Об утверждении Правил о целевом использовании средств, выделяемых из местного бюджета для оралманов на 2003 год Қолданыста
Басқа 0
2003 жылы оралмандарға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржының мақсатты пайдалану жөніндегі Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңын орындауда және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы «Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) үшін бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану туралы ережені бекіту туралы» № 1194 қаулысы негізінде Денисов ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылы оралмандарға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржының мақсатты пайдалану туралы ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ж. Омароваға жүктелсін.
Басқа 3. Денисов ауданы бойынша 2003 жылы
оралмандар үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін
қаражаттың мақсатты пайдалану туралы
ЕРЕЖЕЛЕР
Денисов аудандық әкімиятының
2003 жылғы 6 мамырдағы № 69
шешіміне
қосымша
Денисов ауданы бойынша 2003 жылы
оралмандар үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін
қаражаттың мақсатты пайдалану туралы
ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес жергілікті бюджеттен бөлінетін және қоныс аудару іс-шараларын қаржыландыру мен оралмандарды әлеуметтік қорғауға қаражатты пайдаланудың тәртібін реттейді.
Тарау 2. 2. Біржолғы жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібі
2. Біржолғы жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібі
Тармақ 2
2. Оралмандарға біржолғы жәрдемақы тағайындауды оралманның тұрған орны бойынша халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі аумақтық органдары жүргізеді.
Тармақ 3
3. Біржолғы жәрдемақыны алу үшін мынадай құжаттарды тапсыру керек:
Тармақша 1
1) біржолғы жәрдемақыны тағайындау жөнінде өтініш;
Тармақша 2
2) оралманның жеке басын куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
Тармақша 4
4) оралманның статусын куәландыратын анықтама.
Тармақ 4
4. Оралмандарға біржолғы жәрдемақысы:
отағасына - он бес еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
отбасының әр мүшесіне - он еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
Оралманның отбасының жеке мүлкін жеткізу үшін шығынды өтеу, көліктік қызмет көрсету туралы құжаттарды тапсырылған жағдайда, бірақ, елу есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада жүргізіледі.
Әрбір оралманның өткені үшін ақы жол жүру құжаттарын тапсырған жағдайда (авиакөліктен басқа) іс жүзіндегі шығындар бойынша, бірақ он есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде жүргізіледі.
Айлық есептік көрсеткіш мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындау сәтінде есептеледі.
Оралмандар үшін тұрғын үй сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңдарына сәйкес халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі аумақтық органдар жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Біржолғы жәрдемақыны төлеу
3. Біржолғы жәрдемақыны төлеу
Тармақ 5
5. Біржолғы жәрдемақыны төлеу халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі аумақтық органдары тапсырған тізімі бойынша Халықтық банктің № 221400 Денисов аудандық бөлімшесі арқылы жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Оралмандарға біржолғы жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қолма-қол жүргізіледі.