2004 жылғы 1 маусымдағы № 6-1 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту» туралы № 2703 Мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
2004 жылғы 1 маусымдағы № 6-1 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту» туралы № 2703 Мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 27.03.2007 г. № 31-2 (2004 жылғы 1 маусымдағы № 6-1 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту» туралы № 2703 Мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Жаңақала аудандық Мәслихатының 2004 жылғы 1 маусымдағы № 6-1 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ережесін бекіту» шешімімен бекітілген Ережеге «2004 жылдың 28 маусымдағы № 2703 тіркелген) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Аталған ереже 1-тармақшасымен толықтырылсын: «Тұрғын үй жәрдемақысын, электр, су, газ, жылу энергиясы, канализация, қоқыс шығару, аудандық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметі сияқты тұрғын үйді ұстау және коммуналдық пайдаланудың шығындары үшін төленуі».
2. 2 – тармақтағы «мүгедектермен оған қатысушылары» деген сөздерден кейін «және жұмыссыз санатындағы 50 жастан асқан әйелдер мен 55 жастан асқан ерлер, І-ІІ-ІІІ – топ мүгедектері үшін 15 пайыз» деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы шешім аудандық Әділет басқармасынан тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.