Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты аудандық конкурс өткізу туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты аудандық конкурс өткізу туралы Меркі ауданында шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесетін кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін ынталандыру және олардың арасынан үздіктерін айқындау мақсатында, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері" конкурсы өткізілсін.
Тармақ 2
2. "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері" конкурсын өткізу Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері" атты конкурсты өткізу мерзімі 2003 жылдың қараша-желтоқсан айлары болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері" атты конкурсты өткізу комиссиясының құрамы бекітілсін: Бүркітбаев Қанат Оралұлы - Меркі ауданы Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Сейсебаев Талғат Кәдірқұлұлы - Меркі ауданы Әкімінің шағын кәсіпкерлікті қолдау комитетінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары Абашев Еренсіз Абашұлы - аудандық тіл басқармасының бастығы, комиссия хатшысы Жұматаев Жаңабек - аудандық бас сәулетші Қалқабаева Айнабүбі Асанқызы - Меркі ауданы әкімиятының экономика басқармасының бастығы Құралбай Серік - "Меркі тынысы" газетінің бас редакторы Бұтабаев Садық Салыұлы - аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы.
Тармақ 5
5. Шағын бизнес саласындағы 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты конкурсты өткізу үшін аудандық бюджеттен 100 (жүз) мың теңге бөлінуін қамтамасыз ету аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Бахыт Иманбетовке тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуы аудан Әкімінің орынбасары Қанат Оралұлы Бүркітбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Жамбыл облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 8. Меркі ауданында "Шағын бизнес саласындағы 2003 жылғы үздік кәсіпкерлері" конкурсын өткізудің Ережесі
Меркі ауданы әкімиятының 2003 жылғы 21 қазандағы "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты аудандық конкурс өткізу туралы" № 240 қаулысымен бекітілген Меркі ауданында "Шағын бизнес саласындағы 2003 жылғы үздік кәсіпкерлері" конкурсын өткізудің Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Шағын бизнес саласындағы 2003 жыл үздік кәсіпкерлері" конкурсына дайындық (бұдан әрі - Конкурс), оны жариялау мен өткізудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Конкурс мақсаты - Меркі ауданында шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесетін кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін ынталандыру және олардың арасынан үздіктерін айқындау болып табылады.
Тармақ 3
3. Конкурс 2003 жылғы қараша - желтоқсан айы ішінде өлшемдер бойынша баллдарды есептеу жолымен бес номинациямен өткізіледі:
Тармақша 1
1) Жылдың үздік кәсіпкері
Тармақша 2
2) Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер
Тармақша 3
3) Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер
Тармақша 4
4) Үздік әйел кәсіпкер
Тармақша 5
5) Үздік фермер кәсіпкер
Тармақ 4
4. Конкурс өткізу туралы хабарландыру Меркі ауданының "Меркі тынысы" газеті арқылы жарияланады.
Тарау 2. 2. Конкурсқа қатысу тәртібі
2. Конкурсқа қатысу тәртібі
Тармақ 5
5. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының резиденті - шағын бизнес субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (жарғылық капиталына мемлекет қатыспайтын) жіберіледі.
Тармақ 6
6. Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген жеке және заңды тұлғалар өзіне Конкурсқа қатысушының қызметі туралы ақпаратты қамтитын белгілі бір номинация бойынша өтінім-сауалнаманы, (бұдан әрі - өтінім) толтыруы және конкурстық комиссияға өтінімдегі барлық ақпараттардың сенімділігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынуы қажет.
Тарау 3. 3. Конкурс өткізудің тәртібі
3. Конкурс өткізудің тәртібі
Тармақ 7
7. Конкурс бір турда өткізіледі.
Тармақ 8
8. Конкурсқа қатысу ақпараттары бар өтінім 2003 жылдың 15 қарашасына дейін конкурстық комиссияға өткізіледі.
Тармақ 9
9. Конкурстық комиссия қосымшалары бар берілген өтінімді қарайды, мазмұндалған ақпараттардың сенімділігін тексереді және 2003 жылғы 10 желтоқсанына дейін жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша анықтайды.
Тармақ 10
10. Конкурсқа қатысушы бірнеше номинациялар бойынша жеңімпаз атануы мүмкін.
Тармақ 11
11. Конкурсты аудан Әкімдігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеті, конкурстық комиссия өткізеді.
Тарау 4. 4. Конкурстық комиссияның жұмыс тәртібі
4. Конкурстық комиссияның жұмыс тәртібі
Тармақ 12
12. Конкурс өткізуді ұйымдастыру және конкурстық комиссияның қызметін үйлестіруді Меркі ауданы әкімдігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеті жүзеге асырады (бұдан әрі - комитет).
Тармақ 13
13. Конкурстық комиссия құрамына аудан Әкімдігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау комитетімен келісе отырып, мүдделі мемлекет органдарының өкілдері енгізілуі мүмкін.
Тармақ 14
14. Конкурстық комиссияның сандық құрамы тақ және жетіден кем болмауы тиіс, оның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан басым дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады.
Тармақ 15
15. Конкурс нәтижесі конкурстық комиссия мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. Конкурсқа қатысушылар Меркі ауданы әкімдігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеті тарапынан өтінімдер бланкаларымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 17
17. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды конкурстық комиссия марапаттайды.
Тармақ 18
18. Конкурстық комиссия өтінімдердің берілмеу жағдайларына, көрсетілген талаптар бұзылып ұсынылған өтінімдер мен қосымша құжаттар үшін жауапкершілікте болмайды.