О проведении смотра-конкурса по благоустройству и озеленению "Алматы-2003-Город-сад" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
“Алматы-2003 - Бақша қала - көрiктендiру және көгалдандыру жөнiндегi қарау - байқауды өткiзу туралы Алматы қаласының тұрғындарын, меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдарды, жеке кәсiпкерлердi "Көгалдандыру-2003" iс-қимыл жоспарын орындауды қамтамасыз етудегi көрiктендiру жұмысына қатысуға тарту және Алматы қаласындағы гүлзарларды дамыту, шағын сәулет құрылыстарын жүргiзу бағдарламасын жүзеге асырудағы көгалдандыру және көрiктендiру мен тазалық жұмыстарының сапасын жақсарту мақсатында Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2003 жылы Алматы қаласының аудандарында, көшелерiнде, тұрғын орамдарда, ең үздiк үйлер мен ғимараттарды көрiктендiру және көгалдандыруды анықтау жөнiндегi қарау-байқау жұмыстары жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Көрiктендiру департаментi (Б.М.Ташбаев) Алматы қаласын көгалдандыруға жұмылдырылған кәсiпорындар мен қызметтердiң, мердiгерлiк ұйымдардың осы жұмысқа белсендi қатысуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. "Алматыжарнама" қазыналық мемлекеттiк кәсiпорны (М.Т.Ерман) байқау жеңiмпаздарына арналған ынталандыру тұрғысында алғыс хаттар, дипломдар мен куәлiктер әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. "Алматы ақшамы" (Е.С. Сағат) және "Вечерний Алматы" (Э.Р. Пашина) газет редакторлары, "Оңтүстiк астана" телекомпаниясы (И.Я. Дворкин) бұқаралық ақпарат құралдарында байқаудың барысы туралы материалдарды жариялауды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Аудан әкiмдерi мыналарды қамтамасыз етсiн:
Тармақша 1
1) аудандық байқауларды өткiзсiн және аудан тұрғындарын қалалық қарау-байқау шараларына белсендi қатыстыруды;
Тармақша 2
2) аудандық байқау жеңiмпаздарын марапаттауды.
Тармақ 6
6. Қарау - байқауды өткiзудiң шарттары бекiтiлсiн ( N 1 қосымша).
Тармақ 7
7. Қарау - байқау өткiзудiң алқа құрамын бекiтсiн ( N 2 қосымша) және қарау-байқауды ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн ( N 3 қосымша).
Тармақ 8
8. Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 1/56 "Алматы-2003-Бақша қала" көрiктендiру және көгалдандыру жөнiндегi қарау - байқауды өткiзу туралы" қаулысының күшi жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И.Заяцқа жүктелсiн.
Басқа 12
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы "26" мамырдағы N 2/318 қаулысына N 1 қосымша "Алматы-2003-Бақша қала" қарау - байқауды өткiзу Шарты
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. "Алматы-2003-Бақша қала" көрiктендiру жөнiндегi қарау - байқау Қазақстан Республикасы оңтүстiк астанасының сыртқы келбетiн әдемiлеу мақсатында өткiзiледi, осы жұмыстар "Алматы қаласының аумағын көрiктендiру, тазалықта ұстау және қоқыстарды жинауды ұйымдастыру ережесiне", "Алматы қаласының аумағында құрылыс жүргiзу ережесiне", "Алматы қаласында жарнамалық-ақпараттық өнiмдердi орналастыру ережесiне", "Алматы қаласының жасыл желек қорын қорғау, сақтау және ұстау ережесiне" сай ұстанады, осы мәселелер бойынша Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң қаулыларын орындау мақсатында көшелердiң, тұрғын орамдардың, үйлер мен ғимараттардың, жалпы пайдаланылатын қоғамдық орындардың ұстануын жақсарту, оларды көгалдандыруды орындау, заманғы талапқа сай сыртқы жарықтандыруды енгiзу, қаланың сыртқы келбетiне сай барлық жарнамалардың әдемiлiгiмен ерекшеленедi.
Тармақ 1.2
1.2. Қарау - байқау ашық, көпшiлiкке жария ретiнде өткiзiледi, оған Қазақстанның басқа аймақтарынан және басқа мемлекеттерден қатысушылар тартылады, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, жүлдегерлер ынталандырылады.
Тарау 2. 2. Қарау - байқауды ұйымдастыру
2. Қарау - байқауды ұйымдастыру
Тармақ 2.1
2.1. Қарау - байқау 2003 жыл аралығында өткiзiледi, ол жалпықалалық шараларды өкiлдейдi.
Тармақ 2.2
2.2. Қарау - байқау үш кезеңнен тұрады: I кезең 1 маусымнан 1 тамызға дейiн; II кезең 1 тамыздан 1 қарашаға дейiн; III кезең 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейiн.
Тармақ 2.3
2.3. Қарау - байқауға мыналар кiредi: көрiктендiру және көгалдандыру ғимараттары арасындағы байқау; "Шеберлер қаласы", "Алматы-әсем қала" кәсiпкер құрылысшылар мен бейнелеушiлер арасындағы байқау; "Алматы Гүл қала" гүлдер фестивалi. "Алматы-Бақша қала" балалар творчествосының байқауы, Гүлдер мен өсiмдiктер көрмесi.
Тармақ 2.5
2.5. Көрiктендiру және көгалдандыру ғимараттары арасындағы қарау - байқау мыналарды қарастырады:
Тармақша 1
1) жасыл желекке оранған аулалар;
Тармақша 2
2) аула маңы, саяжай бақтары мен гүлзарлар;
Тармақша 3
3) қысқы бақтар мен оларды iрiлендiру;
Тармақша 4
4) үйдiң ауласын, кiре берiс ауланы, дәлiздердi, балкондарды, терезелердi, шатырларды безендiру жөнiндегi ең әдемi шешiмдер;
Тармақша 5
5) ең қиын сәулет жұмыстарының орындалуы: қабырғаларды, баспалдақтарды әрлеу, қабырғаларды пластикалармен жабу және безендiру;
Тармақша 6
6) жасыл желекке бөленген ғимараттардың маңындағы бұрқақтарды безендiру;
Тармақша 7
7) гүлзарлардың әдемi жасыл желекке және гүлмен көмкерiлуi;
Тармақша 8
8) шағын сәулеттiк безендiру жұмыстары;
Тармақша 9
9) өсiмдiк сипаттағы демалыс орындары мен бау-бақшаларды безендiру;
Тармақша 10
10) бау-бақшалар мен демалыс орындарындағы басқа да үздiк атқарылған жұмыстар.
Тармақ 2.6
2.6. Қарау - байқау мына бағыттарда өткiзiледi:
Тармақша 1
1) Алматы қаласының ең әдемi ауданы, шағын ауданы, орамы;
Тармақша 2
2) Алматы қаласының ең әдемi көшесi, гүлзары, бақшасы;
Тармақша 3
3) ең әдемi үйлер мен ғимараттардың безендiрiлуi;
Тармақша 4
4) ең әдемi аумақтың безендiрiлуi;
Тармақша 5
5) ауланы және аумақты көрiктендiру және безендiрудегi ең үздiк шешiмдер;
Тармақша 6
6) Алматы қаласы тұрғындары арасындағы ең үздiк безендiрушiлерi мен сәндеушiлерi;
Тармақ 2.7
2.7. Қарау - байқауға қатысушылар өтiнiмдерiн ұйымдастыру комитетiне әрбiр кезең алдындағы 15 күн бұрын бередi.
Тармақ 2.8
2.8. Қарау байқау тегiн өткiзiледi, бiрақ барлық жеке шығындарды қатысушылар өздерi көтередi.
Тарау 3. 3. Қарау -байқауды өткiзу және оның қорытындысын шығару
3. Қарау -байқауды өткiзу және оның қорытындысын шығару
Тармақ 3.1
3.1. Қарау - байқау қортындылағанда мыналар ескерiледi:
Тармақша 1
1) аумақты уақтылы тазалау;
Тармақша 2
2) жаңа жасыл желектердi отырғызу, атап айтқанда гүлдер мен жабайы өсiмдiктер;
Тармақша 3
3) қоқысты уақтылы шығару;
Тармақша 4
4) ғимаратты сапалы жөндеу және ауланы күтiп-баптау;
Тармақша 5
5) ауланың жарықтануы және оның атқарылған жұмыстары;
Тармақша 6
6) жасыл желектердi уақтылы суғару, атап айтқанда гүлдер мен жабайы өсiмдiктер, бұрқақтардың жұмысы;
Тармақша 7
7) маңдайша жазулары мен жарнама қалқандардың сыртқы келбетi.
Тармақ 3.2
3.2. Қарау - байқаудың қорытындысын қазылар алқасы оның атына жiберiлген кино-бейне материалдарын бағалау мен жұмыс бабымен аралау арқылы шығарады.
Тармақ 3.3
3.3. Қарау - байқауды алғашқы кезеңдерiнiң қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми сайтте gorodsad. academy kz жариаланады.
Тармақ 3.4
3.4. Байқау жеңiмпаздары мен белсендi қатысушылар Алматы қаласы Әкiмiнiң алғыс хатымен, иегер дипломдарымен және қатысушылар куәлiктерiмен аталып өтiледi.
Тарау 4. 4. "Алматы-гүл қала" гүл фестивалiн өткiзу
4. "Алматы-гүл қала" гүл фестивалiн өткiзу
Тармақ 4.1
4.1. Гүл фестивалi 2003 жылдың тамыз айында қалалық қарау - байқау шеңберiнде өткiзiледi.
Тармақ 4.2
4.2. Гүл фестивалiне мына бағыттағы дипломдар мен куәлiктер берiледi:
Тармақша 1
1) "Ең үздiк әрлеу және әдемiлеу"
Тармақша 2
2) "Ең үздiк кәсiби орындаушылық"
Тармақша 3
3) "Ең үздiк әуесқой орындаушылық"
Тармақша 4
4) "Ең үздiк кәсiби гүл шоқтары"
Тармақша 5
5) "Ең үздiк әуесқой гүл шоқтары"
Тармақша 6
6) "Ең үздiк кәсiпқой гүлдер мен өсiмдiктердi топтау шешiмдерi"
Тармақша 7
7) "Ең үздiк әуесқой гүлдер мен өсiмдiктердi топтау шешiмдерi"
Тармақша 8
8) "Гүлдердi өз бетiнше топтаудағы үздiк шешiмдер" Қазылар алқасы басқа да шешiмдердi ескеруi мүмкiн.
Тармақ 4.3
4.3. Бұған қоса Гүл фестивалiне белсене қатысқандар аталып өтiледi:
Тармақша 1
1) Алматы қаласының белсендi кәсiпкерлерi;
Тармақша 2
2) Алматы қаласының белсендi ардагерлерi;
Тармақша 3
3) өсiмдiктер мен әдемiлеудiң белсендi қатысушылары;
Тармақша 4
4) қаланың ең белсендi жас тұрғыны;
Тармақша 5
5) Алматы қаласы қонақтарының белсендi қатысушылары.
Тармақ 4.4
4.4. Фестивалға және қарау - байқауға Алматы қаласының тұрғындары, Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындары және басқа мемлекеттерден келген қонақтар қатыса алады.
Тармақ 4.5
4.5. Фестивалға қатысу өтiнiмi 2003 жылдың 15 мамырына дейiн берiледi. Қатысушыларға орын берiлiп, оларға жайлы жұмыс жағдайы қарастырылады.
Тармақ 4.6
4.6. Фестиваль тегiн өткiзiледi, бiрақ барлық жеке шығындарды қатысушылар өздерi көтередi.
Тарау 5. 5. "Алматы - әдемi ғимарат қаласы" байқауы
5. "Алматы - әдемi ғимарат қаласы" байқауы
Тармақ 5.1
5.1. "Алматы - әдемi ғимарат қаласы" байқауы 3 кезеңде ғимараттар иелерi арасында өткiзiледi. I кезең (1 маусым-1тамыз) II кезең (1 тамыз-1 қараша) III кезең (1 қараша-31 желтоқсан) Жаңа жылдық қортындылау
Тармақ 5.2
5.2. Байқауға қатысу ғимараты мыналар:
Тармақша 1
1) жеке тұрған әкiмшiлiк және тұрғын үй ғимараты, қонақ үй, кинотеатрлар, банкiлер, мейрамханалар және басқалар.
Тармақша 2
2) қосымша жайлы құрылыстың ауласының әрленуi
Тармақша 3
3) Алматы қаласы тұрғындарының көпшiлiк демалатын орындары саябақтар, аква және дендросаябақтар, әртүрлi қызықты ойын алаңдары.
Тармақ 5.3
5.3. Жеңiмпаздар былай анықталады:
Тармақша 1
1) жақын ауланың сыртқы жарықтануының жағдайы;
Тармақша 2
2) ғимарат ауласының сәулет-көркемдiк әдемiленуi;
Тармақша 3
3) заманғы жарық беру технологиясы мен материалдарын қолданып жарнамамен безендiру сапасы;
Тармақша 4
4) аула мен жақын ауланың аумағын мерекелiк безендiру.
Тармақ 5.4
5.4. Қарау - байқаудың қорытындысын қазылар алқасы оның атына жiберiлген кино-бейне материалдарын бағалау мен жұмыс бабымен аралау арқылы келесi кезең қорытындысына дейiнгi 15 күн бұрын шығарады.
Тармақ 5.5
5.5. I-III кезеңге қатысушы жеңiмпаздар мен белсендi қатысушылар Алматы қаласы Әкiмiнiң алғыс хатымен, иегер дипломдарымен аталып өтiледi. Ақшалай жүлделi орындар беру IҮкезеңде қаланы Жаңа жылдық безендiрумен қорытындыланады. Ең басымдылық барлық кезеңдердiң жеңiмпаздарына берiледi.
Тарау 6. 6. "Шеберлер қаласы" қарау-байқауы
6. "Шеберлер қаласы" қарау-байқауы
Тармақ 6.1
6.1. "Шеберлер қаласы" қарау - байқауы мүсiншiлер мен әрлеушiлер және басқалар арасында 2003 жылдың тамыз-қыркүйегiнде өткiзiледi.
Тармақ 6.2
6.2. Байқауға қатысушылар аталған тақырыптар бойынша байқаулық жұмыстарын (өздерi әзiрлеген материалдардан) даярлайды.
Тармақ 6.3
6.3. Қатысу өтiнiмдерi 2003 жылдың шiлдесiне дейiн жеке тұлғалардан және ұйымдардан қабылданады.
Тармақ 6.4
6.4. Байқау тегiн өтедi, бiрақ барлық жеке шығындарды қатысушылар өздерi көтередi.
Тармақ 6.5
6.5. Байқау жеңiмпаздары мен белсендi қатысушылар Алматы қаласы Әкiмiнiң алғыс хатымен, иегер дипломдарымен және қатысушылар куәлiктерiмен аталып өтiледi.
Тарау 7. 7. "Алматы-бақша қала" балалар творчествосының байқауы
7. "Алматы-бақша қала" балалар творчествосының байқауы
Тармақ 7.1
7.1. "Алматы-бақша қала" балалар творчествосының байқауы 18 жасқа дейiнгi жас суретшi, әрлеушi, мүсiншi және басқалар арасында 2003 жылдың маусым-қазан айларында.
Тармақ 7.2
7.2. Байқауға қатысушылар (өздерi әзiрлеген материалдан) берiлген тапсырма бойынша байқау жұмыстарын әзiрлейдi.
Тармақ 7.3
7.3. Қатысу өтiнiмi жеке тұлғалардан, сондай-ақ ұйымдардан әрбiр кезең аяқталғанға дейiн 15 күн бұрын қабылданады.
Тармақ 7.4
7.4. Байқауға қатысу тегiн, бiрақ барлық шығырған жеке шығынды қатысушылар өздерi өтейдi.
Тармақ 7.5
7.5. Байқау жеңiмпаздары мен белсендi қатысушылар Алматы қаласы Әкiмiнiң алғыс хатымен, иегер дипломдарымен және қатысушылар куәлiктерiмен аталып өтiледi.
Тарау 8. 8. Гүлдер мен өсiмдiктердiң тақырыптық көрмесi
8. Гүлдер мен өсiмдiктердiң тақырыптық көрмесi
Тармақ 8.1
8.1. Гүлдер мен өсiмдiктердiң тақырыптық көрмесi 2003 жылдың маусымынан қазанына дейiн қалалық байқау шеңберiнде өткiзiледi.
Тармақ 8.2
8.2. Көрме бiрнеше тақырыпты қамтып мына мерекелiк мейрамдарға дәстүр бойынша арналады:
Тармақша 1
1) Наурыз мерекесi
Тармақша 2
2) Жеңiс күнi
Тармақша 3
3) Қоршаған ортаны қорғау күнi
Тармақша 4
4) Қала күнi.
Тармақ 8.3
8.3. Көрме диплом, куәлiк, жолдама беру марапатымен бiрнеше бағытта өткiзiледi.
Тармақ 8.4
8.4. Қатысу өтiнiмi жеке тұлғалардан, сондай-ақ ұйымдардан әрбiр кезең аяқталғанға дейiн 15 күн бұрын қабылданады.
Тармақ 8.5
8.5. Байқауға қатысу тегiн, бiрақ барлық шығырған жеке шығынды қатысушылар өздерi өтейдi.
Тармақ 8.6
8.6. Байқау жеңiмпаздары мен белсендi қатысушылар Алматы қаласы Әкiмiнiң алғыс хатымен, иегер дипломдарымен және қатысушылар куәлiктерiмен аталып өтiледi.
Тарау 9. 9. Баспасөз
9. Баспасөз
Тармақ 9.1
9.1. Бұқаралық ақпарат құралдарының осы шараларды өткiзу барысына қатысып оны жариалағаны үшiн Алматы қаласы Әкiмiнiң алғыс хатымен, иегер дипломдарымен және қатысушылар куәлiктерiмен мына дәрежеде аталып өтiледi:
Тармақша 1
1) "Алматы-2003 -Гүл қала" Гүл фестивалiн өткiзудегi ең үздiк жариялау;
Тармақша 2
2) жеке кезеңдердiң барысы жайлы ең үздiк репортаж;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысушылар туралы ең үздiк репортаж және байқау-конкурсы қазылар алқасының басқа ұйғарымы бойынша басқалар.
Тармақ 9.2
9.2. Қарау- байқауы шеңберiнде қазылар алқасының шешiмi бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Алматы қаласын көрiктендiруге көгалдандыруға арналған музыкалық фестивалi өткiзiлуi мүмкiн.
Тарау 10. 10. Қорытынды
10. Қорытынды
Тармақ 10.1
10.1. Қарау-байқаудың және оның кезеңдерiнiң қорытындысын шығарғанда, iрi қалалар тәжiрибесi, заманғы Алматы қаласының көркi мен оның дамуындағы болашағы ескерiледi.
Тармақ 10.2
10.2. Қарау- байқауға ұсынылған ең үздiк жұмыстар, үлгiлер мен кесiндiлердi қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетi интернетте, көгiлдiр экранда және баспасөзде автордың келiсiмiнсiз таратуға құқылы.
Тармақ 10.3
10.3. Қарау-байқаудың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының оңтүстiк астанасы Алматы қаласының сыртқы келбетiн нұрландырып, бұрынғы гүл-қала даңқын одан сайын арттыра түсу.