О проведении призыва граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 2003 года Қолданыста
Басқа 0
2003 жылдың қараша-желтоқсан айларында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы
"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмi өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметтегi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2004 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 2004 жылғы 30 наурыз № 1326 жарлығына сай, 2004 жылғы сәуір-маусым айларында мерзiмдi әскери қызметке уақтылы шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын, әкiмнiң орынбасары комиссия төрағасы етiп тағайындасын;
Тармақша 2
2) 1977-1986 жылдары туылған, 2004 жылғы көктемгi мерзiмде әскери қызметке шақырылуға жататын, барлық азаматтардың шақыру пунктiне ұйымшылдықпен келуiн және шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар алынсын.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметiне басшылық ету және бақылау жасау үшiн облыстық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Сақып Бүркiтбайұлы КЕРЕЛБАЕВ комиссия төрағасы,
облыс әкiмiнiң орынбасары
Бисенбай Абдуллаұлы ҚАЛИЕВ комиссия төрағасының
орынбасары, Маңғыстау
облыстық әскери комиссары
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI:
Мақсутхан Нұғманұлы АБЛАЗИМОВ облыстық iшкi iстер
басқармасы
бастығының орынбасары
Руслан Фаризонұлы БЕКТУБАЕВ облыстық денсаулық сақтау
басқармасы бастығының
орынбасары
Өтеулi Киiкбайұлы КИIКБАЕВ Маңғыстау облыстық әскери
комиссардың орынбасары
(шақыру бойынша) -
екiншi бөлiмiнiң бастығы
Мұстафа Әлпейiсұлы НҰРМАНОВ Маңғыстау облыстық әскери
комиссариаты екiншi
бөлiмiнің
аға әскери маманы-дәрiгер
(терапевт), дәрiгерлiк
комиссия төрағасы
Қайырлы Шұғайқызы АБИЛОВА емхана медбикесi, шақыру
комиссиясының хатшысы
Тармақ 3
3. 2004 жылғы сәуірдің 1-нен бастап 30 маусымын қоса шақыру комиссияның мәжiлiсi және Маңғыстау облыстық әскери комиссариатының шақыру учаскесiнде әскерге шақырылғандарды медициналық куәландыру жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (С. Төралиев):
Тармақша 1
1) облыстық жинақтау пунктiнiң медициналық бөлiмiне және қалалық, аудандық шақыру комиссияларына маман дәрiгерлер мен медбикелердiң қажеттi санын бөлінсiн;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды 2004 жылдың 1-ші сәуірінен бастап 30-шы маусымына дейiн флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, талдамаларын тапсыруын, қан топтарын және адамның қорғаныш тапшылығын қоздырғышын анықтау қамтамасыз етілсiн;
Тармақша 3
3) жүйке және жан күйзелiсi аурулары, туберкулез, трахома, бұлшық ет, сүйек, буын органдарының созылмалы ауруына байланысты диспансерлiк есепте тұрған адамдардың тiзiмi мен ауыру тарихының үзiндiсiн, шақырылушының денсаулық жай - күйiн сипаттайтын дәрiгерлiк тексерiп-байқау мен диспансерлiк бақылаудың мәлiметтерiн облыстық әскери комиссариатқа уақытылы табыс етілсiн;
Тармақша 4
4) комиссияға жолданған әскерге шақырылғандарды кезектен тыс тұрақты және амбулаториялық тексерiп байқаудан өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн, ол үшiн облыстық, қалалық, және аудандық, емдеу мекемелерiнде ауруларға арналған төсек санын бөлінсiн;
Тармақша 5
5) комиссияның маман-дәрiгерлерiн қажеттi аспаптармен, рентген, флюоропленкамен, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз етілсiн;
Тармақша 6
6) әскерге шақырылғандардың комиссиядан өтуi кезiнде оларға қажеттi егу iстерi жүргiзілсiн;
Тармақша 7
7) әскерге шақырудың өтуі кезінде 1977-1986 жылдары туылғандарды облыстық, қалалық және аудандық дәрігерлік комиссияның жолдамасы бойынша емдеу мекемелерімен тұрақты емдеуге қабылдау қамтамасыз етілсін;
Тармақша 8
8) 3-күн мерзiм аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға, тұрақты емдеудегі әскерге шақыру жасындағы барлық азаматтар туралы хабарлансын.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, меншiк нысандарына қарамастан мекемелердiң, ұйымдар мен оқу орындардың басшылары, пәтер иелерi кооперативi басшылары әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясынан өтуге қажеттi мезгiлге жұмыстан (оқудан) босатсын, әскерге шақырылғандарды iссапардан, еңбек демалысынан керi шақыртып алсын және де әскери-есеп столдары бастықтарының немесе кадр бөлiмi өкiлiнiң басшылығымен олардың шақыру учаскесiне уақтылы келуiн қамтамасыз етілсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық iшкi iстер басқармасы (С.Г.Шахманов):
Тармақша 1
1) анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан әскерге шақырылғандар туралы қажеттi мәлiметтердi уақтылы табыс етсiн;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасындағы тәртiптi қамтамасыз ету ушiн Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық, сондай-ақ Маңғыстау облысының аудандық және қалалық әскери комиссариаттардың өтiнiмдерi бойынша облыстық жинақтау пунктiне аудандық, қалалық әскери комиссариаттардың шақыру учаскелерiне, Маңғышлақ станциясының темiр жол вокзалына, сонымен қатар әскерге шақырылған командаларын алып жүретiн автобустарға полиция жасағы мен жол полициясының автомашиналарын, қажеттi сандағы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн бөлінсiн.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаментiнiң директоры (Т.Г.Iдрiсов) жетi күн мерзiм iшiнде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 1977-1986 жылдары туған, мүгедек деп танылған әскерге шақырылғандардың тiзiм Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық әскери комиссариатқа табыс етсiн.
Тармақ 8
8. Батыс-Қазақстан темiр жолы Маңғышлақ станциясының, Шетпе, Бейнеу темiр жол станцияларының вокзал бастықтары, тиiстi әскери комиссариаттардың өтiнiмдерi бойынша, әскерге шақырылғандарды қалалар мен аудандардан облыстық жинақтау пунктiне және облыс орталығынан керi қарай тасымалдау үшiн орындарды уақытылы брондарды қамтамасыз етілсiн.
Тармақ 9
9. Облыстық спорт және дене мәдениетi басқармасы (А.А.Драч) "Арман" Облыстық жастар орталығы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының директорымен (Н.Б.Баймұханов) бiрлесiп әскерге шақыру кезеңiнде әскерге шақырылған жастармен әскери-патриоттық және тәрбиелiк iс-шараларын ұйымдастыруға және оны өткiзуге белсендi қатысатын болсын.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы (Х.Х.Нұрғалиева) әскерге шақыруға байланысты шақырылушыларды әскери бөлiмшелерге жөнелтудi өткiзуге, әскери комиссариаттар мен облыстық, жинақтау пунктiн дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, шаруашылық мүлiктерiмен, автомобиль көлiгiмен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге байланысты жоғарыда көрсетiлген шараларды 2004 жылға арналған облыстық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды жүргiзсiн.
Тармақ 11
11. Облыстық телерадиокомпания (келісім бойынша), облыстық "Маңғыстау", "Огни Мангистау" облыстық газеттерiнiң редакциялары, әскерге шақырудың және жас ұрпақтың әскерге аттандырылуының барысын теледидарда, радио мен жергiлiктi баспасөзде жазып көрсетсiн.
Тармақ 12
12. Облыстық қалалары мен аудандарының әкiмдерi 2004 жылғы 10-шы сәуіріне дейiн азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы шешiмдер қабылдасын, және де:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылғандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қатарына шақыруды ұйымдастырсын және уақытылы жөнелтiлуiн қамтамасыз етілсiн;
Тармақша 2
2) әскери комиссариаттарды жабдықталынған шақыру пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiктерiмен, автомобиль көлiгiмен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi адамдардың қажеттi саны бөлінсiн;
Тармақша 3
3) атап көрсетiлген iс-шараларды орындауға байланысты шығындарды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылсын.
Тармақ 13
13. Маңғыстау облыстық әскери комиссар (Б.А.Қалиев - келісім бойынша), осы шешiмнiң орындалысы туралы ақпарат хабар 2004 жылғы шілденің 10-шы жұлдызына табыс етiлсін.
Тармақ 14
14. Облыс әкiмiнiң "2003 жылдың қараша-желтоқсан айларында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 28 тамыз 2003 жылғы № 109 шешімінің күшi жойылған деп саналсын.
Тармақ 15
15. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсін.