Об утверждении перечня приоритетных расходов областного бюджета на 2003 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылға арналған облыстық бюджеттiң басымдық шығыстар тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң Ережесiн бекiту туралы" № 832 қаулысына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес 2003 жылға арналған облыстық бюджеттiң басымдық шығыстар тiзбесi бекiтiлсiн. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.С. Демеуовке жүктелсiн.
Басқа 1. 2003 жылға арналған облыстық бюджеттiң басымдық шығыстар тiзбесi
Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 4 тамыз "2003 жылға арналған облыстық Бюджеттiң басымдық шығыстар тiзбесiн бекiту туралы" № 171/7 қаулысына қосымша 2003 жылға арналған облыстық бюджеттiң басымдық шығыстар тiзбесi р/с Атауы Ескерту 1 2 3 1 Жалақы мен аударымдар, төменгi бюджеттерге бөлiнетiн жәрдем қаржылар Мемлекеттiк мекемелердiң және мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметкерлерi- не жалақы төлеу 2 Жамбыл облысындағы жер сiлкiнiсi салдарларын жою үшiн қайта құру жұмыстарына арналған шығыстар 3 Жеке тұлғаларға берiлетiн трансферттер Арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар, жергiлiктi өкiлдiктi органдардың шешiмдерi бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтiк төлемдер, жалғыз басты мүгедектерге күтiм көрсетiлетiн қосымша үстемақы, жерлеу жабдығы қызметiн көрсету, оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектердi оқыту, стипендиялар, жарақат алу бойынша жәрдем ақылар 4 Төменгi бюджеттерге бөлiнетiн мақсатты трансферттер Оралмандарға тұрғын үй сатып алуға, мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының желiсiн дамыту және үлгi штаттарын енгiзу үшiн республикалық бюджеттен бөлiнетiн мақсатты трансферттер 5 Залалсыздандыру жұмыстарына арналған шығыстар Республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттер 6 Азық-түлiк өнiмдерiн, дәрi-дәрмектер мен жанар-жағармай материалдарын сатып алу 7 Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу Электр қуатына, жылуға және байланыс, көлiк, коммуналдық қызметтер үшiн ақы төлеу 8 Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының 9 Басқа да тауарларды сатып алу 10 Заңды тұлғаларға берiлетiн ағымдағы трансферттер 11 Ғимараттарды,үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негiзгi құралдарды ұстау, қызмет көрсету және ағымдағы жөндеуден өткiзу 12 Активтердi сатып алу 13 Ғимараттарды, үйлердi күрделi жөндеу 14 Ішкі кредиттер 15 Ішкі борышты өтеу 16 Ішкі қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер)