О мерах по приему и обустройству семей оралманов, прибывающих вне квоты иммиграции в 2003 году Қолданыста
Басқа 0
2003 жылы көшіп келу квотасынан
тыс келген оралмандар отбасыларын
қабылдау және орналастыру жөніндегі
шаралар туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 29- бабының 5-тармағына 2002 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылы көшіп келу квотасынан тыс келген оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдері заңмен белгіленген тәртіп бойынша:
Тармақша 1
1) Жергілікті жерлерде оралмандар отбасыларын қабылдауды және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі комиссиялар құрсын.
Тармақша 2
2) Өздерінің тарихи отанына көшіп келу квотасынан тыс өзінің тарихи отанына қайтып оралған оралмандарды облысқа келуіне қарай қабылдасын және орналастырсын (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық білім департаменті (Е.Н. Иманғалиев) оралмандар балаларын бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқу орындарына тарту жөніндегі кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық басқармасы (Қ.К. Ермекбаев) келіп жатқан оралмандар отбасыларын медициналық көмектің ақысыз кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қарағанды облысы бойынша көші-қон және демография жөніндегі басқарма (Ғ.С. Медеубаева–келісім бойынша) оралмандар отбасына жәрдемақының және жол ақысы мен жүктерін тасымалдау өтемақысының толық мөлшерде төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер бас басқармасы (А.В. Кулинич – келісім бойынша) азаматтық қабылдау жөніндегі құжаттардың жедел рәсімделуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстық салық комитеті (Ш.Ш. Тұрсымбеков – келісім бойынша) ТСН берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық (Р.Д. Ақашев – келісімі бойынша) ӘЖК берілуін және зейнетақының тағайындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Ә.Е. Әбілаев) оралмандар отбасыларының жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін және мемлекеттік аталуы әлеуметтік көмектің және басқа да әлеуметтік төлемдердің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (Д. А. Қарасартов – келісімі бойынша) көші-қон жер қорынан шаруашылық қожалығын жүргізу және жеке үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін.
Басқа 1. 2003 жылы көшіп келу квотасынан тыс келген оралмандар
отбасыларын қабылдау және орналастыруды ұйымдастыру
жөніндегі отбасылық комиссия
ҚҰРАМЫ
Облыстық әкімияттың
2003 жылғы 11 тамызда
«2003 жылы көшіп келу квотасынан тыс
келген оралмандар отбасыларын қабылдау
және орналастыру жөніндегі шаралар туралы»
№ 13/02 қаулысына 1 қосымша
2003 жылы көшіп келу квотасынан тыс келген оралмандар
отбасыларын қабылдау және орналастыруды ұйымдастыру
жөніндегі отбасылық комиссия
ҚҰРАМЫ
Тоғжанов
Ералы Лұқпанұлы
-облыс әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасы
Медеубаева
Ғазират Смағұлқызы
- Қарағанды облысы бойынша көші-қон және
демография басқармасының бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Шаханова
Бижан Қырғызбайқызы
- әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы,
комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Әбілаев
Әнуар Ерғазыұлы
- облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік қорғау басқармасының
бастығы
Ермекбаев
Қанат Кәртайұлы
- облыстық денсаулық басқармасының
бастығы
Иванов
Виктор Николаевич
- коммуналдық меншікті басқару
департаментінің директоры
Ильницкий
Петр Алексеевич
- ТКШ, көлік және байланыс басқармасының
бастығы
Иманғалиев
Есенғазы Нұртөлеуұлы
- облыстық білім беру департаментінің
директоры
Қарасартов
Даурен Абзалұлы
- жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет
төрағасы (келісім бойынша)
Кулинич
Александр Васильевич
- Ішкі істер бас басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
Молотовник
Аделаида Константиновна
- облыстық қаржы басқармасының бастығы
Басқа 2. 2003 жылы көшіп келу квотасынан тыс Қарағанды
Облысына келген оралмандар отбасыларын орналастыру
СЫЗБАСЫ
Облыстық әкімияттың
2003 жылғы 11 тамызда
«2003 жылы көшіп келу квотасынан тыс
келген оралмандар
отбасыларын қабылдау
және орналастыру жөніндегі
шаралар туралы»
№ 13/02 қаулысына 2 қосымша
2003 жылы көшіп келу квотасынан тыс Қарағанды
Облысына келген оралмандар отбасыларын орналастыру
СЫЗБАСЫ
№
Қалалар мен аудандар
Оралмандар отбасы
1
Қарағанды
30
2
Теміртау
100
3
Жезқазған
15
4
Балқаш
15
5
Сәтпаев
10
6
Саран
20
7
Приозерск
5
8
Шахтинск
20
9
Абай
15
10
Ақтоғай
5
11
Бұқар Жырау
10
12
Жаңа арқа
5
13
Қарқаралы
10
14
Осакаров
15
15
Нұра
15
16
Шет
10
17
Ұлытау
5
БАРЛЫҒЫ
300