Тасқала аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қарашадағы №9-6 «Тасқала ауданы бойынша табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібінің Ережесі» туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысын ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тасқала аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қарашадағы №9-6 «Тасқала ауданы бойынша табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібінің Ережесі» туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 22.05.2007 г. № 28-16 (Тасқала аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қарашадағы №9-6 «Тасқала ауданы бойынша табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібінің Ережесі» туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Тасқала аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қарашадағы №9-6 «Тасқала ауданы бойынша табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібінің Ережесі» туралы шешіміне ( тіркеу № 2810, 2005 жылғы 7 қаңтарда аудандық «Екпін» газетінің №2 нөмірінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Тасқала ауданы бойынша табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережесі» (бұдан былай -Ереже) деп ауыстырылсын.
2) 1 тармағындағы «кедейшілік шегінен төмен тұрмыс шегіп отырған» деген сөздер.
3) 2 тармағы мынандай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат алған және тұрақты тұратын адамдарға беріледі.»
Тұрғын үй көмегі - өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы және тұрғын үй - коммуналдық қызметтерін тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үйді ұстау және тұрғын үй –коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу шығындары үлесінен асып кететін жағдайда беріледі.
Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану ақысын төлеудің шекті шығын көлемі келесідей болып белгіленсін: тұл жетім балалар үшін 15 % көлемінде, басқа санаттағылар үшін 30 %»
4) 3 тармағы мынандай редакцияда жазылсын:
«ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, Ұйы Отан соғысында қайтыс болған азаматтардың қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне тұрғын үй көмегі жылына бір рет 15,0 мың теңге көлемінде көрсетіледі. Тұрғын көмегі негізгі пәтер жалдаушы немесе пәтер иесі болсын, ҰОС мүгедегіне немесе қатысушыға төленеді».
5) 6 тармағы мынандай мазмұндағы 6.1 тармақшамен толықтырылсын:
«Тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар енеді: газ пайдалану шығындары, электр, су, канализациямен қамтамасыз ету; егер жайлы пәтерлерде канализация болмайтын болса, ағын суларды шығару есепке алынады.»
6) 7 тармағы «баланы бағып отырған тұлғалардан» деген сөздерден кейін «күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаға, туберкулезбен ауыратын азаматтарға, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік -кеңестік комиссияның қорытындысы бар психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған өзін -өзі жұмыспен қамтылған тұлғалардан, зейнеткерлерден» деген сөздермен толықтырылсын.
7) 11 тармағы «бар -жоғы жөніндегі анықтама» деген сөздерден кейін «ҰОС катысушысы немесе мүгедегі куәлігі және жалпы аурудан мүгедекті күтімін заңдылығын куәландыратын құжат» деген сөздермен толықтырылсын.
Мынандай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істеріне Қазақстан Республикасы заңнамаларында тікелей көрсетілгендерден басқа төлем құжаттары тіркелмеуі керек».
2. Осы шешім аудандық «Екпін» газетінің (директор-редакторы С.Ашығалиев) бір нөмерінде жариялансын.
3. Осы шешім аудандық Әділет басқармасынан тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.