Кентау қалалық мәслихатының 2004 жылғы 16 тамыздағы № 50 «Кентау қаласындагы ойын бизнесі акцизінің ставкасын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Кентау қалалық мәслихатының 2004 жылғы 16 тамыздағы № 50 «Кентау қаласындағы ойын бизнесі акцизінің ставкасын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 257-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына, 258-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы №137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
Тармақ 1
1. Кентау қалалық мәслихатының 2004 жылғы 16 тамыздағы №50 «Кентау қаласындағы ойын бизнесі акцизінің ставкасын белгілеу туралы» шешіміне (Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 2004 жылғы 21 қыркүйекте №1485 тіркелген, 2004 жылғы 23 қазанда «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған, 2005 жылғы 14 ақпандағы №100 шешімімен өзгерістер енгізілген) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің 1-тармағындағы «бес», «алпыс» деген сөздер тиісінше «он екі», «сексен» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Кентау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.