Об утверждении Правил использования средств резерва местного исполнительного органа на 2003 год Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылға жергілікті атқарушы органның сақтық қаражаттарын пайдалану Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148-11 ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 б. 1т. 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 13 бабына сәйкес қала әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2002 жылғы жергілікті атқарушы органның сақтық қаражаттарын пайдалану Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 23 кыркүйектегі № ә-8/255 «2003 жылға жергілікті атқарушы органның сақтық қаражаттарын пайдалану Ережелерін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау өзімде қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облыстық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өту тиіс және қалалық газетте ресми жариялануға жатады.
Басқа 5
Қосымша Степногорск қ.әкімдігінің
2003 жылғы 21.11. № Ә-10/307
«2003 жылға жергілікті атқарушы
органның сақтық қаражаттарын
пайдалану Ережелерін бекіту
туралы» қаулысымен Бекітілген
2003 жылға жергілікті атқарушы органның сақтық қаражаттарын пайдалану Ережелері
Осы Ереже 2003 жылға Степногорск қаласының жергілікті аткарушы органның сақтық қаражаттарын бөлу тәртібін және пайдалануын белгілейді.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 13 бабымен сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы 261 Заңымен енгізілген соңғы өзгерістерді есепке алып қала бюджетті әзірлеген кезде жоспарланбаған күтпеген шығыстарды қаржыландыру үшін сәйкес қаржы жылына және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіздік қаржыландыруын талап ететін қалалық бюджет шығындарының бекітілген құрамында сақтық құрылады.
Тармақ 2
2. Қалалық бюджет сақтық құрамында Қазакстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңынын 13 б. 1 тармағына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен белгіленген басқа да күтпеген шығыстарды, сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қаражаттар көзделген.
Тармақ 3
3. Сақтық мөлшері Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 13 б. 3 тармағына сәйкес қалалық бюджет түсімдерінің көлемінен екі пайыздан аспау керек.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органның сақтық есебінен қаржыландырылатын басқа да күтпеген шығыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға мына іс-шаралар жатады:
Тармақша 1
1) Төтенше жағдайлардың алдын алу күні бұрын жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша кемітуіне. адамдардың денсаулығын және өмірін сақтауына, нұқсан мен материалдық шығын көлімін азайтуына арналған шаралар кешені.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға мыналар жатады:
ғылыми зерттеулер, бақылау, жағдайды қадағалау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қауіпі туралы хабарлау;
төтенше жағдайлар саласындағы қорғану шаралары;
халықты және мамандарды оқытып-үйрету, білімді насихаттау;
Тармақша 2
2) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлар пайда болған кезде адамдардың өмірін сақтап және денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағына одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіруіне жүргізілетін жұмыстар мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.
Жергілікті атқарушы органдармен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардын алдын алу жөніндегі іс-шараларға мыналар жатады:
құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының бұрын бекітілген жоспарларына сәйкес төтенше жағдай аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады;
төтенше жағдайлар болған кезде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
зардап шеккендер үшін уақытша тұру және тамақтандыру пунктерін жаю және ұстау;
авариялык-құтқару және авариялық-қалпына келтіру бөлімшелерінің шұғыл техникалық құтқару құралдармен, жабдықтармен және керек-жарақтармен қосымша жабдықтау;
төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдауын қамтамасыз ету;
ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шараларды өткізу;
материалды-техникалық қорларды, медициналық және басқа ресурстарды құру, табиғи және техногендік сиппаттағы төтенше жағдайларды алдын алу мен жою үшін көлік құралдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) басқа да күтпеген шығыстар-жергілікті бюджетті әзірлеген кезде жоспардан тыс шығыстар және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіздік қаржыландыруды талап ететін.
Тармақ 5
5. Осы мақсатқа қаржы жылына сәйкес қалалық бюджеттің шығыстар мен несие беру құрамында бекітілген, мөлшер шегінде жергілікті атқарушы органның сақтық қаражатынан бөлуі қалалық қаржы бөлімі жүзеге асырады. Заңнамамен белгіленген тәртібінде қала әкімдігінің қаулысын негізге алып онда алушы, қаражаттың бөлінетін көлемі және олардың пайдалану мақсаты көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Сақтық қаражаттарын мақсатты пайдалану керек, сақтық қаражаттарды бөлу туралы қала әкімдігінің қаулыларымен және осы Ережелермен көзделмеген қаражаттар мұқтаждыққа пайдаланбау керек. Қаржы жыл өткеннен кейін қала әкімдігінің қаулысы күшін жояды.
Пайдаланылмаған қаражаттардың қалдықтары қайтаруға жатады.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы органның сақтық қаражаттарынан бөлу жөніндегі қала әкімдігінің қаулысын дайындаған кезде мына шарттар есепке алынады:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылы қалалық бюджетте қаржы бөлуі жоқ болғаны;
Тармақша 2
2) ағымдағы қаржы жылында жергілікті атқарушы органның сақтық қаражаттарында қажеттілік пайда болғанда және сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайды қоспағанда олардың қажетілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмаған кезде.
Тармақ 8
8. Төтенше жағдайлар пайда болған кезде жергілікті атқарушы органдар таралу ауқымы мен аймақты анықтайды және оларды объектілік пен жергілікті төтенше жағдайларға бөледі.
Тармақ 9
9. Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссия жергілікті атқарушы органның сақтық қаражатты бөлу туралы заңды тұлғалардың қолдаухатын қарайды, осы кезінде негіздеу материалдардың ұсыну тәртібі мен олардың тізбесі белгіленеді.
Тармақ 10
10. Таралу ауқымына қарай жергілікті төтенше жағдайды жоюға қажеттілік болған кезде қалалық қаржы бөліміне негізделген есептерді қосымшамен шешімнің жобасы қалалық қаржы бөліміне төтенше жағдай жөніндегі қалалық комиссия қарауға ұсынады. Қабылдаған шешімнің жобасын төтенше жағдай жөніндегі қалалық комиссия заңнамамен белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органға бекітуге ұсынады.
Тармақ 11
11. Қалалық бюджет бағдарламалардың әкімгерлерніне бөлінетін, сот атқарушылық құжаттар болған кезде сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу жергілікті атқарушы органның сақтық қаражатының есебінен қамтамасыз етіледі. Жергілікті атқарушы органдар сот шешімдері бойынша төлемдерді төлеуге міндетті, қолданыстағы заңнамамен белгіленген барлық сот сатыларында осы шешімдерді міндетті түрде шағымдану керек негіз туған жағдайда.
Жергілікті атқарушы органдар сот актілеріне шағымдану көшірмелерін қалалық бюджет бағдарламаның әкімгерлеріне міндетті түрде ұсынады.
«Әкімшілік шығыстары» бағдарламалары бойынша оларға бөлінген ақшалармен жергілікті атқарушы органдар заңсыз қабылдаған актілері үшін, сондай-ақ әкімшілік басқару саласында өздерінің лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекетіне жауап береді:
Заңнамада белгіленген тәртіпте қалалық қаржы бөлімі жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті атқарушы органның сақтық қаражатты бөлу жөнінде қала әкімдігінің қаулысының жобасын дайындайды.
Тармақ 12
12. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюына және басқа да күтпеген шығыстар, осы іс-шараларды қаржыландыруына қалалық бюджетте көзделген жергілікті атқарушы органның сақтық бөлінетін көрсетілген шығындар сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуі ағымдағы әрбір тоқсан сайын жылдық сомасынан 25 пайыздан аспау керек жергілікті атқарушы органның сақтық қаражаттарын тиімді бөлу мақсатында.
Тармақ 13
13. Ағымдағы қаржы жылында сақтық іс-шараларды кідіріссіздік қаржыландыруды талап ететін міндеттемелер пайда болған кезде осы қаржы жылында қалалық бюджетте көзделген қаржы бөлу шегінде осы Ережеге сәйкес басым тәртібінде қаражаттардың бөлуі жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Егер бюджеттің атқарылуы барысында шығындар табыстардан асса немесе бюджетке кіріс көздерінен түсетін түсімдер маңызды төмендесе, онда жергілікті атқарушы орган сақтық шығындары бойынша секвестерді еңгізуге құқығы бар.
Тармақ 15
15. Сақтық бөлінетін қаражаттарды алатындар қалалық қаржы бөлімімен белгіленген тәртіпте және мерзімінде орындалған жұмыстардың көлімі мен құны, оларды пайдалану туралы есепті ұсынады.
Тармақ 16
16. Сақтық қаражатын және сәйкес кезеңге оның қалдықтарын пайдалану жөніндегі ақпаратты қалалық қаржы бөлімі ай сайын жергілікті атқарушы органға ұсынады.
Тармақ 17
17. Сақтық бөлінген қаражаттарды мақсатты пайдаланбаса Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте алушы жауапкершілікті болады.
Тармақ 18
18. Жергілкті атқарушы органның сақтық қаражаттарды мақсатты пайдалану үшін қалалық қаржы бөлімі бақылауды іске асырады.