2003 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылға коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұскаулықты
бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімиятының 2004.02.02 N 2/1 қаулысымен.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңының 20 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес, және жұмыссыздардың жұмыстылықпен уақытша қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. 2003 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Нұскаулық бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық қаржы бөлімі (Надежда Антоновна Есипова) 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық жұмыстарды көзделген қаржы шегінде жалпы сомасы 6462,0 мың теңгемен қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (Надежда Григорьевна Алексеева) ұйым басшыларымен уақытша шарт жасауын және жұмыссыздарды олардың келісімімен ұйымдарға берілген тапсырысына келісті бағытталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Бұкар жырау ауданы әкімиятының 2002 жылдың 7 қазанындағы № 11/5 «2002 жылға коғамдык жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп табылсын.
Тармақ 5
5. Осы каулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Шайза Молдабекқызы Түсіпбаеваға жүктелсін.
Басқа 6. 2003 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
нұсқаулық
Бұқар жырау ауданы әкімиятының
«2003 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты
бекіту туралы»
2003 жылғы 22.02 № 3/9
қаулысымен бекітілген
2003 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы 2003 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Нұсқаулық «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес, төлем ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін белгілеуге сәйкес әзірленген.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға жұмыстылық қызметінде тіркеу күніне сәйкес кезек тәртібінде тіркелген жұмыссыздардың құқығы бар.
Тармақ 3
3. Мақсатты топқа кірісті жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басымды құқығы бар.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар жұмыс берушілер тапсырысы бойынша ұйымдастырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға бағыттауын еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Жұмыс беруші және аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің арасында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө әлеуметтік қорғау «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысын іске асыру туралы» бұйрығымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды жүргізуге , арналған типтік келісімі жасалады.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстар түрлері
4. Қоғамдық жұмыстар түрлері
Тармақ 7
7. Төмендегідей қоғамдық жұмыстар түрлері қарастырылады:
Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға мемлекеттік атаулы көмекті тағайындауына құжаттар ресімдеу және халық арасында түсінік беру жұмыстарын жүргізу.
Халыққа дәрігерлік-әлеуметтік және тұрмыстық қызмет көрсету.
Жалғыз басты мүгедектерге және егде азаматтарға әлеуметтік көмекті үйінде көрсету.
Аумақты көгалдандыру және көркейту.
Салық төлемін жинау.
Әлеуметті-мәдени объектілерін құру, күрделі жөндеу және қайта құруына қатысу.
Кент және селолық округтерде кәмелетке толмағандармен, «қиын» жасөспірімдермен жұмыстар ұйымдастыру.
Жастармен сау өмірлік бейнесін насихаттау бойынша, кент және селолық округтерде денешынықтыру мен спорт жұмыстарын ұйымдастыру.
Тарау 5. 5. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі.
5. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі.
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстар мынадай ұйымдарда өткізіледі:
Аудан әкімі аппараты.
Кент және селолық округ әкімдер аппараты.
Аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі.
Аудаңдық білім беру бөлімі.
Бұқар жырау ауданының салық комитеті.
Тарау 6. 6. Қоғамдық жұмыстар түрлері бойынша жұмыстар көлемі
6. Қоғамдық жұмыстар түрлері бойынша жұмыстар көлемі
Тармақ 9
9. Аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік атаулы көмек тағайындау үшін құжаттар дайындау және халық арасында қолданысты заңнама актілері бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізу үшін – сомасы 800,0 мың теңге.
Тармақ 10
10. Халыққа дәрігерлік-әлеуметтік және тұрмыстық қызмет көрсету – сомасы 1260,0 мың теңге.
Тармақ 11
11. Жалғыз басты мүгедектерге, егде азаматтарға үйінде әлеуметтік қызмет көрсету – 840,0 мың теңге.
Тармақ 12
12. Аумақты көгалдандыру және көркейту – сомасы 1357,0 мың теңге.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік-мәдени объектілерін құру, күрделі жөндеу және қайта құруына қатысу – сомасы 375,0 мың теңге.
Тармақ 14
14. Салық төлемін жинау – сомасы 840,0 мың теңге.
Тармақ 15
15. Кент және селолық округтерде кәмелетке толмағандармен, «қиын» жасөспірімдермен жұмыстар ұйымдастыру – сомасы 660,0 мың теңге.
Тармақ 16
16. Жастармен сау өмірлік бейнесін насихаттау бойьшша, кент және селолық округтерде денешынықтыру мен спорт жұмыстарын ұйымдастыру –330,0 мың теңге.
Тарау 7. 7. Қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі
Тармақ 17
17. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі ұйым басшыларымен келісілген шарт бойынша қоғамдық жұмыстың орындалуымен белгілінеді, бірақ 10 айдан аспайды.
Тарау 8. 8. Жұмыс уақытының ұзақтығы
8. Жұмыс уақытының ұзақтығы
Тармақ 18
18. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы тұлғаларға жұмыс уақытының ұзақтығы бес күндік жұмыс аптасы жанында 30 сағат аптасына (6 сағат күніне).
Тарау 9. 9. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбек төлемі
9. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбек төлемі
Тармақ 19
19. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының «2003 жылға арналған рерпубликалық бюджет туралы» Заңымен бекітілген төменгі жалақы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың жалақысына заңнамасы белгіленген тәртіп бойынша салық салынады.
Тарау 10. 10. Қоғамдық жұмыстардың қаржыландыру тәртібі және түпнұсқалары.
10. Қоғамдық жұмыстардың қаржыландыру тәртібі және түпнұсқалары.
Тармақ 21
21. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты арқылы ұйымдастырылады.
Тармақ 22
22. Әр айдың 25 күні жұмыс берушілер еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне орындалған жұмыс актісімен қоғамдық жұмыстарға қатысушы тұлғалардың жұмыс уақытының есеп табелін табыс етеді.
Тармақ 23
23. Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі жалақының есептелуін тапсырылған акті мен жұмыс уақытының есеп табелін табыс етеді.
Тармақ 24
24. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын тұлғаларға жалақыны төлеуге құрылған мұқтаждық аудандық қаржы бөліміне ұсынылады.
Тарау 11. 11. Есеп жүргізу және есеп берушілік.
11. Есеп жүргізу және есеп берушілік.
Тармақ 25
25. Қоғамдық жұмыстар ұйымының есеп жүргізуіне және есеп берушілігіне аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне жүктеледі.
Тарау 12. 12. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібіне бақылау.
12. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібіне бақылау.
Тармақ 26
26. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және бақылау жасау белгіленген заңнамасы тәртібіне сәйкес мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.