түлік пен ағымдағы шаруашылық максаттарға материалдар, медициналық құрал-жабдықтарды, жұмсақ мүліктерді сатып алу;

4

4) Қазақстан Республикасы уәкілетті орталық атқарушы органымен азаматтардың денсаулығын қорғау саласында және басқа да медициналық белгіленген қаражаттар бойынша бекітілген өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің тізіміне сәйкес дәрі-дәрмектер сатып алу;

5

5) іс-сапар шығындары;

6

6) «Бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің электр қуатын, жылуды, ыстық және салқын суларды және басқа да коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы №1118 қаулысына сәйкес коммуналдық төлемдер. байланыс қызметі, жылу, электр қуаты, ғимараттарға қызмет көрсету;

7

7) келісім-шарт бойынша заңды және жеке тұлғалармен көрсетілген қызметтерге төлем, соның ішінде банктік қызметтер;

8

8) медициналық автокөліктерді міндетті техникалық тексеру;

9

9) ғимараттың ішін және соған қатысты аумақты санитарлық өңдеу және медициналық құрал-жабдықтарды тазалау шығыстарына жұмсау.

4

4. Сонымен қатар Арал, Қазалы аудандары тұрғындарын облыстық және Қызылорда қаласындағы мамандандырылған мекемелерде (облыстық медициналық орталық, жұқпалы аурулар ауруханасы, балалар ауруханасы, тері-жіңішке аурулар ауруханасы, облыстық медициналық тәуелділік орталығы, жүйке аурулар ауруханасы, онкологиялық орталық, туберкулезге қарсы күресу орындары) емдеуде Қазақстан Республикасы уәкілетті орталық атқарушы органымен азаматтардың денсаулығын корғау және басқа да медициналық белгіленген қаражаттар аумағында бекітілген өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің тізіміне сәйкес дәрі-дәрмектерді сатып алуға бөлінді.

3

3. Есеп тапсырудың тәртібі

5

5. Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарына ақысыз медициналық көмектің кепілді кѳлемін кѳрсететін облыстык, қалалык және аудандық ұйымдар бағдарлама әкімшісіне есепті айдың 5-іне әр ай сайын бағдарлама және ерекшеліктер бойынша мақсатты трансферттің қолданылуы жайлы бөлек есептер тапсыруы тиіс. Қызылорда калалык және Арал, Қазалы аудандарының денсаулык сақтау бөлімдері есепті айдың 10-
ына әр ай сайын облыстық денсаулык сақтау басқармасына тапсыруы тиіс. Облыстық денсаулық сактау басқармасы есепті айдың 15-іне әр ай сайын Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігіне және
көшірмесін облыстық қаржы басқармасына тапсыруы қажет.