Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в октябре-декабре 2003 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2003 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 14)-тармақшасы мен 29-бабы 1-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2003 жылғы 27 наурыздағы № 1047 Жарлығын орындауда, Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын және 1985 жылы туған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған одан жоғары жастағы азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы 2003 жылғы қазан-желтоқсанда жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы 1- қосымшаға және облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның құрамы 2 -қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкімияттары:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, қалалар мен аудандардың қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік басқару жергілікті органдарына қажетті мөлшерде дәрігер-мамандар, техникалық кызметкерлер, қызмет көрсетуші адамдар бөлсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін хабарландыруды және іздестіру тобын құрсын, оларды көлік құралдарымен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды сальтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды хабарландыру, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және әскерге шақырушыларды аудандық, қалалық шақыру пункттеріне, медициналық комиссияға облыстық жинақтау пунктіне жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстар аудандық, қалалық және облыстық бюджеттердің есебінен қарастырылған қаражат шегінде жүргізілсін;
Тармақша 5
5) әскерге шақыру учаскелері мен облыстық жинақтау пункттерінде жұмысқа жіберілген әскерге шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші адамдардың осы азаматтар жіберілген ұйымдарда орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталатыны еске алынсын;
Тармақша 6
6) қалалар мен аудандардың қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік басқару жергілікті органдарына әскерге шақыру пункттеріне жабдықталған орындар және белгіленген талаптарға сәйкес әскерге шақыру пункттеріне жөндеу жүргізу және қайта жабдықтау үшін басқа да құралдарды бөлу жөніндегі шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті (Е.М.Ғалымжанов):
Тармақша 1
1) аудандық медициналық комиссияларды жетпейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, оның ішінде флюропленкалар және химиялық реактивтермен жиынтықтылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын, облыстық медициналық комиссияның құрамында жұмыс істеу үшін 2- қосымшаға сәйкес дәрігер-мамандарды бөлсін;
Тармақша 2
2) Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесімен (Д.Қ. Жұмабаев) бірлесе отырып медициналық мекемелердің әскерге шақырылушыларды алдын ала тексеру шығындарының орнын толтыру және медициналық комиссиялардың дәрігер- мамандарының еңбекақысын облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерде қарастырылған қаражат есебінен толтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Қостанай тасымалдау бөлімшесі (А.Н.Құдайбергенов) Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің тапсырыстары бойынша толықтырушылары бар командаларды қызмет орнына жөнелту үшін жолаушылар поездарында қажетті орындар санын бөлсін (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі (Д.Қ. Жұмабаев):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес әскерге шақыру пункттері мен облыстық жинақтау пунктінде азық-түлік тауарларымен сауда жасауды және ыстық асты ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін, ақы төлеу әскерге шақыру кезінде тасымалданғандардың нақты саны туралы тапсырыста бойынша жүргізсін.
Тармақ 7
7. Қостанай облысы бойынша Бас ішкі істер басқармасы (Н.М.Дейхин) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін, ұсталғандарды іздестіру және оларды жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеуді осы кісілердің есебінен жүргізсін;
Тармақша 2
2) облыстық жинақтау пунктінде, қалалық және аудандық әскерге шақыру пункттерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін полицияның тәулік бойғы нарядын бөлсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды қалалар мен аудандардың қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік басқару жергілікті органдарының шақыру учаскелерінен жөнелткен кезде, сондай-ақ Қостанай темір жол стансасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтауды қамтамасыз етсін және әскерге шақырылушыларды шығарып салу үшін қалалар мен аудандардың қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік басқару жергілікті органдарының тапсырыстары бойынша автокөлік бөлсін.
Тармақ 8
8. Қостанай облысының қаржы департаменті (М.А.Щеглова) әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу және әскерлерге жіберу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен 105-063 "Әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі іс-шаралар" бағдарламасы бойынша жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына 2004 жылғы 10 қаңтарға дейін берілсін.
Тармақ 10
10. "Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2003 жылғы қазан-желтоқсандағы азаматтарды шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі 277/5 бр шешімінің күші жойылды деп есептелсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2161).
Тармақ 8
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға, облыс әкімінің көмекшісі - екінші бөлімнің меңгерушісі А.В. Синютинге жүктелсін.
Басқа 25. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 324/12 бр шешіміне 1-қосымша Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамы Баймағамбетова Бағила Бірмағамбетқызы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Жұмабаев Дүйсембай Қималиденұлы - Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, комиссия төрайымының орынбасары Куванова Бибігүл Төлегенқызы - 2- бөлім бастығының көмекшісі, комиссияның хатшысы Абраменко Алексей Иванович - 2-бөлімнің (шақыру) аға әскери маманы, дәрігер- терапевт, медициналық комиссиясының төрағасы Дудник Елена Владимировна - Қостанай облысы денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Исабеков Төлеген Өмешұлы - облыстық әскери комиссардың орынбасары, 2-бөлімнің бастығы Нүрсейітов Дидар Ассатоллаұлы - облыстық Ішкі істер бас басқармасы бастығының қызмет жөніндегі орынбасары
Басқа 26. Облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссия құрамы
Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 324/12 бр шешіміне 2-қосымша Облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссия құрамы Абраменко Алексей Иванович - 2-ші бөлімінің (шақыру) аға әскери маманы, дәрігер-терапевт Аккулова Айнагүл Төлешқызы - дәрігер-невропотолог Бауэр Эммануил Иванович - дәрігер-хирург Воропаев Владимир Дмитриевич - дәрігер ортопед-травматолог Гончарова Людмила Константиновна - дәрігер-рентгенолог Емельянов Михаил Павлович - дәрігер- психиатр Кужильная Галина Николаевна - дәрігер-окулист Молдахметова Гүлнара Самұратқызы - дәрігер-терапевт Мұрзабекова Айгүл Сейполқызы - дәрігер-терапевт Мұстафина Лениана Қаратайқызы - дәрігер-стоматолог Садықов Абылай Садықұлы - дәрігер-фтизиатр Сохарева Светлана Владимировна - дәрігер-психиатр Тараненко Екатерина Григорьевна - дәрігер-отоларинголог Телегин Владимир Валентинович - дәрігер-нарколог Хван Наталья Сергеевна - дәрігер-дерматолог