О квоте иммиграции оралманов на 2003 год Күшін жойған
Басқа 0
Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Халықтың көшi-қоны туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1017 Жарлығын басшылыққа ала отырып және тарихи отанына оралуға тiлек бiлдiрген оралмандар отбасыларының қоныс аударуын және жайласуын ұйымдастыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Оралмандардың 169 отбасын жинағы орналастыру орны белгiленсiн, соның iшiнде:
Ақжайық ауданына - 10 отбасы
Бөрлi ауданына - 25 отбасы
Зеленов ауданына - 45 отбасы
Тасқала ауданына - 20 отбасы
Теректi ауданына - 35 отбасы
Шыңғырлау ауданына - 14 отбасы
Орал қаласына - 20 отбасы.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi Батыс Қазақстан облыстық көшi-қон және демография басқармасымен бiрлесiп, оралмандардың 2003 жылға көшiп келу квотасы және өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiң қаржылай қолдануынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдастырған түрде қоныстандыруға республикалық бюджетте қаралған қаржы шегiнде қабылдауды, сондай-ақ олардың есебiн алуды, орналастырылған жерлерде жайластыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облыстық көшi-қон және демография басқармасы (Қарменов) облыстық кеден басқармасымен (Сәтмағанбет) бiрлесе отырып, оралмандардың көшiп шығуы мен транзиттiк өтуi және мемлекет шекарасынан өту кезiнде оларға көмектер көрсету мәселелерiн Ресей Федерациясының көршiлес облыстарының тиiстi органдарымен бiрлесiп әзiрлесiн.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы (Тыныбеков) оралмандардың облыс аумағымен өту кезiнде және орналасқан орындарында жеке және мүлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау (Мырзахметов), бiлiм (Бисембаева), еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау (Сүлеймен) басқармалары оралмандардың отбасы мүшелерiн дәрiгерлiк тексеруден өткiзудi, оралмандарды еңбекке орналастыруды, оқытуды және қайта даярлауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.С. Сапаровқа жүктелсiн.