О проведении призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне 2003 года Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылдың сәуір-маусым айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімінің 28.08.2003 № 109 шешімімен.
"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 19 қаңтардағы N 1897-ХII Заңына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмi өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметтегi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 2003 жылғы 27 наурыз N 1047 Жарлығына сәйкес және 2003 жылғы сәуір-маусым айларында мерзiмдi әскери қызметке уақтылы шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында, шешемiн:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын, әкiмнiң орынбасары комиссия төрағасы етiп тағайындасын;
Тармақша 2
2) 1976-1985 жылдары туған, 2003 жылғы көктемгi мерзiмде әскери қызметке шақырылуға жататын, барлық азаматтардың шақыру пунктiне ұйымшылдықпен келуiн және шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар алсын.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметiне басшылық ету және бақылау жасау үшiн облыстық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Сақып Бүркiтбайұлы КЕРЕЛБАЕВ комиссия төрағасы,
облыс әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары
Бисембай Абдуллаұлы ҚАЛИЕВ комиссия төрағасының
орынбасары, Маңғыстау
облыстық және Ақтау
қалалық әскери комиссары
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI:
Мұқамеджан Абдулұлы ОСПАНОВ облыстық iшкi iстер басқармасы
бастығының орынбасары
Руслан Фаризонұлы БЕКТУБАЕВ облыстық денсаулық сақтау
басқармасы бастығының
орынбасары
Өтеулi Киiкбайұлы КИIКБАЕВ Маңғыстау облыстық және Ақтау
қалалық әскери комиссариаты
екiншi бөлiмiнiң бастығы
Мұстафа Әлпейiсұлы НҰРМАНОВ Маңғыстау облыстық және Ақтау
қалалық әскери комиссариаты
екiншi бөлiмi бастығының аға
көмекшiсi, дәрiгер-терапевт,
дәрiгерлiк комиссия төрағасы
Қайырлы Шұғайқызы АБИЛОВА емхана медбикесi, шақыру
комиссиясының хатшысы
Тармақ 3
3. 2003 жылғы сәуірдің 1-нен бастап 30 маусымын қоса шақыру комиссияның мәжiлiсiн және Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласы әскери комиссариатының шақыру учаскесiнде әскерге шақырылғандарды медициналық куәландыруды жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (С. Төралиев):
Тармақша 1
1) облыстық жинақтау пунктiнiң медициналық бөлiмiне және қалалық, аудандық шақыру комиссияларына маман дәрiгерлер мен медбикелердiң қажеттi санын бөлсiн;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды 2003 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусымына дейiн флюорографиядан өтуiн, талдамаларын тапсыруын, қан топтарын және адамның қорғаныш тапшылығын қоздырғышын анықтауды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) жүйке және жан күйзелiсi аурулары, туберкулез, трахома, бұлшық ет, сүйек, буын органдарының созылмалы ауруына байланысты диспансерлiк есепте тұрған адамдардың тiзiмi мен ауыру тарихының үзiндiсiн, шақырылушының денсаулық жай - күйiн сипаттайтын дәрiгерлiк тексерiп-байқау мен диспансерлiк бақылаудың мәлiметтерiн облыстық әскери комиссариатқа уақытылы табыс етсiн;
Тармақша 4
4) комиссияға жолданған әскерге шақырылғандарды кезектен тыс тұрақты және амбулаториялық тексерiп байқаудан өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн, ол үшiн облыстық, қалалық, және аудандық, емдеу мекемелерiнде ауруларға арналған төсек санын бөлсiн;
Тармақша 5
5) комиссияның маман-дәрiгерлерiн қажеттi аспаптармен, рентген, флюоропленкамен, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 6
6) әскерге шақырылғандардың комиссиядан өтуi кезiнде оларға қажеттi егу iстерiн жүргiзсiн;
Тармақша 7
7) емдеу мекемелерi әскерге шақырудың өтуi кезiнде тұрақты емдеуге 1976-1985 жылдары туғандарды, облыстық, қалалық және аудандық дәрігерлік шақыру комиссиялары жолдаған. <*>
📌 Ескерту. 7-ші тармақшасы өзгерді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 3 шілдедегі N 71 шешімімен .
Тармақша 8
8) 3-күндік мерзім ішінде тұрақты емдеуде жатқан барлық әскерге шақырылуға жататын жастағы азаматтар туралы уадандық және қалалық әскери комиссариаттарға хабарласын.
📌 Ескерту. 1-1 тармақшысымен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 3 шілдедегі N 71 шешімімен .
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, меншiк нысандарына қарамастан мекемелердiң, ұйымдар мен оқу орындардың басшылары, пәтер иелерi кооперативi басшылары әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясынан өтуге қажеттi мезгiлге жұмыстан (оқудан) босатсын, әскерге шақырылғандарды iссапардан, еңбек демалысынан керi шақыртып алсын және де әскери-есеп столдары бастықтарының немесе кадр бөлiмi өкiлiнiң басшылығымен олардың шақыру учаскесiне уақтылы келуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық iшкi iстер басқармасы (К.Ж.Мырзабаев):
Тармақша 1
1) оларға жауаптау немесе алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан әскерге шақырылғандар туралы қажеттi мәлiметтердi уақтылы табыс етсiн;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасындағы тәртiптi қамтамасыз ету ушiн Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық, сондай-ақ Маңғыстау облысының аудандық және қалалық әскери комиссариаттардың өтiнiмдерi бойынша облыстық жинақтау пунктiне аудандық, қалалық әскери комиссариаттардың шақыру учаскелерiне, Маңғышлақ станциясының темiр жол вокзалына, сонымен қатар әскерге шақырылған командаларын алып жүретiн автобустарға полиция жасағы мен жол полициясының автомашиналарын, қажеттi сандағы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн бөлсiн.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаментiнiң директоры (Т.Ғ.Iдрiсов) жетi күн мерзiм iшiнде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 1976-1985 жылдары туған, мүгедек деп танылған әскерге шақырылғандардың тiзiм Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық әскери комиссариатқа табыс етсiн (келісім бойынша).
Тармақ 8
8. Батыс Қазақстан темiр жолы Маңғышлақ станциясының, Шетпе, Бейнеу темiр жол станцияларының вокзал бастықтары, тиiстi әскери комиссариаттардың өтiнiмдерi бойынша, әскерге шақырылғандарды қалалар мен аудандардан облыстық жинақтау пунктiне және облыс орталығынан керi қарай тасымалдау үшiн орындарды уақытылы брондарды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. "Ойл транспорт корпорейшэн" директоры Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық әскери комиссариаттың өтiнiмi бойынша әскерге шақырылғандар командасын облыстық, жинақтау пунктiнен Маңғышлақ темiр жол станциясына дейiн тасымалдау үшiн қажеттi санда автобустар бөлетiн болсын.
Тармақ 10
10. "Маңғыстау-Полиграф" ашық акционерлiк қоғамның президентi (З.В.Алагөзова) әскерге жөнелтiлетiн шақырылғандардың құжаттарын ресiмдеудi қамтамасыз ету үшiн облыстық және Ақтау қалалық әскери комиссариатының ұсынған нысаны бойынша бланктердi басып шығарсын.
Тармақ 11
11. Облыстық спорт және дене мәдениетi басқармасы (А.А.Драч) "Облыстық жастар бастамашылығын қолдау орталығы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының директорымен бiрлесiп әскерге шақыру кезеңiнде әскерге шақырылған жастармен әскери-патриоттық және тәрбиелiк iс-шараларын ұйымдастыруға және оны өткiзуге белсендi қатысатын болсын.
Тармақ 12
12. Облыстық қаржы басқармасы (Ж.С. Сәрсенқұлов) шақырылуға, шақырылғандарды әскери бөлiмшелерге жөнелтудi өткiзуге, әскери комиссариаттар мен облыстық, жинақтау пунктiн дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, шаруашылық мүлiктерiмен, автомобиль көлiгiмен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге байланысты жоғарыда көрсетiлген шараларды 2002 жылға арналған облыстық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды жүргiзсiн (1 қосымша).
Тармақ 13
13. Облыстық телерадиокомпаниясы, "Маңғыстау", "Местное время" облыстық газеттерiнiң редакциялары әскерге шақырудың және жас ұрпақтың әскерге аттандырылуының барысын теледидарда, радио мен жергiлiктi баспасөзде жазып көрсетсiн.
Тармақ 14
14. Облыстық қалалары мен аудандарының әкiмдерi 2003 жылғы 10 сәуiрге дейiн азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы шешiмдер қабылдасын, және де:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылғандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қатарына шақыруды ұйымдастырсын және уақытылы жөнелтiлуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) әскери комиссариаттарды жабдықталынған шақыру пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiктерiмен, автомобиль көлiгiмен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi адамдардың қажеттi санын бөлсiн;
Тармақша 3
3) этап көрсетiлген iс-шараларды орындауға байланысты шығындарды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырсын.
Тармақ 15
15. Маңғыстау облысы және Ақтау қаласының әскери комиссары осы шешiмнiң орындалысы туралы ақпарат хабарды 2003 жылғы шілденің 10-на табыс ететiн болсын.
Тармақ 16
16. Облыс әкiмiнiң "2002 жылдың қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 20 қыркүйек 2002 жылғы N 116 шешiмiнiң күшi жойылған деп саналсын.
Тармақ 17
17. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасауды өзiме қалдырамын.
Басқа 33
Маңғыстау облысы әкiмiнiң
31.03.2003 жылғы
N 42 шешiмiне
1 қосымша
2003 жылғы күзде әскерге жас толықтырымдарды
шақыру мен жөнелтудi қамтамасыз етуге арналған
ақшалай қаражат бөлудiң
ЕСЕПТЕМЕСI
____________________________________________________________________
Р/с N Шығыстардың атауы Барлығы
___________________________________________________________________
1. "Ойл транспорт корпорейшэннен" автобусты жалдау 151500 теңге
2. Шақырылғандарды темiр жол көлiгiмен тасымалдау 130000 теңге
3. Шақырылғандарды автомобиль көлiгiмен тасымалдау 508500 теңге
4. Бланкiлер үшiн "Маңғыстау-Полиграф" ААҚ 100000 теңге
5. Автокөлiктi пайдалану үшiн 430000 теңге
6. Медициналық көлемiн көрсетулер үшiн 2932000 теңге
7. Кеңсе тауарлары үшiн 150000 теңге
8. Дәрi-дәрмек пен медициналық құрал-саймандар үшiн -
____________________________________________________________________
ЖИЫНЫ: 4402000 теңге
__________________________________________________________________
Маман: Дүйсенғалиева Ж.