Об организации отдыха, оздоровления, занятости детей и подростков в летний период 2003 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылдың жазғы маусымында балалар мен жеткіншектердің демалысын,сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Премьер –Министрінің 2003 жылғы 22 суірдегі № 70-ө өкімін орындауға орай және кәмелетке толмағандардың демалысын сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын, бақылаусыз қалуының, құқық бұзушыларының алдын алуды ұйымдастыру, балалар мен жеткіншектердің денсаулығын нығайту, қауіпсіздігі үшінқажетті жағдайларжасау мақсатында:
Тармақ 1
1. Балалар мен жеткіншектердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) Жазғы маусымға мезгілінде әзірленуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Жазғы маусымда балалар мен жеткіншектердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялар құрсын;
Тармақша 3
3) Балалар мен жеткіншектердің демалысы мен сауықтырылуын жергілікті бюджеттерде көзделген, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қаржылар шегінде ұйымдастырсын және өткізсін;
Тармақша 4
4) Бірінші кезекте жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың, аз қамтамасыз етілген, көп балалы, толық емес отбасылары және жұмыссыз отбасылары балаларының демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (А.К. Молотников) облыстық білім беру мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан жетім балалардың қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде сауықтырылуын қаржыландыру 2003 жылға арналған облыстық бюджетте көзделген қаржылар есебінен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық білім беру департаменті (Е.Н. Иманғалиев),облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л. Громов) жазғы маусымда барлық мектептен тыс ұйымдар мен спорт ғимараттарының жұмысын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Ә.Е. Әбілаев) заңнамаға сәйкес каникул кезеңінде жеткіншектер үшін уақытша жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық туризм және спорт комитеті (В. Л. Громов) жазғы каникул кезеңінде балалр және жеткіншектер туризмін дамыту үшін жағдайлар жасасын.
Тармақ 7
7. Облыстық санэпидемстанция (С.Т. Сәтеков) жазғы сауықтыру ұйымдарының санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуына тексеріс ұйымдастырсын, олардың орналасқан жеріндегі санитарлық-эпидемиялогиялық қолайлы жағдайды қадағалаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасында бақылаусыз қалудың, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын- алу жөнінде нақты шаралар қабылдансын
Тармақ 9
9. Баласында қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері бар кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары:
Тармақша 1
1) Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен, өрт-қауіпсіздігін құралдарымен, спорттық және мәдени бұйымдармен қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Кәсіподақ комитетерінің және еңбек ұжымдарының келісімімен ақысыз жолдамалар немесе құны жартылай төленетін жолдамалар санынанықтауға;
Тармақша 3
3) Облыстық білім беру департаментімен (Е.Н. Иманғалиев), облыстық денсаулық сақтау басқармасымен (Қ.Қ. Ермекбаев), облыстық медениет департаментімен (Р.К. Омарбекова) бірлесе отырып, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін келісім-шарт негізінде білікті мамандармен жасақтауға назар аударсын.
Тармақ 10
10. Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде балалар өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін:
Тармақша 1
1) Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К. Ермекбаев) балалар мен жеткіншектерге медициналық қызмет көрсетуге, олардық сауықтырылуын ұйымдастыруға бақылау жасауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л. Громов) спорт, ойын алаңдарының, туристік жорықтар, экскурсиялар, серуендер бағыттарының қауіпсіздігін тексеруді мезгілінде жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бас басқармасы (В.М. Козлов) жазғы каникул басталғанға дейін балаларды демалту, сауықтыру және жұмыспен қамту ұйымдарының өртке қарсы жай- күйіне тексеріс жүргізсін және олардың өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) Облыстық судан құтқару қызметі (В.Д. Фаст) суға түсетінорындардың қауіпсіздігіне бақылау орнатсын;
Тармақша 5
5) Ішкі істер бас басқармасы (А.В. Кулинич) балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және балаларды сауықтыру ұйымдарында қоғамдық тәртіптің қорғалуын қамтамасыз етсін, жазғы каникулкезеңінде жолдар мен көшелерде балалар жарақаттануын азайту жөнінде алдын-алу шараларын қабылдысын.
Тармақша 6
6) Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Б.Р. Аманов), кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары қала сыртындағы лагерьлердің телефон байланысын және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Қарағанды облыстық телерадиокомпаниясы (Ә.Ә. Әбдәкімов), «Индустрияльная Караганда» (С.М. Кемельбаев) , «Орталық Қазақстан» (М.С. Сембай) облыстық газеттерінің редакциялары бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жеткіншектердің жазғы демалысына, сауықтырылуына және жұмыспен қамтылуына әзірлік және оны өткізу барысын ұдайы жария етсін.
Тармақ 12
12. Облыс әкімінің 30.04.2002 ж. «2002 жылдың жазғы маусымында балара мен жеткіншектердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» №79 шешімінің күші жойылсындеп танылсын (тіркелу № 827 2002 жылғы 24 мамыр).
Тармақ 13
13. Аталмыш шешімнің орындау барысы туралы ақпарат 2003 жылғы 1 қыркүйек қарсаңында тапсырылсын.
Тармақ 14
14. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін
Басқа 1. Балалар мен жеткіншектердің Демалысын, сауықтырылуына және жұмыспен қамтылуын Ұйымдастыруды және өткізуді бақылау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің «2003 жылдың жазғы Маусымында балалар мен жеткіншектердің Демалысын, сауықтырылуын және Жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» 2003 жылғы 24 мамырдағы № 24 шешіміне №1 қосымша Балалар мен жеткіншектердің Демалысын, сауықтырылуына және жұмыспен қамтылуын Ұйымдастыруды және өткізуді бақылау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Тогжанов Ералы - облыс әкімінің орынбасары, Лұқпанұлы комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Иманғалиев Есенгазы - облыстық білім беру департаментінің Нуртөлеуұлы директоры, төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Бекшенова Бағдат - облыстық «Қарағанды» қоғамдық балалар Мұхамедәліқызы қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Ермекбаев Қанат блыстық денсаулық сақтау басқармасының Кәртайұлы бастығы
Тармақ 5
5. Кулагина - облыс әкімі аппараттарының ішкі саясат және Петровна әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы
Тармақ 6
6. Сәтеков Серікбай - облыстың мемлекеттік санитарлық Түгелбайұлы бас дәрігрі
Тармақ 7
7. Самойлюк Татьяна - білім беру және ғылым қызметкерлерінің Филипповна облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы