О предоставлении права на промысловый лов рыбы, закрпелении рыбопромысловых участков и распределении лимита вылова рыбы между природопользователями на Капчагайском водохранилище и дельтовых водоемах реки Или на 2003 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіпқой балық аулауға құқық беру және кәсіптік балық учаскелерін бекіту, сондай-ақ Қапшагай су қоймасы мен Іле өзені сағасының су айдындарынан балық аулау лимитін 2003 жылы табиғат пайдаланушылар арасында бөлу туралы Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы"» Заңының  14,15,16 баптары негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19-ақпандағы "Балық шаруашылығының су айдындарында балық аулаудың және теңіз аңын итбалықты аулаудың 2003 жылға арналған лимиттері мен квоталарын бекіту туралы" N 172  Қаулысына  сәйкес және 2003 жылғы 4-сәуірдегі облыстық конкурстық комиссияның хаттамалық шешімі негізінде облыс әкімі  ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Қапшағай су қоймасы және Іле өзені сағасының су айдындарынан балық аулау лимитін белгілей отырып, кәсіптік балық учаскелері балық аулайтын ұйымдарға бекітіліп, кәсіптік балық аулау құқығы N 1, 2 қосымшаларға сәйкес берілсін.
Тармақ 2
2. Лимит төмендегіше белгіленсін: - Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің бастауы бойынша көлемі 158 тонна, соның ішінде спорттық-әуесқойлық және мелиоративтік балық аулау мақсатында - 150 тонна, ғылыми зерттеу мақсаттарында- 5 тонна, балық шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін 3 тонна. - Іле өзені сағасының су айдындарынан - 30 тонна, соның ішінде спорттық - әуесқойлық және мелиоративтік балық аулау мақсатында - 22 тонна, ғылыми-зерттеу жұмыстарына - 5 тонна, балық шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін 3 тонна.
Тармақ 3
3. Балық ресурстарын қорғау және балық шаруашылығын реттеу жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейні басқармасы (Ж.Тойшыбеков): - кәсіптік балық учаскелерінің шекарасын көрсете отырып, табиғат пайдаланушылармен келісім-шартқа отырсын және кәсіптік балық учаскелерінің паспортын рәсімдесін. - табиғат пайдаланушылардың балық аулау лимитін игерулеріне, олардың табиғатты қорғау шараларын орындауларына және төлемдердің түсуіне бақылауды қамтамасыз етсін. - балық аулайтын ұйымдар келісім-шарттық міндеттемелерін орындамаған жағдайда олардың рұқсат қағазын алып алсын және келісім шартты бұзып, балық аулауды тоқтата тұрсын немесе тоқтатсын. - табиғат пайдаланушылары игере алмаған балық аулау лимитін белгіленген тәртіппен қайта бөлсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық басқармасы (Н.Айтуғанов) балық аулауға, оны сақтауға, тасымалдауға және балық өнімдерін сатуға бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қапшағай қаласының (С.Зеленский), Балқаш ауданының (Е.Қошанбеков) әкімдері табиғат пайдаланушылардың балық ресурстарын өндіруіне, қорғауына және тиімді пайдалануына, табиғатты қорғау заңының талаптары мен барлық нормаларын сақтауына, табиғатты қорғау заңның талаптары мен барлық нормаларын сақтауына бақылауды қамтамасыз етсін.
Басқа 6
Облыс әкімінің 2003 жылғы 18»сәуірдегі N 4-51 шешіміне N 1 қосымша Қапшағай су қоймасы бойынша 2003 жылға балық аулау лимиттерін бөлу және кәсіптік балық учаскелерін бекіту № Табиғат пайдаланушылар Кәсіптік балық учаскелерінің аталуы Бөлінген балық аулау лимиті, тонна 1 "Жетісу" ЖШС 1-ден 4-насос станциясына дейін, Утюги"мүйісінен 1 км төмен 185 2 "Атамұра" ШҚ 4-ден 5-насос станциясына дейін 50 3 "Жетісу" ОҚ 5-насос станциясынан 1 км жоғары 10 4 "Қырықбаев" ЖӨ 7-насос станциясынан 1 км төмен 10 5 "Васильевич" ПОП Қаскелең өзеніне Кутентай өзеніне дейін 25 6 "Утюги" ШҚ "Жетісу" ЖШС-ң учаскесінен 2 км төмен 50 7 "КазПАС" РГКК НВХ-ң каналынан оң өзеніне дейін 25 8 "Лори" ЖШС "Жетісу" ЖШС-ң учаскесінен "Қырықбаев" ЖӨ-ң учаскесіне дейін 100 9 "Жан" ЖШС Кутентай өзенінен Талғар өзеніне дейін 10 10 "Мусина" ЖК Түрген өзенінен Шибұқты өзеніне дейін 20 11 "Айдын" ЖАҚ Асфальтті жолдан "Нұр-Барыс" ЖШС-ң учаскесіне дейін, "Шлейник" ЖК-ң учаскесінен Жарсу өзеніне жейін 250 12 "Нұрбарыс" ЖШС "Утюги" ШҚ-ң учаскесінен 1 км төмен 50 13 "Елена" ШҚ Асфальтті жолдан Жарсу өзеніне дейін 40 14 КВСЦ ГУ ГЭС плотинасынан 4-шығанаққа дейін 50 15 "Арман-Моторс" ЖШС 4-шығанақтан Қаскелең өзеніне дейін (қоса) 40 16 "Достар-Маркет"  ЖШС 9 насос станциясынан 80 км-ге дейін 250 17 "Достық" ЖШС 8-насос станциясынан 9 насос станциясына дейін 40 18 "Шлейник" ЖӨ Шибұқты өзеніне 2 км жоғары 25 19 "Қапшақай" НВХ" РГКП НВХ-ң екі каналының арасындағы учаске 20 20 "Әли-Бат" ЖШС Талғар өзенінен Қараұзақ өзенінен дейін 20 21 "Арна-Балык" ЖШС Қараұзақ өзенінен Есік, өзеніне дейін, Балтабай өзенінен Түрген өзеніне дейін 130 22 Алматы қ. Жедел мед.жәрдемінің арнайы АКК-сы "Металлург"санаториясынан 1-насос станциясына дейін 10 23 "Нәбира" ЖШС 7-насос станциясынан 3 км жоғары, 80-нен 90 ем-ге дейін 300 24 "Езубенко" "Металлург" санаториясынан 2 км төмен 20 25 "Фирма-Нова" ЖШС Есік өзенінен НВХ-ң сол жақ каналына дейін 30 26 ҚР МК-ң "Ақпарат-Жетісу" ЖШС ГЭС плотинасынан "Езубенко" ЖК-ң учаскесіне дейін 30 27 "Жағажай волейболы бойынша Спорт-Клубы" ЖШС" 8-насос станциясынан 2 км төмен 30 Жиынтығы: 1820 Облыс әкімінің орынбасары, Конкурстық комиссияның төрағасы Ә.Тойбаев
Басқа 7
Облыс әкімінің 2003 жылғы "18" сәуір N 4-51 шешіміне N 2 қосымша Іле өзені сағасының су айдындары бойынша 2003 жылға Балық аулау лимиттерін бөлу және кәсіптік балық учаскелерін бекіту № Табиғат пайдаланушылар Кәсіптік балық учаскелерінің аталуы Бөлінген балық аулау лимиті, тонна 1 Әмірбек" ШҚ Ір-Майтан көлінің жүйесі, Алакөл, Көккөл, Асаубай, Шұбарқұнан, Мұздыбай, Мың-Қырман, Наурызбай көлдері жүйелері 55 2 "Құйған" АӨК Мың-Қырман көлінің жүйесі, Семизкөл көлі, Бесағаш көлі жүйесіндегі Базарбай көлі, Төменгі-Байменей көлдері жүйесіндегі Қаракөл және  Лебяжъе көлдері 100 3 "Потенциал" НПО ЖШС Төменгі-Байменей көлдері жүйесіндегі Қаракөл көлі, Жоғары - Байменей көлдері жүйесіндегі Дауен көлі 44 4 "ДП Хандел Казахстан" ЖШС Төменгі-Байменей көлдері жүйесіндегі Оразымбет көлі және Жоғарғы-Байменей көлдері жүйесіндегі Алтын (Золотое) көлі 15 5 "Шаповалов" ЖК Ақөзек көлдері жүйесіндегі Копалакөл, Тереңкөл 5 6 "Пеликан" ШҚ Ақөзек көлінің жүйесіндегі Байталақ көлі 5 7 "Отес" Агрофирмасы ЖШС Ақөзек көлі жүйесі, Айнакөл көлі, Паршинская, Белоноговская жағасына жақын орналасқан  көлдер, Жоғары байменей көлдері жүйесіндегі Шыбық жылғасына жақын орналасқан көлдер 20 8 "Балық" ШҚ Ақөзек көлі жүйесіндегі Жылқыуланған учаскесі 10 9 "Аманат" ЖШС Мұздыбай көлінің  жүйесіндегі Талдыкөл көлі 25 10 "Люй З" ЖК Бесағаш көлінің жүйесіндегі 10 11 "Қыдырбаев" ЖК Бесағаш көлі жүйесіндегі Базарбай көлі 10 12 "Найзабай" ШҚ Ақөзек көлінің жүйесіндегі Шағарай көлі 20 13 "Сакеней" ШҚ Төменгі- Байменей көлдерінің  жүйесіндегі Айнакөл 20 14 ШҚ "Бейнұр" Бесағаш көлінің жүйесіндегі Базарбай, Қараұзақ, Базарбай жылғасына жақын орналасқан көлдері 10 15 "Майтан" ЖШС Мың-Қырман көлінің жүйесі, Бесағаш көлінің жүйесі (Қараұзақ, Базарбай көлдерінен басқасы), ІР-Майтан көлінің жүйесіндегі Бабушкино, Қосқызыл көлдері 20 16 "Ағайын" ШҚ Ақөзек көлінің жүйесіндегі Бескөл көлі 15 Жиынтығы; 384 Облыс әкімінің орынбасары, Конкурстық комиссияның төрағасы Ә.Тойбаев