Жәнібек ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 ақпандағы "2004-2006 жылдарға арналған Жәнібек ауданын көгалдандыру жөніндегі шаралар туралы" №25 қаулысына (мемлекеттік тіркеу №2541) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жәнібек ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 ақпандағы "2004-2006 жылдарға арналған Жәнібек ауданын көгалдандыру жөніндегі шаралар туралы" №25 қаулысына (мемлекеттік тіркеу №2541) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2004 жылғы 16 ақпандағы Жәнібек ауданы әкімдігінің «2004-2006 жылдарға арналған Жәнібек ауданын көгалдандыру жөніндегі шаралар туралы» № 25 қаулысына (Батыс Қазақстан облыстық департаментінде 2004 жылғы 4 наурызда мемлекеттік тіркеу №2541 болып тіркелген, Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінде 2004 жылғы 4 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Қаулының кіріспесінен «Қазақстан Республикасының Орман Кодексін», «Заңын», «жол бойындағы орман белдеулерін қалпына келтіру, ормандарды қорғау және сақтау мақсатында» деген сөздер алып тасталынып, мынадай жаңа мазмұнда оқылсын: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»
Тармақ 2
2. Қаулының 2 тармағының 1) тармақшасында «орман белдеулерін» деген сөздер алып тасталынып, «отырғызылған көшеттерді» деген сөздерімен ауыстырылсын.