О финансировании избирательных мероприятий в ходе очередных выборов депутатов маслихатов 2003 года Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттар депутаттарының 2003 жылғы кезекті сайлауы барысында сайлау шараларын қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 12 және 35 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сайлау комиссияларының, негізгі жұмысынан босатылған, мүшелеріне орташа жалақысын, сондай-ақ үстеме жұмысы, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін қосымша ақысын төлеу сайлау өткізуге бөлінген қаржы есебінен жасалсын.
Сайлау комиссияларының, негізгі жұмысынан босатылмаған, мемлекеттік қызметшілер болып табылатындарынан басқа, мүшелеріне үстеме жұмысы, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін қосымша ақы төлеу, сайлау өткізуге бөлінген қаржы есебінен жасалсын.
Үстеме жұмысы, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін қосымша ақы төлеу еңбек заңнамасына сәйкес жасалсын.
Еңбек демалысындағы, сондай-ақ зейнеткерлер мен жұмыссыздар болып табылатын сайлау комиссияларының, мемлекеттік қызметшілерден басқа, мүшелері сайлау комиссияларындағы жұмысқа еңбек келісімі негізінде, тиісті сайлау комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету үшін белгіленген нормативтер шегінде жалақы төлеумен тартылсын.
Тармақ 2
2. Сайлау комиссияларына депутаттыққа кандидаттардың, меншік нысанына қарамай, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлегені үшін, мемлекеттік теледидар арқылы бір мәрте он бес минуттық сөз сөйлеуге, мемлекеттік радио арқылы бір мәрте он минуттық сөз сөйлеуге, сондай-ақ мемлекеттік баспасөз органдарында екі мақала жариялауға төлеу үшін бөлінген қаржы шегінде, төлем жасау рұхсат етілсін.
Депутаттыққа кандидат жоғарыда аталған үгіт нысандарын пайдаланғысы келмеген жағдайда, оның жазбаша арызы бойынша, округтік сайлау комиссиясы осы мақсатқа қаралған қаржыны плакаттар, үндеухаттар, ұрандар және басқа баспа үгіт материалдарын шығару үшін пайдалануға рұхсат етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Аумақтық сайлау комиссиялары, нақты жағдайларды және сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санын ескере отырып, учаскелік сайлау комиссиялары үшін, жалпы шығыстар сметасы шегінде сараланған шығыстар нормасын белгілесін.
Жинақтық смета бекітілгеннен кейін шығыстардың экономикалық жіктелуінің өзгешеліктері арасында қаржыны қайта бөлуді, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің рұхсатымен жасайды.
Тармақ 4
4. Сайлау комиссияларының үй-жайды жалға алу құны белгіленген шығыстар сметасы шегінде төленсін.
Тармақ 5
5. Сайлау комиссияларына телефон және көшірме байланыстарға бөлінген қаржы абоненттік төлемді және қалааралық байланыс қызметін өтуге пайдаланылсын.
Телефон байланысы нүктелерін қою және алу, басқа техникалық қызметтер жөніндегі шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының келісімімен жасалсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оны Қазақстан Республиканың Әділет министрлігі мемлекеттік тіркеуден өткізген сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрайымы