О закреплении рыбопромысловых участков и распределении лимита вылова рыбы между природопользователями в озере Балхаш и Алакольской системе озер на 2003 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінің табиғат пайдаланушылары арасында 2003 жылы балық аулау лимитін бөлу және кәсіптік балық учаскелерін бөліп беру туралы Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 14, 15, 16 баптары негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19-ақпандағы "Балық шаруашылығы су айдындарында балық аулаудың және теңіз аңын (итбалықты) аулаудың 2003 жылға арналған лимиттері мен квоталарын бекіту туралы" № 172 , 2000 жылғы 3 ақпандағы "Жайық-Каспий алабында Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер туралы" № 158 Қаулыларына, республикалық конкурстық (тендерлік) комиссияның шешіміне (2003 жылғы 4 сәуірдегі № 1, 2 хаттамалар) сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Балық аулау лимиттеріне сәйкес 2003 жылы кәсіптік балық аулау құқығы беріліп, шекаралары көрсетіле отырып Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесіндегі су айдындары (учаскелер) табиғат пайдаланушыларға (1, 2 қосымшалар) бекітіліп берілсін.
Тармақ 2
2. Балықтардың шағын түрлерін аулау лимиті белгіленсін: - ғылыми зерттеу мақсаттарына - 40 тонна: балық шаруашылығының Балқаш көліндегі НПЦ-дан - 35 тонна, Алакөл көлдері жүйесінен - 5 тонна; - әуесқойлық спорттық балық шаруашылығы үшін - 100 тонна: Балқаш көлінен - 5 тонна, Алакөл көлдері жүйесінен - 50 тонна; - балық өсіру мақсаттарына - 10 тонна: Балқаш көлінен - 5 тонна, Алакөл көлдері жүйесінен - 5 тонна;
Тармақ 3
3. Балық ресурстарын қорғау және балық шаруашылығын реттеу жөніндегі Балқаш Алакөл бассейні басқармасы (Ж.Тойшыбеков): - Балқаш көлінен және Алакөл көлдері жүйесінен 2003 жылы балық аулаудың бөлініп берілген көлемі туралы табиғат пайдаланушыларды хабардар етсін; - балық ресурстарын пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылармен, кәсіптік балық учаскелерін және пайдалану тәртібін көрсете отырып шартқа отырсын; - төлемдердің түсуіне, табиғат пайдаланушылардың өздеріне бөлінген балық аулау лимитін игеруіне, бекітіліп берілген су айдынының (учаскенің) санитарлық жағдайының сақталуына және балықшылар бригадасының (звеносының) кәсіптік журнал жүргізуіне бақылауды қамтамасыз етсін; - табиғат пайдаланушылар келісім-шартта көрсетілген міндеттемелерін орындамаған, жануарлар әлемін пайдалану үшін құйған төлемдеріне сәйкес мерзімде бөлінген балық аулау көлемін арттырып алған және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын бұрмалаған жағдайда бір жақты тәртіппен келісім-шартты бұзып, балық аулауды тоқтата тұрсын немесе мүлдем тиым салсын.
Тармақ 4
4. ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасы (Н.Айтуғанов) балық аулау, балық өнімін сақтау, тасымалдау және сату кезінде мемлекеттік ветеринарлық бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ә.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.
Басқа 6
Облыс Әкімінің 2003 жылғы "17" сәуір № 4-84 шешіміне № 1 қосымша Балқаш көлінен және Алакөл көлдері жүйесі бойынша 2003 жылы кәсіптік балық аулау учаскелерін нығайту құқығы берілген табиғат пайдаланушылардың ТІЗІМІ Р/С №№ табиғат пайдаланушылардың аталуы Кәсіптік балық учаскелерінің аталуы 1 2 3 БАЛҚАШ КӨЛІ 1 "Әмірбек" ШҚ Майтан, Ахметсуат, Бозарал, Бесшоқалақ, Қосағаш, Оразбай, Қоғалы-Томар 2 "Құйған" РПК Семізкөл, Қарабалта, Қараұзақ, Қызылжанғыл, Досай, Ақтікен, Сарыкөмей, Изенді, Ұзақ, Ір-Майтан 3 "Потенциал" НПО ЖШС Қосағаш, Әлімбайсуат, Ұзақ, Байтал, Майтан 4 "Жетісу" АҚ Тесіктоған, Қызылжар, Қарабас 5 "Балқаш-Агро" ЖШС Қоқан, Құмарал, Қарашаған, Аягөз өзенінің аймағы 6 "ТЗК" АҚ ЖАҚ Көпіркөл, Қарабас, Қоржын, Жамбай, Сарықамыс, Тасарал, Шайтанарал, Ашысу, Сабитбай, Байсейіт, Сарғалы, Қоқан, Құмарал, Қарашаған, Аягөз, Лепсі өзендерінің аймағы 7 "Рыбопром" ЖШС Ұзақ, Қызылжар, Досай, Майтан, Ахметсуат 8 "Қаратал-Балық" ЖШС Сәбитбай, Ашысу, Қоғалы, Қарқалы, Көпіркөл, Қаракөл, Балықтыкөл, Тасарал 9 "Әлғазыбалық" ЖШС Асамбай, Сарықамыс, Жантелі, Ащысу, Тасарал, Шиліқарын, Болай, Қаракөл, Сазантон, Қанаттон, балықтыкөл, Майқамыс, Жалғызағаш, Қарақамыс, Аққосты 10 "Үлкен балық" ЖАҚ Бұрубайтал, Самсоновка, Изенді, Ақтікен, Лесное аралы 11 "Сары-Есік" ЖШС Көпіркөл, Қарабас, Қоржын, Сарыкөл, Майқамыс, Сәбитбай, Сырғалы 12 "Горин Ю"»ЖК Үлкен, поселкасының аймағы, Қараұзақ, Самсоновка, Богодуховка, Семізкөл 13 "ДП Хандел Қазақстан" ЖШС Қосағаш, Қараұзак, Сарытұмсық 14 "Майтан" ЖШС Қосағаш, Кіші Іле, Досай 15 "Қаймақ"»ЖШС Бозарал-1 16 "Балқашбалық" фирмасы ЖШС Қоржын, Ұлтарақты, Қаракөл, Ұзын-Арал, Орлиное, Аққұм, Қоғалы, Сарсоғым, Көксида, Әлімбайсуат, Қосмайлық, Сасықкөл, аудандардағы ашық акватория, Бозарал, Томар, Ахметсуат, Қосағаш, Сарытұмсық, Майтан, Ір, Қарабалта (жағалаудан кем дегенде 3 км қашықтықта) 17 "Ағыбай батыр" фирмасы ЖШС Орлиное, Сарсоғым, Аққұм, Қоғалы, Әлімбайсуат, Тамар учаскелері, Ахматсуат, Майтан, Сарытұмсық, Қозағаш, Бозарал, (жағалаудан кем дегенде 3 км қашықтықта) АЛАКӨЛ КӨЛІ 1 "Рыбпром"»ЖШС Заячья губа, Жалдыөзек, 16 разъезд, Көктұма, Ақши, 2 "Алакөл р\к" ЖШС Соленое, Горелое, Қызылеңкі, Пески араланың аймағы 3 "Олжас"»ШҚ Ұялы, 2 шығанағы 4 "Данияров"»ШҚ Заячья губа, Черная коса. 5 "Бейсембаева" ШҚ Заячья губа, Черная коса. 6 "Үшкүн"»ШҚ 16 разъезд, Ақши, Қарасу, Қаратұма, Жайпақ, 7 "ТЗК"»ЖАК Қамысқала, Жолдыөзек,Ұялы 8 "Сазан"»ЖШС Шұбартүбек, Горький ключ, Жайпақ, Шолақ 9 "Манат" ЖШС Уялинка, Херсон, 2-шығанақ, Жолдыөзек САСЫҚКӨЛ КӨЛІ 1 "Рыбпром"»ЖШС Полигон, Жарсуат, Қаратентек, Аралтөбе 2 "Үшкүн"»ШҚ Айдар, Қарамойын. 3 "Бірлестік"»ӨК Полигон, Жарсуат, 4 "Бұхар"»ШҚ Аралтөбе.Байбала, Қаратентк.Бүрген 5 "Сазан"»ЖШС Подхоз, Жарсуат, Айдар 6 "Әлішер-2030" ЖШС Жартаса, Қаратентк, Аралтөбе, Жарсуат 7 "Манат"»ЖШС Бүрген шығанағы, Мамошка ҚОШҚАРКӨЛ КӨЛІ 1 "Рыбпром"»ЖШС Елемес, Гох Ялинка 2 "Алакөл р\к" ЖШС Гох шығанағынан Қойкеткенге дейін 3 "Олжас"»ШҚ Қауыспай, Елемес, Ұялы 4 "Данияров"»ШҚ Ұялы, Елемес 5 "Бейсембаева" ШҚ Қарын, Елемес,Қауыспай
Басқа 7
Облыс Әкімінің 2003 жылғы 17»сәуір № 4-84 шешіміне № 2 қосымша Балқаш көлінен және Алакөл көлдері жүйесінен 2003 жылы кәсіптік балық аулау лимитін табиғат пайдаланушылар арасында бөлу №\№ Табиғат пайдаланушылардың аталуы Бөлінген лимит Балқаш көлі 1 "Әмірбек"»ШҚ 200 2 "Құйған"»РПК 800 3 "Потенциал"»НПО ЖШС 240 4 "Жетісу"»АҚ 35 5 "Балқаш-Агро"»ЖШС 100 6 "Сауда-сатып алу компаниясы"»ЖАҚ 281 7 "Рыбопром"»ЖШС 330 8 "Қаратал-Балық" ЖШС 200 9 "Алғазы балық" ЖШС 420 10 "Үлкен балық" ЖАҚ 190 11 "Сары-Есік"»ЖШС 150 12 "Горин Ю"»ЖК 100 13 "ДП Хандел Қазақстан"»ЖШС 100 14 "Майтан"»ЖШС 150 15 "Қаймақ"»ЖШС 100 16 "Балқашбалық" фирмасы ЖШС 700 17 "Ағыбай батыр"»фирмасы ЖШС 400 Жиынтығы: 4496 Алакөл көлі 1 "Рыбпром"»ЖШС 120 2 "Алакөл р\к"»ЖШС 140 3 "Олжас"»ШҚ 90 4 "Данияров"»ШҚ 50 5 "Бейсембаева"»ШҚ 100 6 "Үшкүн"»ШҚ 30 7 "ТЗК"»ЖАК 100 8 "Сазан"»ЖШС 44 9 "Манат"»ЖШС 100 Жиынтығы: 774 Сасықкөл көлі 1 "Рыбпром"»ЖШС 100 2 "Үшкүн"»ШҚ 100 3 "Бірлестік"»ӨК 140 4 "Бўхар"»ШҚ 100 5 "Сазан"»ЖШС 50 6 "Әлішер-2030"»ЖШС 120 7 "Манат"»ЖШС 65 Жиынтығы: 675 Қошқаркөл көлі 1 "Рыбпром"»ЖШС 135 2 "Алакөл р\к"»ЖШС 50 3 "Олжас"»ШҚ 100 4 "Данияров"»ШҚ 50 5 "Бейсембаева"»ШҚ 100 Жиынтығы: 435