Областық Әділет департаментінде 2004 жылы 16 қантарда 1596-нөмірмен тіркелген "Жанаөзен қаласында көріктендіру, аумақтарды санитарлық тазарту, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелері туралы" қалалық Мәслихаттың 2003жылғы 24 желтоқсандағы № 3/24 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Областық Әділет департаментінде 2004 жылы 16 қантарда 1596-нөмірмен тіркелген "Жанаөзен қаласында көріктендіру, аумақтарды санитарлық тазарту, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелері туралы" қалалық Мәслихаттың 2003жылғы 24 желтоқсандағы № 3/24 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетгік басқару” заңының 6- бабы 1 -тармағының 1)-тармақшасына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: «Жаңаөзен қаласында көріктендіру, аумақгарды санитарлық тазарту, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелері туралы» (Облыстық Әділет департаментінде 2004 жылы 16 қаңтарда 1596-нөмірмен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2004 жылғы 25 наурыздағы 13-14 нөмірінде жарияланған) Жаңаөзен қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 3/24 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Аталған шешіммен бекітілген Жаңаөзен қаласында көріктендіру, аумақтарды санитарлық тазарту, желектерді күтіп ұстау және қорғау ережесінің тақырыбындағы „ереже” сөзі „қағида” сөзімен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. 8 тараудан кейін мынадай 8А тараумен толықтырылсын: «8А-тарау. Осы ереженің тыйым салынған іс-әрекеттері. 45-1. Мыналарға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) көшелерде, тротуарларда, газондарда, қоқыс салғыштарда (контейнерлерде) сондай-ақ үйлердің фасадтарында агаш, көмір, пішен, сабан, улы химикаттар, металл сынықтарын, минералды тыңайтқыштар және басқа да материалдарды жинауға;
Тармақша 2
2) балкондардың (лоджиялардың) сыртына жуылған кір, кілем, матрацтарды жаюга және оларды қоқыстарды шашуға;
Тармақша 3
3) көшелердің өтетін, адамдар жүретін бөлігіне, құрылыстан бос аймақтарға, теңізжағалауна, көшеттер аумағына және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерге қоқыстар, тұрмыс қалдықтарын темекінің тұқылы, бөтелкелерді, қағаздарды) лақтыруға;
Тармақша 4
4) тұрғын үйлер жанында санаториялар, аймағында көлік құралдарын жууға, кір жууға жанауарларды шомылдыруға;
Тармақша 5
5) жолдың және тротуарлардың адамдар жүретін бөлігінде қоршалмаган газ люктерінің, канализацияға, су құбырына, жаңбыр суына арналған жаңбыр құдықтардың қақпағын ашық тастауға болмайды;
Тармақша 6
6) көшелерде, бақшаларда, саяжайларда, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерде мал бағуға, айдауға, құс бағуға;
Тармақша 7
7) иттерді қыдыртуға арналған аумақтан басқа жерге қыдыртуға, итгің қиын тазаламай кетуге;
Тармақша 8
8) қаланың көшелерімен трактор табанды көліктің жүруіне;
Тармақша 9
9) ортақ қолданыстағы жасыл көшеттер аумағында көкөніс және ауылшаруашылық дақылдарын егуге;
Тармақша 10
10) сусымалы және сұйық жүктерді автомашиналарда, ақаулы астауларда, жабдықталмаған тіркеулерде бетін жаппвй тасуға;
Тармақша 11
11) жерге байланысты жұмыстарды жүргізгенде құрылғыларды (жол төселімдері, бордюрлер қоршаулар, люктер, құдыктар, су ағатын торлар, лотоктар, кювейттер, су ағар құбылар, дренаждар т.т),жасыл көшеттерді бүлдіруге, сондай-ақ оларды құммен көмуге;
Тармақша 12
12) жылу, сумен қамту және канализация жүйелерінің ақауын жөндеу жөніндегі авариялық жұмыстарды жүргізген шақта суды тротуарларға, газондарға, көшенің адамдар жүретін бөлігі төгуге;
Тармақша 13
13) кәсіпорындардың, ұйымдардың аумақгарында көшелерде, газондарда, тұрғын шағынаудандарында жеке меншік учаскелерде қоқыстарды, жапырақгарды өртеуге;
Тармақша 45-2
45-2. Жасыл көшеттер өсіп тұрған аумақта мыналарға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) газондардың үстінде жүруге, жасыл желектерді сындыруға, үзуге, кесуге;
Тармақша 2
2) жолды тазалау максатында тұз, жасыл көшеттерге зиянды басқа да заттарды қолдануға;
Тармақша 3
3) көліктермен мотоциклдермен, велосипедтермен және басқа да көлік құралдарымен (арнайы көліктерден басқа) жүруге;
Тармақша 4
4) газондардың жанында жолаушы көлігінің аялдамасын белгілеуге, от жағуға және басқа карсы да өртке қарсы ережелерді бұзуға;
Тармақша 5
5) ағаштарға электр сымдарын басқада сымдарды әлпеншектерді ілуге;
Тармақша 6
6) тиісті қызметтермен келіспей, ағаштарды кесу ережелерін сақтамай, белгіленген агрономиялық мерзімнен басқа кезде, ағаштарды тегістеп кесуге;
Тармақша 7
7) тиісті қызмет жасаушы ұйымдармен келіспей өз еркімен ағаштарды, бұталарды шабуға;
Тармақша 8
8) пәтерлерден және үй иелігінен тысқары жерлерде өз бетімен қоршау жасауға.
Тармақша 45-3
45-3. Белгіленген орындардан басқа жерлерге хабарландырулар, жарнамалар, үндеухаттар және т.с.с. жапсыруға, сондай-ақ көшелердің көлік және жүргіншілер жүретін бөлігін ластауға, құрылыс жүргізілмеген бос аумақтарды және жалпы пайдаланылатын басқа да жерлерге қоқыстар тастауға тыйым салынады.»
Тармақ 3
3. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді.