Об утверждении Правил оказания единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан, на 2003 год Қолданыста
Басқа 0
2003 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 07 сәуірдегі № 374-1 «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес аудан бюджетін орындауды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2003 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Григорий Николаевич Бодикке жүктелсін.
Басқа 3. 2003 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету Қағидасы
Осакаров ауданы әкімиятының
2003 жылғы «18» маусым
№ 07/20 «2003 жылы
азаматтардың жекелеген
санаттарына біржолғы материалдық
көмек көрсету Қағидасын бекіту
туралы» қаулысымен бекітілген
2003 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету Қағидасы
Осы Қағида аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы 17 ақпандағы «2003 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 137/2-3 шешіміне сәйкес әзірленген, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне № 1078.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсетуді Осы Қағидада белгіленген тәртіпте азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссиясының шешімі бойынша еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі (бұдан әрә-бөлім) жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Біржолғы материалдық көмек келесі санаттағы азаматтарға беріледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға және мүгедектерге – Жеңіс Күніне (8 мамыр);
Тармақша 2
2) Бұрынғы Совет Одағының Ұлы Отан Соғысы жылдары тылдағы ерен еңбектері және мінсіз әскери қызметтері үшін орден және медальдармен марапатталған тұлғаларға – Жеңіс Күніне (9 мамыр);
Тармақша 3
3) 70 жасқа жеткен жалғыз басты зейнеткерлерге – Қарттар күніне (1 қазан);
Тармақша 4
4) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – Мүгедектер күніне (жыл сайын қазанның екінші жексенбісінде);
Тармақша 5
5) I және II топтағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға – Мүгедектер күніне (жыл сайын қазанның кінші жексебісінде);
Тарау 2. 2. Біржолғы материалдық көмекті тағайындау тәртібі
2. Біржолғы материалдық көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Өтінуші бөлімге жазбаша өтініш береді және оны алуға құқын растайтын құжаттарды тапсырады. Өтінуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініштер мен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығына және дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 4
4. Өтінуші барлық қажетті құжаттармен өтініш бергеннен кейін 15 күннің ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия оны тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тартылған жағдайда өтінушігек себебі көрсетіліп жазбаша түрде хабарланады.
Тармақ 5
5. Біржолғы материалдық көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың болмауы оны тағайындауға бас тартуға әкеледі.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 6
6. Біржолғы материалдық көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) өтінушінің, мүгедек баланың ата-анасының, ұл (қыз) бала асырап алушының, қамқоршының (қорғаншысының) (бұдан әрі өтінуші) тұрғылықты жері бойынша банкте есеп шоты көрсетілген көмек көрсету жөніндегі жазбаша өтініші;
Тармақша 2
2) өтінушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) өтінушінің статусын куаландыратын құжаттың көшірмесі (куәлік, медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы, медициналық қорытынды);
Тармақша 4
4) мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 5
5) емдеу мекемесінің емдеу қажеттілігі туралы анықтамасы;
Тармақша 6
6) тұрғылықты жерінен анықтама;
Тармақша 7
7) материалдық-тұрмысын тексеру актісі;
Тармақша 8
8) кіріс туралы анықтама;
Тармақша 9
9) кент немесе селолық округ әкімінің қолдаухаты
Құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде бөлімге салыстыру үшін тапсырылады. Салыстырудан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтінушіге қайтарылып беріледі. Бөлім қызметкерлері құжаттардың көшірмесін куаландырады және оларды іске кірістіреді.
Тарау 4. 4. Біржолғы материалдық көмекті төлеу
4. Біржолғы материалдық көмекті төлеу
Тармақ 7
7. Біржолғы материалдық көмекті төлеу аудандық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Біржолғы материалдық көмек тағайындалған азаматтарға бөлім тізім құрады және аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға тапсырыс береді.
Тармақ 9
9. Біржолғы материалдық көмекті төлеу ақша түрінде бөлімнің тізімі бойынша есеп шотқа аудару жолымен жүзеге асырылады, оны заңда белгіленген тәртіпте сәйкес операциялар түрінде конкурсты жеңіп алған Қазақстан Республикасының Ұлттық банк лицензиясы барлар жүргізеді.
Тармақ 10
10. Біржолғы материалдық көмекке қаржы жетіспеген кезде өтініш тіркеудегі хронология тәртібінде төленеді.