О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 2003 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылдың қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 27 наурыздағы № 1047 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес облыс әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. Қалалық және аудандық шақыру комиссиясының жұмысына бақылау жасау және басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы және оның резервтік құрамы бірінші қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңның 14-бабына сәйкес шақыру комиссияларын құрсын, олардың қызметін қамсыз етсін және жоғарыда аталған Заңның 35-бабына сәйкес медициналық техникалық және басқа қызметкерлерді қатыстырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әскери қызметке шақыру басталғанға дейін қалалық, облыстық медициналық комиссияларды жоғары білікті дәрігер мамандармен, орташа медициналық қызметкерлермен жабдықтасын, әскерге шақырылатын азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан және стационарлық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемелерінен қажетті төсек орын санын бөлсін. Қазақстан Республикасы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 35-бабына сәйкес дәрігер мамандардың, орташа медициналық, техникалық қызметкерлердің шақыру комиссиясында жұмыс істеген кездегі жалақысы жұмыс орны бойынша сақталатынын ескерсін.
Тармақ 4
4. Облыстық медициналық комиссияның жұмысын тиісті ұйымдастыру мақсатында олардың аудандық, қалалық әскери комиссариаттарына тікелей шығуын жоспарласын: - Атбасар қалаласында (Атбасар ауданы) 2003 жылдың 11-15 қазан аралығында. - Көктал кентіне (Целиноград ауданы) 2003 жылдың 16-20 қазан аралығында.
Тармақ 5
5. «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Ақмола темір жолмен тасымалдау бөлімшесі әскерге шақырылушыларды тағайындалған пунктке уақытында жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер бас басқармасы облыстық жинақтау пунктінде, жөнелту станцияларында, әскерге шақыру пунктерінде тәртіпті қамтамасыз ету, әскери міндетін орындаудан қашушыларды іздестіру бойынша әскери комиссариаттармен бірлесе отырып іс қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы облыстық әскери комиссардың өтініші бойынша әскерге шақырудың облыстық бюджетте қарастырылған көлемде және белгіленген мерзімде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Ақмола облысының әскери комиссары облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылушыларды жиналу, бөлімшелер құру және жөнелту жұмыстарын ұйымдастырсын және бақылауға алсын.
Тармақ 9
9. Ақмола облысының әскери комиссары 2004 жылдың 15 қаңтарына дейін қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижелері туралы ақпарат тапсырсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары облыстық шақыру комиссиясының төрағасы А.Сейітжановқа жүктелсін.
Басқа 11. ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕЗЕРВ ҚҰРАМЫ:
Ақмола облысы әкімінің 27.09.2003 ж. № 34 «2003 жылдың қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» шешіміне 1 қосымша. ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ: Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы - облыс әкімінің орыбасары, шақыру комиссиясының төрағасы. Қынышбаев Бақыт Нұрахметұлы - облыстық әскери комиссары, шақыру комиссия төрағасының орынбасары. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Кәжкенов Ақан Сәтібайұлы - облыстық ІІББ бастығының орынбасары. Кәкенов Серік Қабдөшұлы - денсаулық сақтау басқарма бастығының орынбасары. Белогуб Николай Николаевич - облыстық әскери комиссарының шақыру жөніндегі орынбасары - екінші бөлім бастығы. Ғалиев Ринат Рустамұлы - екінші шақыру бөлімінің әскери аға маманы терапевт дәрігері медициналық комиссиясының төрағасы. Мұхамеджанова Әсемгүл Өмірханқызы - облыстық аурухананың медбикесі, медициналық комиссиясының хатшысы. ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕЗЕРВ ҚҰРАМЫ: Бекмағаметов Ғалым Мәдешұлы - облыс әкімінің орыбасары, шақыру комиссиясының төрайымы. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Нұрғалиев Дәуітбек Аманжолұлы - облыстық ІІББ бастығының орынбасары. Сейдуманов Манат Тұрарұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Мартазанов Макшарип Баматгиреевич - облыстық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы.