О распределении целевых трансфертов, предусмотренных в республиканском бюджете на 2003 год для оказания государственной адресной социальной помощи населению Аральского и Казалинского районов Қолданыста
Басқа 0
2003 жылға арналған республикалық бюджетте Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін көзделген мақсатты трансферттерді бөлу туралы
«2003 жылға арналған республикалық бюджетте Ақтөбе облысы Шалқар ауданының, Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін көзделген мақсатты трансферттерді бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 ақпандағы № 221, «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы XVII сессиясының № 139 шешімін іске асыру туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы №407 қаулыларына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін көзделген барлығы 270000 мың теңге сомадағы мақсатты трансферттен, Арал ауданына 160000 мың теңгесі, Қазалы ауданына 110000 мың теңгесі бөлінсін.
Тармақ 2
2. Арал (Б.Құдаманов) және Қазалы (Б.Пұсырманов) аудандарының әкімдері бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына есебін тапсырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің
орынбасары Б.Қуандықовқа жүктелсін.