О квоте иммиграции оралманов на 2003 год Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1017 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы N 250 қаулысының 1-тармағын іске асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27-бабының 1-тармағының 8,14,15,17-тармақшаларына және 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленген оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру квотасы 47 отбасы мөлшерінде N 1 қосымшаға сәйкес бөлінсін.
Тармақ 2
2. Оралмандардың отбасыларын қабылдау мен жайластыруға байланысты мәселелерді жедел шешу мақсатында N 2 қосымшаға сәйкес облыстық штабтың құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Көші-қон және демография басқармасы:
Тармақша 1
1) көшіп келген оралмандарды облыс үшін белгіленген көшіп келу квотасы шеңберінде қабылдауды және жайластыруды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) оралмандарға біржолғы жәрдемақы төлеуге, көлік шығыстарын өтеуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржыларды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы:
Тармақша 1
1) облыс аумағына тұрақты тұруға келген оралмандарды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін, оның ішінде зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешсін;
Тармақша 2
2) оралмандар отбасыларының еңбекке қабілетті мүшелерін олардың біліктілігі мен мамандығына сәйкес жұмыспен қамту жөніндегі шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша 1
1) облысқа келген оралмандарды ақысыз дәрігерлік тексеруден өткізуді;
Тармақша 2
2) оралмандарға дәрігерлік қызмет көрсетудің кепілді көлемін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Білім департаменті: Мектеп жасындағы оралман балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқумен толық қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Ішкі істер бас басқармасына:
Тармақша 1
1) келген оралмандарды уақтылы тіркеуді және Республиканың аумағы бойынша тұруы мен жүріп-тұруына арналған құжаттарды уақытында ресімдеу;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тілек білдірген оралмандардың қажетті құжаттарын ресімдеуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Қала мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) оралмандарды қабылдауды, жайластыруды, оларға қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауды және тұрғын үйлер алуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тұрғын үйлер құрылысын және шаруашылық жүргізу үшін белгіленген тәртіппен оларға жер учаскелерін бөлсін;
Тармақша 3
3) Білім департаментімен бірлесіп қазіргі кездегі қазақ әліпбиін және орыс тілін оқып-үйренуге тілек білдірген оралмандар, сондай-ақ ересек адамдар үшін жалпы білім беретін мектептердің базасында ақысыз курстар ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оралмандарға өз кәсібін ұйымдастыруға, ұлттық кәсіптерді жаңғыртуға, шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін шағын кредиттер бөлуге жәрдемдессін.
Тармақ 9
9. Облыстық штаб: Оралмандарды қоныстандыруға және жайластыруға байланысты облыстық басқармалардың және жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Көші-қон және демография жөніндегі басқармасы осы қаулының орындалу қорытындылары туралы облыс әкімінің аппаратына 2004 жылғы 10-қаңтарға дейін ақпарат берсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.С.Омаровқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 25. 2003 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы бойынша оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру квотасын бөлу
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 05 маусымдағы N 86 қаулысына N 1 қосымша 2003 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы бойынша оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру квотасын бөлу N№ р/с Аудандар, қалалар Олар кететін ел 2003 жылғы квота бойынша барлығы ҚХР Өзбекстан 1 Абай - - - 2 Аягөз 1 - 1 3 Бесқарағай - - - 4 Бородулиха - - - 5 Глубокое 3 1 4 6 Жарма - - - 7 Зайсан 15 - 15 8 Зырян - - - 9 Көкпекті - - - 10 Күршім - - - 11 Катонқарағай - - - 12 Тарбағатай 1 - 1 13 Ұлан 14 2 16 14 Үржар 6 1 7 15 Шемонаиха - - - 16 Өскемен қаласы - - - 17 Семей қаласы 2 1 3 18 Риддер қаласы - - - 19 Курчатов қаласы - - - БАРЛЫҒЫ 42 5 47 Аппарат басшысы
Басқа 26. Оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі облыстық штабтың құрамы
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 05 маусымдағы N 86 қаулысына N 2 қосымша Оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі облыстық штабтың құрамы Омаров Нұрлан Сраилевич облыс әкімінің орынбасары, штаб бастығы Омаров Базарбек Акишевич облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқарманың бастығы, штаб бастығының орынбасары (келісім бойынша) Штаб мүшелері: Кузовлева Ольга Григорьевна облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары Утепов Болат Магауянович облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Байбатчин Еркин Аубакирович облыстың ішкі істер бас басқармасының көші-қон полициясы басқармасының бастығы Кусаинова Айгуль Казиевна облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Шакенов Мырзахан Шакенович облыстық индустрия, сауда және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы бастығының орынбасары Сабитов Толеген Кусманович облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекович облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ерубаев Тоқтасын Кенжеханович облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Аязбаев Еркінбек Мұқатаевич облыстық білім департаменті бастығының орынбасары Аппарат басшысы