О социальной поддержке отдельных категорий граждан области в 2003 году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылы облыс азаматтарының жекеленген санаттарын әлеуметтiк қолдау туралы Облыс тұрғындарды әлеуметтiк қолдау және еңбекпен қамту департаментi бастығының орынбасары Т.Т. Айтқазиннiң 2003 жылы облыс азаматтарының жекеленген санаттарын әлеуметтiк қолдау жөнiндегi облыстық бюджеттiк бағдарламалар туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған 6.2.258.051.000 "Жергiлiктi уәкiлеттi органдар шешiмi бойынша жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк төлемдер", 6.2.258.034.000 "Сауықтыру бағдарламасы бойынша мүгедектердi оқыту", 6.2.258.036.000 "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер iшiнен қайтыс болған Кеңес Одағының Батырларын, Халық Қаһарманы", Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi жауынгерлiк Даңқы және "Отан" ордендерiмен марапатталғандарды жерлеу рәсiмi қызметтерiн көрсету", 6.2.258.057.000 "Жергiлiктi деңгейде мүгедектердi әлеуметтiк қолдау" облыстық бюджеттiк бағдарламалар - бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс қаржы департаментi Бағдарламалардың дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыс тұрғындарды әлеуметтiк қолдау және еңбекпен қамту департаментi 2004 жылғы 15 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламалардың iске асырылуы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Павлодар облыстық мәслихатының әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.